kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сы??ырла ?о?ырау

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 ?ырк?йек «Сы??ырла к?міс ?о?ырау»

мерекесіне арнал?ан салтанатты жиын

1-ж.: (Музыка ?уені) ?айырлы к?н, ??рметті ?она?тар, ?адірлі ата-аналар!

2-ж.: Бармысыздар, жайна?ан жазды? ?ызы?ты думанын ?ткізіп, алтын ?я мектебіне орал?ан о?ушылар!

1-ж.:

?ырк?йекті? бірі ?ой, міне б?гін,

??тты болсын, достарым, білім к?ні?!

Білім іздеп келгендер ал?а басып,

Шары?тасын аспанда шатты? ?ні?.

2-ж.:

Білімні? к?зі-мектебім,

Жар?ыра?ан к?нмен те?.

Сы??ырла?ан ?о?ырау,

Си?ырлы, сырлы ?нмен те?.

 1-ж.:   Елімізге, ?о?ам?а дені сау, рухы биік, м?дени ?рісі ке?, ту?ан еліні? тарихын, тілін дамытатын жас ?рпа? б?гін мектеп табалдыры?ын атта?алы отыр?ан б?лдіршіндеріміз ортамызда. Б?л к?н оларды? есінде м??гі ?алары ?а?!

?аза?стан Республикасыны? Туын енгізу.

  1-ж.: ??рметті ?она?тар, ?стаздар, мектеп о?ушылары «Сы??ырла к?міс ?о?ырау» мерекесіне арнал?ан салтанатты жиынымызды ашы? деп жариялаймыз! 

(?н?ран орындалады)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сы??ырла ?о?ырау »


1 қыркүйек «Сыңғырла күміс қоңырау»

мерекесіне арналған салтанатты жиын


1-ж.: (Музыка әуені) Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қадірлі ата-аналар!

2-ж.: Бармысыздар, жайнаған жаздың қызықты думанын өткізіп, алтын ұя мектебіне оралған оқушылар!

1-ж.:

Қыркүйектің бірі ғой, міне бүгін,

Құтты болсын, достарым, білім күнің!

Білім іздеп келгендер алға басып,

Шарықтасын аспанда шаттық үнің.

2-ж.:

Білімнің көзі-мектебім,

Жарқыраған күнмен тең.

Сыңғырлаған қоңырау,

Сиқырлы, сырлы үнмен тең.

 1-ж.:   Елімізге, қоғамға дені сау, рухы биік, мәдени өрісі кең, туған елінің тарихын, тілін дамытатын жас ұрпақ бүгін мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндеріміз ортамызда. Бұл күн олардың есінде мәңгі қалары қақ!

Қазақстан Республикасының Туын енгізу.

  1-ж.: Құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылары «Сыңғырла күміс қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! 

(Әнұран орындалады)

  1-ж.: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күні туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын тәуелсіздік

Ғасырдың тойы болшы келе берер

2-ж.: Сонымен тоғызыншы және бірінші сынып оқушыларын қарсы алайық.


2-ж.: Алғашқы қоңырау мерекесіне келген қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1. Аудандық маслихат депутаты Байзақов Қонарбай Халықұлы

2.  «Бірлік –Астық » ЖШС басқармасы Сыздықов Берік Жараспайұлы

 ІІІ. Құттықтау сөздер.

1-ж.: Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің директоры Бейсенбаев Серғазы Ермекұлына беріледі.

 2-ж.: Құттықтау сөз кезегін қонақтарға ұсынамыз.

1. Аудандық маслихат депутаты Байзақов Қонарбай Халықұлына беріледі

2.  «Бірлік –Астық » ЖШС басқармасы Сыздықов Берік Жараспайұлына беріледі.



1-ж.: Құрметті  мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршін! Сіз енді 1 сынып оқушысы болдыңыз. Білім нәрімен сусындайтын «Мектеп» әлеміне қош келдіңіз! Сөз кезегін өздеріңізге ұсынамыз.

(1 сынып оқушылары өз бағдарламалары бойынша өткізеді)


2-ж.:                    Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

                            Құшақ жайып шәкірттерін қарсы алды.

                            Өздеріңе жүрекжарды сөз айтып,

                            Құттықтайды 9-сынып баршаңды.

 9-сынып оқушысы:             Оқыған әпке, ағаңыз,

                                             Қадірлі мектеп – бұл мектеп.

                                             Сендердей біз де болғанбыз,

                                             Есейдік, міне, қараңыз.

                                             Құт болып алғаш қадамың,

                                             Жағарсың білім шырағын.

                                             Биылғы жыл ерекше,

«Қазақ биі» Абилдина Альфия

                                             Ұғарсың оның шын мәнін.         

 9-сынып оқушысы:        Құттықтап білім күнімен,

                                           Сыйланар сізге әліппе.

                                           Бар білімнің бастауы,

                                           Қадірлеп оны дәріпте.


«Испан биі» Нурмуканова Турсын

(Музыка әуенімен 9-сынып оқушылары сыйлықтарын  1-сыныптарға сыйлайды)


1-ж.:

Шәкірт жолын ашатын

Ұстаз деген мықты бар.

Жақсы ұстазға кездескен

Толып жатыр мықтылар

Ұстаздар атынан құттықтау сөз  Хамитова Жания Замиқызына беріледі.

2-ж.:

«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай келесі құттықтау сөзді   ата-аналар атынан Баймуханова Маржан апамызға ұсынамыз.

1-ж.:

Шақырады мектепке

Сыңғыр-сыңғыр қоңырау.

Сыңғырымен тәртіпке

Бағындырар қоңырау.

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 9-сынып оқушысы, Сапаров Нұрбекпен 1-сынып оқушысы Серікпай Алуа  беріледі.

2-ж.: Қымбатты мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршін! Қадамдарыңа гүл бітсін. Егеменді еліміздің рухы биік, саналы да білімді азаматы болуларыңызға тілектеспіз!

  

Қазақстан Республикасының туы шығарылуы.


1-қыркүйек - Білім күніне орай ашық сынып сағаттары өтеді.

 

1-ж.: Қадірлі ұстаздар мен мектеп оқушылары! Білім күні мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа оқу жылында сіздерге тек қана шығармашылық табыс, жемісті еңбек тілейміз!

2-ж.:

Қымбатты мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1- сынып оқушылары! Сіздерді мектеп төріне шақырамыз.

 

1-ж.: Құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылары «Сыңғырла күміс қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

2-ж.: Қош сау болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сы??ырла ?о?ырау

Автор: Кабдулкалыков Жаксыбай Мейрамович

Дата: 11.09.2015

Номер свидетельства: 230098


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства