-Көктем мезгілінің ай атаулары: Наурыз, Сәуір, Мамыр
-Қазір көктем мезгілінің бірінші ай –Наурыз. Бұл айда қар ери бастайды.
Сәуір айында адамдар жер жыртып, бидай, тұқымдарды егу үшін топырақты дйындайды, ал мамыр айында тұқымды жерге себеді.
Негізгі бөлім:
Жұмбақ:
Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында дәні бар. (бидай)
Ал, ендібіз не көріпотырмыз? Ұн, макарон, нантүрлері (батон, тәттібөлке)
Міне, балалар ұннан түрлі тағамдардың жасалғанын көріп отырмыз. Ендеще осы нанның дастарханға келгенге дейінгі жолдарын айтып берейін. Диқандар көктемде жерге бидай тұқымын себеді. Оны жаз бойы суарып, күтіп баптайды. Күз болған соң жайқалып піскен бидайды комбайнмен жинайды. Одан соң диірменші ұн етіп тартып, қапқа қаптайды. Қапталған ұнды наубайханаға жібереді. Наубайшылар ұннан түрлі тағамдар нан, бауырсақ, бәліш пісіреді. Дайын болған тағамдарды дүкенге жібереді. Мұның бәрі адамдардың еңбегі. Нан-адамның тіршілік қорегі, дастарханға үлкен еңбекпен келеді. Сондықтан дастарханға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.
Бүгінгі біз «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен танысамыз. Мен өлеңді оқимын, сендер мұқият тыңдап отырыңдар. Сендер сұраққа жауап бересіңдер.
«Қайдан келдің, бауырсақ?»
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрды көзін сап:
Қайдан келдің, бауырсақ?-деп сұрады қуыршақ.
Дүкеннен келдім нан сатқан,- деді оған бауырсақ
Дүкенге келдің қай жақтан?
Наубайдан келдім нан жапқан.
Наубайға келдің қай жақтан?
Диірменнен келдім ұн тартқан.
Диірменге келдің қай жақтан?
Даладан келдім кең жатқан.
Жер-анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Балаларөлеңде не туралыайтылды?
Бауырсақ қайда жатты?
Қуыршақ не деп сұрады?
Бауырсақ наубайға қайдан келді?
Диірменге ше?
Диқан бидайды қалай өсірді?
Нан дастарханға қалай келеді екен?
-Бауырсақ дастарханға келу үшін кімдер еңбек етеді екен?
Біз өлең арқылы бауырсақтың дастарханға қалай келгенін білдік. Өлеңді диалогты түрде сахналау.Үйде аналарымыз ұннан қандай тағамдар дайындайды?
Балалар, біз бүгін жазушы Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен таныстық. Нан дастарханға оңайлықпен келмейтінін білдік. Көптеген адамның еңбегі арқылы келетінін түсіндік.
«Нан-қасиеттітағам», «Нан болса, әндеболады».Дастарханымызданантағамдарыкөпболсын. Диқаншылареңбегінқұрметтейікбалалар.