kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сұр қоян"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту

Тақырыбы: Т.Бердияров. «Сұр қоян» жаттау

Мақсаты: Шағын өлеңді жатқа айтуға үйрету

Әдіс-тісілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу

Көрнекіліктер: Күн шуағы,қапшықтағы әр-түрлі суреттер

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушы

Тәрбиеші балалармен шеңберде тұрып: баллар, бір –бірімізге көңіл күйлерімізді сыйлайықшы:

Қол ұстасып алайық,

Күлкімізді сыйлайық.

Қошеметте бізге керек,

Күн өтеді керемет!

Есікке қағып күлімдеп «Күн шуағы» (макеті) кіреді. Амандасады.

Тәрбиеші: Балалар кім бізге қонаққа келді?

Тәрбиеші: көрдіңдер ме күн шуағы қандай мейірімді, оның күлкісі қандай жарқын

Тәрбиеші: балалар күн шуағы қандай?

Тәрбиеші: Күн шуағы не істейді?

Тәрбиеші: күн шуағы бізді, жануарларды, өсімдіктерді жылытады, нұрын жан-жаққа шашады, үйіне кіреді, таңертең қайта шығады. (күн шуағын тақтанын үстіне орналастырады)

Таспа қосылып: жылаған дауыс шығады

Балалар тәрбиешімен бірге сөздерді айтып отырады

Баллар «Күн шуағымен» амандасады.

Балалар: күн шуағы келді

Балалар: күн шуағы дөңгелек, сары, ыстық.

Балалар ойланады

Ұйымдастыру

іс-әрекеті

Балалардың назарын жылаған дауысқа аударады.

Қай жақтан естіліп тұрғанын анықтап табады. (ағаш түбінде жылап отырған сұр қоянды (ойыншық) табады)

Тәрбиеші: балалар, бұл не?

Тәрбиеші: Дұрыс.

Қоян мында қайдан пайда болды? (тәрбиеші жетекші сұрақтар арқылы көмектесіп, түсіндіреді)

Тәрбиеші: балалар қоян көжегін іздеп жүр екен, адасып қалыпты, қоянға көмектесейікші (балалар келіседі)

Тәрбиеші: қоян қандай

Тәрбиеші: қоян қорқып, сасып, шошып  отыр. (балаларды жаңа сөздерді қайталатқызады)

Қоянның түсі қандай? (сұр деп түсіндіреді)

Тәрбиеші: сұр қоянымызды әбден шошытып алмайық, оған сыйлық жасап берейік, қалғанымыз оған көңілді тақпақ жаттап айтайық.

Тіл орталығында тәрбиеші балалармен сұр қоянды пысықтап әңгімелейді (құлағы ұзын, құйрығы қысқа, алдынғы аяқтары қысқа, артқы аяқтары ұзын, күзде тоңы сұр болады, қыста ақ болады; көрегі ағаш қабығы, сәбіз, үйшігі болмайды кез келген ағаш түбіне, ойлы жерге түнейді, ұзын құлағымен барлық дыбыс, сыбдырды естіп тұрады) деп мәлімет берді

Тәрбиеші: әдемі шеңбер жасайық, мұқият тыңдайық

Т. Бердияров жазған «Сұр қоян» тақпақты жаттаймыз

Тақпақты оқиды:

Сұр Қоян

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпандап,

Көжегі екен өзінің

Тәрбиеші: Тақпақ ұнады ма?

Сөздік жұмысын өткізеді: (сыбдырды; ойлы-қырлы; ытқып-ытқып; қиығын сап; томпандап; әр сөзге тоқталып түсіндіріп қимылмен көрсетеді)

Тақпақты қайта оқып, балаларды қайталатуға машақтандырады.

Тәрбиеші: Балалар тақпақты жақсы жаттап алу үшін мына артикуляциялық жаттығуын жасайық:

«Көңілді тілдің серуені»

Таңертең оянып Көңілді тіл созылады, терезені кең ашады, ауа райы қандай екенін көреді: ол аспанға қарайды, күн жарқырайды.

 (тіл ұшы үстіңгі ерінге тартылды.)

  • Ассалаумағалейкум күн!

Жерге қараса, жап-жасыл шөпті көреді. Ағып жатқан өзенді көреді.

Оңға қарады, солға қарады, (тіл ұшы кезекпен оңға солға қарайды) жаттығулар жасауға асықты: төсенішке жатады (жалпақ тіл астыңғы ерінде жатады), құйрығын жоғары қарай көтереді, төмен түсіреді, жоғары-төмен, жоғары-төмен (баланың жасы мен физикалық жағдайына байланысты 3-4 рет қайталау). Тәрбиеші балалар жаттығуды қалай жасап отырғанын қадағалап отырады.

Тәрбиеші: тақпақты қайта айтады (балаларға тақпақты асықпай, сөздерді анық, жалғауларын  толық айтуын талап етеді)

Тәрбиеші: көрдіңдер ме балалар, Күн шуағы сеңдерге қарап күлімдейді, (сұр қоянның көжегі жүгіріп келді) деп кішкентай сұр көжекті балалардың алдына қояды. Қоян анасы қуынады, күн шуығыда қуанады (балалар бір-бірімізге қарап күлімдейік)

Тәрбиеші: көжек анасынан қалып қойған себебі, ол мына қоржындағы ойынын ала келді

Дидақтикалық ойын: «Көжекті дыбыстарды естуге үйретеміз»

Мақсаты: Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.

Қуралдар: қапшықтағы әр-түрлі заттық суреттер

Шарты: Көжек суретте қандай зат салынып тұрғанын айтады, егер көжек қате айтса, сеңдер оған көмектесіңдер деп түсіндіреді.

Үлкі – балалар «түлкі»

зын – «ұзын»

ұлақ – «құлақ»

ысық– «мысық»

ойын сонында көжек барлық суреттерді дұрыс айтады.

Тәрбиеші: шығармашылық орталығындағы балалардың жұмыстарын талдап, сараптайды, 3-4 баладан жұмысын қалай жасағанын сұрап бекітеді. Сыйлықтарын сұр қоянмен көжегіне сыйлайды.

Тәрбиеші: сұр қоян мен көжегі шаршады, олар орманға қайтады (ойыншықтарды басқа бөлмеге апарып қояды)

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, қаңдай кішкентай болсаңдар да сұр қоянға оның көжегіне көмек көрсеттіндер.

Балалар тыңдайды.

Балалар қоян

Балалар ойланып жауап береді

Үлкен

Балалар ойланып жауап береді

Балалар орталықтарға бөлініп сұр қоянға сәбіз суретін, ермексаздан, тұзды қамырдан сәбіз, алма мүсінің мүсіндейді.

Балалар тәрбиеші тыңдайды. Іштерінен қайталап отырады.

Жаңа сөздерді қайталайды.

Балалар артикуляциялық жаттығуын тәрбиешіге қарап жасайды.

Балалар жаттығуды айнаға қарап жасайды.

Ойын шартын бұзбай, түсініп ойнайды, суреттерде не салынғанын қарап дұрыс айтуға үйренеді.

Балалар тәрбиешінің қойылған сұрақтарына жауап беруге тырысады.

Балалар сұр қоянмен қоштасады.

Рефлексивті-түзетуші

Тәрбиеші: бүгін бізге топқа қандай жануарлар келді?

Қандай жануарларға көмектестік?

Қандай жануар туралы тақпақ жаттадық?

Тақпақ не туралы?

Қоян Қандай?

Сұр қоянның тоңы тағы қандай болады?

Қоян қандай жануар?

Қорқақ, сасып отырады.

Қоян қалай қимылдайды?

Ытқып-ытқып секіреді.

Балалар ойланып жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:Шығарманын мазмұнын тындап,түсініп,есте сақтап айтып білулері керек.

Меңгеруі: Шығарманы жаттау барысында дауыс ырғағы қадағалап,кейіпкерлердің бейнесін,мінез-құлқын дұрыс игереді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Сұр қоян"

Автор: Дарабаева Мөлдір Жанатқызы

Дата: 05.11.2017

Номер свидетельства: 436889

Похожие файлы

object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "С?йкімді ?оян "
    ["seo_title"] => string(15) "suikimdi-k-oian"
    ["file_id"] => string(6) "173382"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423988670"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "?оян к?жектерімен"
    ["seo_title"] => string(21) "koiankozhiektierimien"
    ["file_id"] => string(6) "289570"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454840187"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті.Тақырыбы:Ұзын құлақ сұр қоян."
    ["seo_title"] => string(76) "u_iymdastyrylg_an_ashyk_ok_u_is_riekieti_tak_yryby_u_zyn_k_u_lak_su_r_k_oian"
    ["file_id"] => string(6) "444493"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513324030"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ұзын құлақ сұр қоян"
    ["seo_title"] => string(27) "u_zyn_k_u_lak_su_r_k_oian_4"
    ["file_id"] => string(6) "455555"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518020725"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Қоянға қонаққа бару"
    ["seo_title"] => string(25) "k_oiang_a_k_onak_k_a_baru"
    ["file_id"] => string(6) "457660"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518708722"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства