kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Су - өмір нәрі" технологиялық карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Су - өмір нәрі" технологиялық карта

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Су - өмір нәрі" технологиялық карта»

Сабақтың тақырыбы: «Су – өмір нәрі»

 Мақсаты:  Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.

Білімділік: Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қант, бояу түрлері, шырын, түтікше, стакан,

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құрастыру.

Интеграция: Қоршаған орта, тіл дамыту, құрастыру.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жылулық шеңбер»

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

 Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді?         

- Балалар: Судың даусы, суға шомылу,су шашып ойнау.

-Дұрыс айтасыңдар арине. Суды адамдар не үшін пайдаланады?          

- Балалар: Ішуге,шомылуға,және т.б.

Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет?

-Балалар: Жануарлар шөлін басу үшін, ал өсімдіктер су мен қоректенеді.

Ал судың пішіні болады ма?

-Балалар: жоқ.

(тарелкага суды құйып көрсету) Өте дұрыс, жарайсыңдар! Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

- Судыңда сұрауы бар.

- Су анасы — бұлақ,

Сөз анасы — құлақ.

- Сумен ойнама — батарсың,

Отпен ойнама — жанарсың.

- Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.

Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі)

1 Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)

2 Моншағым көктің,

Тестім түбін шөптін.  (Тамшы)

3 Көз жасын төгіп елжіреп,

Жүреді көкте көлбіреп,

Жел қуса кетер селдіреп.  (Бұлт)

Тәрбиеші: — Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

Табиғаттағы судың айналымы туралы сызба-нұсқасы

Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше  тәжірибелер жүргізіп көрейік.

I Тәжірибе «Су — мөлдір»

● Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».

● Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.

 

II Тәжірибе «Суда дәм жоқ»

● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.

III Тәжірибе «Судың иісі жоқ»

● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,

Қане, жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық.

Дидактикалық ойын: «Табиғат аясында»

Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, алдарына бір бірден А4 қағазы мен қоса түрлі түсті қима суреттерді беремін. Сол суреттер арқылы балалар өз еріктері бойынша қандайда бір компазиция құрап, дайын болған бейнені әңгімелеп берулері керек. Яғни, сурет бойынша жұмыс жасайды.

Міндеттері:  Баланың тез ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, дайын болған суретті мазмұндап беруге дағдылану. Тіл байлығын дамыту.

 

Сабақты қорытындылау:  

Сонымен балалар, бүгіңгі сабақта не туралы айтылды?

Жер бетінде су қандай күйде кездеседі?

Су қайдан пайда болады екен?

Сендермен бірге қандай тәжірибелер жасадық?

(балалар жауаптары)










Судың пішіні болмайды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Су - өмір нәрі" технологиялық карта

Автор: Тулегенова Жулдыз Мейрамбековна

Дата: 27.04.2017

Номер свидетельства: 411978

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Технологиялы? карта бойынша а?аштан б?йым жасап шы?ару "
    ["seo_title"] => string(65) "tiekhnologhiialyk-karta-boiynsha-ag-ashtan-bu-iym-zhasap-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "173148"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423930708"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Технологиялы? карта бойынша а?аштан б?йым жасау "
    ["seo_title"] => string(56) "tiekhnologhiialyk-karta-boiynsha-ag-ashtan-bu-iym-zhasau"
    ["file_id"] => string(6) "235307"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443670472"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Технологиялы? карта бойынша а?аштан б?йым жасап шы?ару!"
    ["seo_title"] => string(67) "tiekhnologhiialyk-karta-boiynsha-ag-ashtan-bu-iym-zhasap-shyg-aru-2"
    ["file_id"] => string(6) "308079"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458494783"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Технологиялық карта. Бөлімі: "Сөйлеу дамыту" 2+"
    ["seo_title"] => string(47) "tiekhnologhiialyk_karta_bolimi_soilieu_damytu_2"
    ["file_id"] => string(6) "413562"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494075030"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "" Тіл дамыту технологиялы? карта жина?ы 3+ " "
    ["seo_title"] => string(45) "til-damytu-tiekhnologhiialyk-karta-zhinag-y-3"
    ["file_id"] => string(6) "147941"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1419526325"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства