Тақырыбы: Сүйікті ойыншығым
|   Білім беру саласы:  |    Шығармашылық  |  
|   Бөлімі:  |    Сурет  |  
|   Тақырыбы:  |    Сүйікті ойыншығым  |  
|   Мақсаты:  |    Дөңгелек пішінді доп салып, үзік сызықтармен әшекйлеуді үйрету.  |  
|   Міндеттері:  |    1.Бояу, қылқаламмен салу әдіс - тәсілдерін бекіту; 2.Суреттерді бағалау, ең қызықты, әдемі суреттерді таңдауға үйрету; 3.Балаларды шыдамдылыққа, қарым-қатынасқа тәрбиелеу.  |  
|   Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:  |    Ақ түсті қағаз, гуашь, қылқалам, палитра,ойыншықтар, сүлгілер, су құйғыштар, үлгі.  |  
|   Кезеңдері  |    Тәрбиешінің іс-әрекеті  |    Баланың іс-әрекеті  |    
  |    
  |  
|   Мотивациялық-қозғаушылық  |    «Шаттық шеңбер » ойынын ұйымдастыру «Сүйікті ойыншығым»  |    Шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздер айтады. -Менің сүйіктім ойыншығым: Қоян, аю, т.б.  |  ||
|   Ұйымдастыру-іздестіру  |    «Ойыншық» сурет салу технологиясы: 1.Дөңгелек пішіндерді салғыздыру; 2. Дөңгелек үстінен түрлі сызықтар сызады. Сергіту сәтін ұйымдастыру: Мен қоян, қоянмын, Мен аю, аюмын, Машинаға бірге отырып, серуенге барамыз. 3.Пішіндерді түрлі түстермен бояту.  |    1.Әр бала өзінің ойыншығына байланысты пішінді салады. Дөңгелек пішінді салады. 2.Дөңгелек үстінен сызықтар сызады. Қоян, аюдың қимылын жасайды. 3.Балалар қалаған түсті гуашьпен бояйды.  |  ||
|   Рефлексивті-түзетушілік  |    Дайын суреттерді ортаға қойып бағалайды. - Ойыншықтың пішіні қандай? Түсі қандай?  |    -Пішіндерді атайды. -Түстерін атап шығады  |  
Күтілетін нәтиже:
|   Нені білу керек:  |    Сүйікті ойыншығын қағаз бетіне салып біледі.  |  
|   Нені игереді:  |    Дөңгелек пішінді доп салып, үзік сызықтармен әшекйлеуді игереді.  |  
|   Нені біледі:  |    Ойыншықтың пішіні, көлемі туралы біледі.  |  
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
        
	
    
                                    
                                    
                                    
                                    