К?рген емес еш?ашанда суынып.-деп бастауыштан орта буын?а ауыс?алы отыр?ан 4 сынып о?ушыларын ??рметпен орта?а ша?ырамыз.?арсы алы?ыздар!
2-ж?ргізуші:
4-сынып жетекшісі ?жікеева А?сак?л Ахатай?ызы жо?ары білімді І-санатты м??алім, жас ?рпа?ты білім н?рімен сусындатып т?рбиелеуде е?бегі к?п сі?ген ?стаз.
2-ж?ргізуші:
Білімні? себет??ын с?з шырынын,
Те?еуі бар ма екен с?з сыры?ны?.
??сатам ?стаздарды ?з анама,
Алмайтын бір минутта к?з шырымын,-дей отыра,4-сынып о?ушыларымен, сынып жетекшісі ?жікеева А?сак?л Ахатай?ызына с?з кезегі беріледі.
1-ж?ргізуші
Ж?удіреп ж?уте?деген ?ос жанары,
?рлетті? а? та?дар?а жас баланы.
Адамзат а?ыл ойы парасаты,
?стаздарды? е?бегінен басталады.-демекші 9 сынып жетекшісі 2-ж?ргізуші:
Просмотр содержимого документа
««Сы??ырла, со??ы ?о?ырау!»»
«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
Би : «Қыздар биі»
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынға жиналған қауым..
2 – жүргізуші:
Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!Қиындығымен қызығы мол тағы бір оқу жылының аяқталғанын білдірген Соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз!
1 – жүргізуші:
Бұл күн- мектеп тарихында, 9 сынып түлектердің, сондай-ақ салтанатты жиынға қатысушы оқушылардың есінде мәңгі өшпейтін күн.
2-жүргізуші: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің жүректері лүпілдеп,мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып,бойы өсіп,бастауыш сыныбымен қоштасқалы отыр.
1-жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты жиынымыз 1 сыныптар, 4 сыныптар, 9 сыныптар үшін ерекше.
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді мәңгі есте сақтадым.
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып.-деп бастауыштан орта буынға ауысқалы отырған 4 сынып оқушыларын құрметпен ортаға шақырамыз.Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
4-сынып жетекшісі Өжікеева Аңсакүл Ахатайқызы жоғары білімді І-санатты мұғалім, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып тәрбиелеуде еңбегі көп сіңген ұстаз.
2-жүргізуші:
Білімнің себетұғын сөз шырынын,
Теңеуі бар ма екен сөз сырыңның.
Ұқсатам ұстаздарды өз анама,
Алмайтын бір минутта көз шырымын,-дей отыра,4-сынып оқушыларымен, сынып жетекшісі Өжікеева Аңсакүл Ахатайқызына сөз кезегі беріледі.
1-жүргізуші
Жәудіреп жәутеңдеген қос жанары,
Өрлеттің ақ таңдарға жас баланы.
Адамзат ақыл ойы парасаты,
Ұстаздардың еңбегінен басталады.-демекші 9 сынып жетекшісі 2-жүргізуші:
2015 – 2016 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызға тағы да қош келдіңіздер!
1 – жүргізуші
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.
2 – жүргізуші:
Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
1 – жүргізуші: Бүгінгі күні ардагер ұстаздарымыз да ортамызда:
2 – жүргізуші: Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста :
Бұл жыл-«Ұлы Отан соғысына 71жыл»
Бұл жыл – «Қазақ хандығына -550 жыл»
Бұл жыл- «Тәуелсіздігіміздің 25 жыл» толуымен ерекшелінбек
1 – жүргізуші:
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ,жанашыры жас ұрпақтың,
«Ұстаз»деген аяулы,ардақты адам.
Өмірде өшпейтін іс-балаға берілген білімің,мейірімің,қамқор пейілің.Ол –болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрін мәңгілік борышты ауырсынбай алып жүрген- мектеп басшысы: ... соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі беріледі.
1-жүргізуші:
Күмбірлей күй естілсе домбырадан,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған.
Ән:« »орындайтын аудандық «Күз аруы-2015» байқауына қатысып, «Парасатты ару»номинациясының иегері 6-сынып оқушысы Қалиева Ардақ.
2-жүргізуші:
Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат – күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз:
1-жүргізуші:
Жиынымыз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты
Мың бұралып бишіміз би билейді
Халайық қол соғыңыз мархаббатты, -
1 – жүргізуші:
Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп,
Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.
(1-сынып оқушыларының концерттік бағдарламасы)
2-жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,
1-жүргізуші:
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Тоғыз жыл сыныбы үшін жанын салған,
1– жүргізуші:
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім барі осында.
Өнерге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында – деп жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз.
9 сынып түлектеріне сөз кезегі беріледі.
1 – жүргізуші:
Алдарыңнан арман жолы ашылады
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен мектептің алтын кілтін
Ізбасар сыныпқа тапсырады, - деп,
Білімнің алтын кілтін келесі сыныпқа тапсырады.
1-жүргізуші:
Қадамыңа гүл бітсін,
Талабына нұр бітсін.
Өрден өрге құйғытқан,
2-жүргізуші:
Үздіктер шеруі-мектебіміздің мақтаныштарын ерекше қошеметтеп қояйық.
Ән: «Оқуда озат боламын» орындайтын аудандық «Таң жұлдызы» байқауының 3-орын иегері Орынбай Арман.
\Қоңырау соғылады, дүр – дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп тұрады\
1 – жүргізуші:
Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді – ау ерекше жүректерің.
2 – жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні... Балалық пен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні. Алғашқы қоңырау білімге шақырған күмбірге толы шаттық валсі болса,соңғы қоңырау 3 ай жазғы демалысты хабарлаған қуанышты үн.Тағы бір мектеп өмірінің оқу жылын тәмамдағанын білдіретін қоңырау үнін салтанатпен тыңдайық.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.
1 – жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт – сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін – дей келе,
Алдағы сынақтарды табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз.