Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру. Ой – өрісін, тілін дамыту. Жылдың төрт мезгілін айыра білу.
Балалардың қолдарында жапырақтар. Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін «Балдәурен» шағын орталық тобындағы «Сиқыршы алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Армысыздар, халайық, Бармысыздар халайық! Күзгі тойды жұп жазбай, Келіңдер қарсы алайық! - Қараңдаршы, бүгін біздің тобымыз қандай әдемі болып кеткен. Қолымызға не ұстап келдік? - Жапырақтар. - Осы жапырақтардың түсі қандай? - Сары. (Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы) - Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді) Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сыйқырлы алтын күз 2016ж»
Тақырыбы: «Сыйқырлы күз» Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру. Ой – өрісін, тілін дамыту. Жылдың төрт мезгілін айыра білу.
Балалардың қолдарында жапырақтар. Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін «Балдәурен» шағын орталық тобындағы «Сиқыршы алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Армысыздар, халайық, Бармысыздар халайық! Күзгі тойды жұп жазбай, Келіңдер қарсы алайық! - Қараңдаршы, бүгін біздің тобымыз қандай әдемі болып кеткен. Қолымызға не ұстап келдік? - Жапырақтар. - Осы жапырақтардың түсі қандай? - Сары. (Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы) - Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді) Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе! Күз ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам армысың, Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр, Алмақ болып бар халқымның алғысын. Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет! Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Ағайынды бәрі, Шықса – жасыл, Түссе – сары. Бұл не? Балалар: Жапырақ Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар. Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз. Ән: «Күзгі жапырақтар» Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар.
1-сұрақ: Жылдың неше мезгілі бар?
2-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша ) Тәрбиеші: Ендеше ортаға күз айларын шақырайық. 1-бала: Аяулым (Қыркүйек) Бірінші қыркүйек Білімге бастады. Мал мен аң жүр билеп, Құс шарлап аспанды. 2-бала: Ұлмекен (Қазан) Жаңартқан ғаламды Жаңбырлы ғажап ай Осынау заманды Орнатқан қазан ай. 3-бала: Данияр (Қараша)
Мол байлық тергені Шаттығы қаншалық. Қарашы, өрледі Қараша ән салып. Тәрбиеші: Мінеки, балалар күз айларымен таныстыңдар. Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса: Сәбіз, пияз, қияр, картоп, Бұршақ, асқабақ, қызылша, Қызанақ, орамжапыраққа қарашы. Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты. Назерке: Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз? 4-бала: Таиржан (Бұршақ) Кішкене түймедеймін мен Ұнаймын мен бәріне Дәмді тағамдарымен Сый жасаймын бәріңе! 5-бала: Айдана (Қызылша) Мен де бір сөз айтайын Мақтанайын сіздерге. Менсіз борщ болмайды Винегрет те үстелде.
6-бала: Самрат (Орамжапырақ) Мақтанғаннан не пайда? Менсіз дәмді щи қайда? Мені қосса самсаға, Бәрі жейді тамсана. 7-бала: Жания (Қияр) Дәмім тілді үйірген Мен тұздалған күйімде! Жаңа піскен кезімде Жейді бәрі сүйсіне! 8-бала: Бекжан (Шалқан) Кім білмейді шалқанды? Талайлар маған таң қалды. Бәріне сый боламын Тауып көр менен дарханды. 9-бала: Күмісай (Сәбіз) Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар Кем болмайды күшке де! 10-бала: Сұлтан (Асқабақ) Өсем бақша-бауында Қатты ұқсаймын қауынға Жемек болып шикідей Күлкі болмай қауымға. 11-бала: Смагулова Диляра (Қызанақ) Піскен кезде қызанақ Көз тартар қызыл түсімен Бар ма адам сүйсінбей, Томат шырын ішпеген? 12-бала: Дамир (Пияз) Боламын мен дәмдеуші Барлық-барлық тағамға Көкөністер ішінен Мен пайдалы адамға. 13-бала: Алпамыс (Картоп) Мен ұялшақ картоппын Мен емеспін мақтанар Мені жақсы көреді Үлкендер мен балалар. Бос айтысты қояйық, Дауласуды тоқтатайық!
Тәрбиеші: Көкөністер бәріде Денсаулыққа пайдалы Мұны жақсы біліңдер, Оларды жақсы көріңдер Өлең: «Күз келгенде» Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма? Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен. Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды. Ойын: «Кім жылдам?» Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз. Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар. Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу. 2-тапсырма:
1.Жазда інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні Құйрығынан суырып, Әкелді әжем бір күні.
Бұл не?(Сәбіз) 2. Жайлы, жұмсақ төсегім, Домаланып өсемін Қабат-қабат тоным бар Қалай оны шешемін. Бұл не? (Орамжапырақ) 3. Қалың киім ұнатады, Шешіндірсең жылатады. Бұл не?(Пияз) 4. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс) Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!Жұмбақты да шеше аласыңдар. Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. «Ұйқасын тап» ойыны ойнайық. Ойын: «Ұйқасын тап» 1. Пісетін кезі дәл күзде Мезгілсіз оны үзбе. Аузыңнан кетпес бал дәмі Оның аты-(шабдалы) 2. Кіп-кішкене болса да, Ағаштың басын иеді. Жемістерін айырып, Танисың ба...?(шиені) 3. Жапырақты тасалап, Өсетін жері- бақша-бақ. Күрең қызыл шіркін-ай, Оның аты....(таңқұрай) Тәрбиеші: Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға Шақырады біздерді. Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.) 14-бала: Айша (Алмұрт) Мен алмұртпын, алмұртпын, Аузындамын бар жұрттын. 15-бала: Ерназ (Алма) Мен алмамын, алмамын, Таңдай жұлар бар дәмім. 16-бала: Саметова Диляра (Анар) Бұтақтан үзілген Жарылса анармын Моншақтай тізілген, Дәндерін аламын. 17-бала: Сымбат (Жүзім) Мен жүзіммін, жүзіммін Моншақ болып тізілдім. 18-бала: Мирас (Өрік) Өрікпін, мен өрікпін, Бау-бақшаға көрікпін Баптап мені күткен соң, Талды бойлап өріппін. 19-бала: Амина (Шие) Мен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Төмен бас иемін. Күз ханшайымы:-Өте тамаша,балалар!Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Бұл ойын «Қай жеміс?» деп аталады.Көздеріңді жұмып,жемісті жеп,қай жеміс екенін айтасыңдар.(Бір ыдыста туралған әр түрлі жемістер) Тәрбиеші:-Енді,Күз ханшайымның үшінші тапсырмасын орындайық. «Мақал- мәтелді жалғастыр» 1.Еңбек түбі-------------------- 2.Еңбек етсең ерінбей-------------------- 3.Адам жерге нәр береді,Жер адамға----------------
Тәрбиеші: Бидай, арпа, тары бар, Сұлы, күріш бәрі бар. Әне жырлап барады, Әнге құлақ салыңдар. (Ортаға әуенмен дақылдар шығады.) 20-бала: Ерасыл (Бидай) Нан анасы бидаймын, Елге астық сыйлаймын. Дәнім толып піскенде, Қауызыма сыймаймын. 21-бала: (Арпа) Күміс мұртты арпамын, Ырыс-құтты арпамын. Еңбек етіп баптаған, Еліме сый тартамын. 22-бала: Тимур (Тары) Ақ, қарамын, сарымын, Мен өнімді тарымын. Халқым еңбек сіңірсе, Қайтарамын қарызын. 23-бала: Жеңіс (Сұлы) Мен сұлымын, ұланның, Тұлпарына ұнадым. Баптаған әр диқанға, Басымды иіп тұрамын. 24-бала: Темирлан (Күріш) Күнді сүйген күрішпін, Күллі жұртқа ырыспын. Алсын деп ел мол өнім, Ала жаздай су іштім. Тәрбиеші: Дақылдар, сендерге көп рахмет! Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін. Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз. Күз ханшайымы: Берекелі бақ дәулет Артта түссін тойланып. Сау болыңдар, балалар, Келгенше жыл айланып.
(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді) Қош бол,Күз ханшайымы. Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне, балалар осымен «Сиқыршы күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.
Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі беріледі.
Мемлекеттік тілде оқытытын Заречный орта мектебі КММ