Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Асханадағы ыдыс-аяқтар»
Мақсаты: Балаларға заттарды топтастыра суреттеуге үйрету, ыдыс – аяқ түрлерімен таныстыру.
Білімділік: Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру;
Дамытушылық:Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.
Тәрбиелілік:Балаларды қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ыдыс – аяқ,посуда, tableware
Пайдаланған технологиялар:дамыта-оқыту,тәй-тәй технологиясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиясы
Көрнекіліктер:ыдыс-аяқтардың суреттері,ойыншықтар
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
-Сәлеметсіңдер ме,балалар! -Көңіл-күйлерін қалай? -Сабаққа дайынбыз ба? -Жақсы,ендеше мен сендерге сәттілік тілеймін! Балалар,қазір бізде сөйлеуді дамыту сабағы,тақырыбымыз «Асханадағы ыдыс-аяқтар» деп аталады. Тосын сый:Топқа жылап мысық кіреді. -Балалар,бұл Мақта қыз ертегісіндегі мысық емес пе? -Мысық,сәлеметсің бе! Сен неге жылап тұрсың? -Мен жаңа үйде ойнап жүріп абайсыздан Мақта қыздың сүйікті құлақшынның сындырып алдым, Мақта қыз ренжіп, маған дәл осындай құлақшын алып келмесең үйге кіргізбеймін деді. -Жарайды мысық,сен көңіл-күйінді түсірме,біз қазір балалар бір амалын тауып көреміз. -Жақсы сендер маған көмектеседі деген ойдамын,себебі қандай қиындық болсада сендер маған әрқашан көмектесесіңдер ғой! -Мысық,бүгін біз балалармен «Асханадағы ойыншықтар» жайлы сабақ өткелі жатқанбыз -Қандай керемет,менде ендеше балалармен сабаққа қатысып өз білімімді жетілдірейн. Тәрбиеші:Балалар тақтаға назар аударайықшы,сендер ненің суреттерін көріп отырысыңдар? -Дұрыс айтасыңдар,ал бір сөзбен балалар осылардың барлығын ыдыс-аяқтар деп атайды. -Балалар,сендер ыдыс –аяқ неден жасалатынын білесіңдер ме? -Ал енді мына суреттерге назар аударайық Дамыта-оқыту технологиясы Балалар,мына суреттегі ыдыстар пластмасадан жасалады екен,ал екінші суреттегі ыдыс-аяқтар шыныдан жасалады,ал үшінші сурттегі ыдыстар темірден жасалып ыдыс-аяқ сатылатын дүкендерге жеткізіледі. -Мысық,саған біздің сабағымыз ұнап жатыр ма? -Балалар,енді біз мысықпен бірге өзіміздің тобымыздағы асхана орталығына барып ыдыс-аяқтар жайлы тақырыбымызды жалғастырайық Тәй-тәй технологиясы Ас үй орталығында ыдыс-аяқты қалай пайдалану керек екені жайлы әңнімелесу -Мысық,міне мынау біздің ас үйіміз -Қандай керемет асүй,мен жаңа Мақта қыздың дәл осындай құлақшынның сыңдырып алдым. Әрбір баладан ыдыстың түрлерін сұрап шығу -Құлақшын онымен біз су,шәй ішеміз,шәйнек онымен біз шәй қайнатып ішеміз,қасық,шаңышқы онымен тамақ ішеміз т.б -Балалар,ыдыс-аяқтармен тек тамақ ішіп қана қоймай оларды күтіп,ұқыптап ұстау керек. Дастархан әзірлеп мысықты қонақ етіп күту. -Балалар,мен үйге барайын Мақта қыз іздеп жатқан болар. -Мысық,біздің топтың балаларының атынан саған осындай әдемі құлақшын сыйлаймыз.Енді сен оны сындырмайды деп ойлаймыз. -Рахмет,сендерге балалар!Қандай керемет енді үйге тезірек барайын Мақта қызға құлақшынның апарайын.Сау болыңдар! -Мысыққа көмектестік,енді орнымыздан тұрып сабағымызды қорытындылайық! -Балалар,бүгін бізге қонаққа не келді? -Мысық не үшін келді? -Бүгін біз қандай тақырыпта әңгімелестік? -Ыдыстар неден жасалады екен? -Біз мысыққа көмектестік пе? -Жақсы,сендер бүгін сабаққа белсене қатыстыңдар!Сабағымыз аяқталды.Сау болыңдар! | -Сәлеметсіз бе -Жақсы -Ия -рахмет -Ия -кесе,қасық,тәрелке,шәйнек -Жоқ -Балалар мұқият тыңдап отырады. -Балалардың жауаптары -Сау бол,Мысық -Мысық -Бізден көмек сұрау үшін -Ыдыс-аяқтар жайлы -шыңыдан,пластмассадан -Ия |