kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«С?з», «Дыбыс»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім  беру  саласы:  ?атынас

О?у  іс – ?рекет  т?рі:  Сауат  ашу

Саба?ты?  та?ырыбы:  «С?з»,  «Дыбыс»

Саба?ты? ма?саты: «С?з», «Дыбыс» туралы ??ым беру. Дыбыстарды? дауысты, дауыссыз болып б?лінетінін таныта бастау.

Керекті ??ралдар: суреттер, текшелер (?ызыл, к?к), ?лестірмелі текше ??ралдары (?ызыл, к?к).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««С?з», «Дыбыс» »


Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс – әрекет түрі: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: «Сөз», «Дыбыс»

Сабақтың мақсаты: «Сөз», «Дыбыс» туралы ұғым беру. Дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетінін таныта бастау.

Керекті құралдар: суреттер, текшелер (қызыл, көк), үлестірмелі текше құралдары (қызыл, көк).

Сабақтың барысы: - Балалар, қазір мен сендерге өлең оқимын, шумақтың әр жолындағы бастапқы сөзінде өткен сабақтағы дыбыс бар, көңіл қойып тыңдаңдар – дейді тәрбиеші.

«А» дегенің ана ғой,

Ана деген дана ғой.

Анам менің күлімдеп,

Аялайды гүлім деп.

- Өлең кім туралы айтылады?

- «Ана» туралы.

- Сөздің басында қай дыбыс естіледі?

- «А» дыбысы.

- Дұрыс, «А» дыбысы қандай екенін біз білеміз, бірақ дыбысты есту арқылы ажыратып отырмыз.

Тәрбиеші, тақтаға Болатты шақырып «А» дыбысынан басталатын сөздерді ойлап табуын сұрайды. Болат айна, алма, анар, ағаш, т.б. сөздерді айтады. Тәрбиеші осылайша балалардан сұрап болған соң «Аю мен тоқылдақ» ертегісін айтып береді. Ертеде бір аю болыпты, бұл аю да балды өте жақсы көреді екен.

Бірде балды көп жеп қойып, тісі қатты ауырады. Содан көршісі тоқылдаққа келіп, жәрдем сұрайды. Тоқылдақ, - аю, аузыңды аш, тісіңді көрсет дейді. Аю «а-а-а» деп аузын ашады, осы кезде тоқылдақ ауру тісін жұлып алады.

Аю бірден тынышталып рахметін айтып, риза болады да өз үңгіріне кетеді.

Тәрбиеші: - Балалар, аю аузын ашқанда қандай дыбыс естілді?

- «А» дыбысы.

- Дұрыс.

«А» дыбысын ауызды ашып, әндетіп та, созып айта аламыз.

Аузымызда еш нәрсе (тіл, тіс) кедергі жасамайды. Дәл осылайша айтылатын дыбыстарды дауысты дыбыс дейміз. Дауысты дыбыстарды қызыл түсті текшемен белгілейміз.




«А» дыбысын әндетіп те, айтуға болады дедік, көбіне «А» дыбысы әннің қайырмасында айтылады.

Мысалы: Н.Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнін алайық.

Құстар, құстар сызылтып ән салады,

Сол әнімен тербетеді даланы.

Ал, адамдар күліп бастап өмірін

Кетерінде жылай да алмай қалады.

Қайырмасы:

А-а-а-а-а...

Ал енді – «Ш» десем, осы дыбыс кедергісіз айтыла ма?

- «С» - «Ш» дыбыстары қалай айтылады?

Бұл дыбыстар еркін айтылмайды, кедергіге ұшырайды. Тісіміз, тіліміз арқылы айтқанда кедергімен айтылатын дыбыстарды дауыссыз дыбыс дейміз. Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Осы сабағымызға байланыстыра жұмбақ жасырайық. Алмат:

- Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкелді әкем бір күні.

- Иә, балалар бұл не екен?

- Бұл сәбіз.


Сәкен:

- Алма дерсің түріне қарап

Жүгері дерсің ішіне қарап.

Татсақ тәтті,

Бал шәрбатты.

Балалар «анар» - деп жауап береді. Жұмбақтың шешуін тапқан соң балаларға суреттерін салғызамын. Балалардың жақсы салған суреттерін тақтаға ілемін.

«Анар» сөзіне дыбыстық талдау жасап, текшемен белгілей отырып, неше дауыссыз дыбыс бар екенін сұраймын. Балалар жауабына терең мән беріп, білмей қалса, қайта түсіндіремін. Осыдан кейін «Кім зейінді» ойыны ойналады.

Тәрбиеші: - Мен қазір суреттер көрсетемін, сендер зейін қойып қарап, сөздерді атаңдар.










Егер сөздің басында дауысты дыбыс айтылса қызыл текшені, дауыссыз дыбыс айтылса көк текшені көтеріңдер.

Қай қатар ойынға белсене қатысып, қателеспесе, солар мына жалаушаға ие болады.

Ал, бастаймын «Ара», «Шана», т.б. суреттер көрсетіледі. Балалар дыбысқа байланысты текшелерді көтереді. – Енді «А», «С», «Ш» дыбыстарына сөз ойлап айтайық. Балалар, «А» дыбысына; алма, алша, алмаз, арғымақ т.б. «Ш» - дыбысына; шана, шаңғы, шал, «С» дыбысына; сарымсақ, сарғалдақ, сауысқан т.б. сөздерін айтады. Содан соң тәрбиеші сабақты қорытындылайды.

- Балалар, бүгінгі сабақта не туралы білдік?

- «Сөз», «Дыбыс» туралы.

- Текшемен нені белгіледік?

- Дыбыстарды.

- Дыбыстар қалай айтылады және қалай бөлінеді?

- Дауысты, дауыссыз.

Еңбектерін бағалап, балаларды мадақтайды. Енді далаға серуенге шығып, ойын алаңында, бізді қоршаған ортада табиғат аясында қандай дыбыстар бар екенін бақылайық.

Бәрі аулаға шығып кетеді.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
«С?з», «Дыбыс»

Автор: ?ондыбаева Г?лсім Жа?абай?ызы

Дата: 28.04.2015

Номер свидетельства: 206678

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Дыбыс. Дыбысты? сипаттамалары                     Акустикалы? резонанс. Жа??ыры?. Ультрадыбыс."
    ["seo_title"] => string(65) "dybysdybystynsipattamalaryakustikalykriezonanszhangyrykultradybys"
    ["file_id"] => string(6) "299612"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456566637"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Л дыбысы ж?не ?рпі"
    ["seo_title"] => string(15) "ldybysyzhnierpi"
    ["file_id"] => string(6) "304673"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457775609"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Л дыбысы ж?не ?рпі"
    ["seo_title"] => string(16) "ldybysyzhnierpi1"
    ["file_id"] => string(6) "304674"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457775615"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Л дыбысы ж?не ?рпі"
    ["seo_title"] => string(16) "ldybysyzhnierpi2"
    ["file_id"] => string(6) "304675"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457775622"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""?? дыбысы мен ?рпі""
    ["seo_title"] => string(18) "uu-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "307134"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458275934"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства