Просмотр содержимого документа
«Сурет салу оқу қызметі»
Күні: 17.11.2016
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу қызметі: Сурет салу
Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян»
Мақсаты: Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру, дөңгелек және үлкен, кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ұзын құлақ сұр қоян
Көрнекіліктер: Қоянның суреті.
Мотивациялық – оятушылық.
Шаттық шеңберін жасату.
Қайырлы таң балалар
Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы.
Достығымыз жарасқан
Туыспыз біз бәріміз
Бір Отанды сүйеміз
Бақытты елде туған соң
Бақытты өмір сүреміз.
Ұйымдастырушылық ізденушілік.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
Жұмбақ жасыру.
Ұзын құлақты, жылдам аяқты, сәбізді жақсы көретін, ол не?
Суреттерді көрсете отырып балалардан қоянның қайда тіршілік ететіні, құлағы неге ұзын , қалай секіретіні жайлы мағлұмат беремін.
Сөздік жұмыс: сұр қоян. Қоян-заяц.
Балаларға қоянның суретін салуды ұсынамын. Қоянның дене мүшелерін, басын дөңгелек, денесін үлкен сопақша дөңгелек, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектермен сызып салуға болатынын көрсете отырып түсіндіремін. Үлгі бойынша қоянның суретін салғызамын. Әдемі болуы үшін сұр түсті қарындашпен бояймыз.
Сергіту сәті:
Қояным қояным,
Орныңнан тұра ғой.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Бетіңді жушы,
Қолыңды жушы,
Орныңда секірші!
Секір-секір-секір!
Рефлекстік түзету.
Балалардың қоянды әдемі салғандарын айтып мадақтау. Қол ұстасып, дөңгеленіп қоян жайлы тақпақтар айтқызу.