kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сөйлеуді дамыту "Менің балабақшам"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлеуді дамыту "Менің балабақшам"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сөйлеуді дамыту "Менің балабақшам"»

Білім беру саласы: Қатынас. Денсаулық.

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.

Тақырыбы: Күз сыйы

Мақсаты: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем құрастырып, әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызы туралы түсінік беру. Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру, сөздердің ұзынды-қысқалығын қолмен өлшеп айыра білуге үйреті, «А» дыбысымен және әрпімен таныстыру, танып-білуге деген қызығушылықтарын дамтыу; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекті құралдар: жұмыс дәптері, Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері.

Сөздік жұмыс: ыммен.

Билингвальды компонент: үй – дом, кітапхана – библиотека, Астана қаласы – город Астана.



Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Педагог балаларға ыммен «отырыңдар», «сөйлемеңдер», «тынышталыңдар», - деп белгі береді. Ым – ишарат.

- Міне, балалар, көрдіңдер ме, сөзсіз өмір сүру қандай қиын, ал біз бәріміз өз ойымызды сөз арқылы айта аламыз.




Балалар педагогті қалай түсінгендеріне байланысты іс-әрекет жасайды.



Ұйымдастырушылық- ізденістік

- Балалар, қазір мен бір сөз айтамын. Мысалы, «сиыр», енді сендер бір сөзден айтыңдар. Ал шатасып кетпес үшін мына стақанға бір сөз айтқан сайын бір қарындаштан салып отырайық. Мен «сиыр» сөзін айттым, бір қарындаш салайын. Тағы да кім сөз айтады?

Ең соңында қарындаштарды санап, педагог қорытынды жасайды.

- Міне, біз қандай көп сөз білеміз, айта берсек әлі де көп.

- Сендер байқадыңдар ма, кейбір сөз ұзақ дыбысталса, енді бір сөз қысқа дыбысталады. Сол себепті сөздер ұзын және қысқа болады.

Мына екі сөзді тыңдаңдар: үй және кітапхана. Осы сөздердің қайсысы ұзақ, ал қайсысы қысқа айтылады?

- Біз ол сөзді өлшеп көрсетейік: 2 қолдың алақандарын біріктіріңдер. Сөзді дыбыстай бастағанда алақандарыңды аша бастайсыңдар. Ал дыбыстап болысымен, сол сәтте тоқтай қалыңдар. (Бұл жаттығу 2-3 баламен жекелей жүргізіледі, 6-8 сөз айтылады).


Билингвальды компонент: үй – дом, кітапхана – библиотека, Астана қаласы – город Астана.


Ыммен түсіндіру – сөзсіз түсіндіру.


Сергіту жаттығуы.


Көгіде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

(Ө.Тұрманжанов)


- Балалар, біздің елордамыз қай қала?


Астана қаласының көрікті жерлерінің көркем суреттерін көрсетеді.

- Астана «а» дыбысынан басталады, «а» дыбысын аузымызды кеңірек ашып қайталаймыз. «А» дыбысы дауысты дыбыс, оны әндетіп айтуға болады. Ауыз қуысынан кедергісіз шығады. «А» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: «а» ыбысын айтқанда ауыз кең ашылып, тіл ауыз қуысында еркін жатады. Дауыс шымылдығы ашық болады. Осылай «а» дыбысы жасалады.

- Ал енді «а» дыбысынан басталатын сөздерден мысал келтіріңдерші.


Педагог балалардың ойлаған сөздерін буынға бөлулерін сұрады.

- Ал енді «а» дыбысын ауада жазып көрейік.


Жұмыс дәптері. Дәптердегі №3 тапсырма бойынша орындалады.


Жеке жұмыс жүргізеді.








Балалар бір-бірлеп сөз айтады: доп, кітап, ойыншық, балабақша.




Балалар сұраққа жауап береді. Қалған балалар қайталап отырады.








Балалар олардың ұзақтығын анықтайды.





Қайталап айтады.











Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.






- Астана қаласы.



Балалар көреді, есте сақтайды.





- А-а-а.










- Алма, Алматы, алмұрт, апельсин, апа, ата.

- А-ғаш, а-на, ал-тын, ай-на.

«А» әрпін ауада жазады.





Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.



Рефлексиялық- түзетушілік

Педагог жұмбақ жасырады:


Күн нұрын шашқан асқардан,

Алатау – алып тас қорған.

Бас қала аты – Астана,

Қай әріптен байқалған?


- «А» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

- Бір-бірімізді түсіну үшін не айтамыз?

- Сөздер қандай болады?


- Ендеше маған бір ұзақ сөз, бір қысқа сөз айтыңдаршы.

- Бүгін қандай дыбыспен таныстыңдар?

- «А» дыбысы қандай дыбыс?

- Сөздер қандай болады?



- Өте жақсы, балалар! Сендер бүгін өте ақылды әрі зерек екендеріңді көрсете білдіңдер.


Балалар жұмбақ жауабы «а» дыбысы екенін табады.




- «А» дауысты дыбыс, оны созып әндетіп айтуға болады.


- Ұзақ және қысқа болады.

- Балабақша, бала.


- «А» дыбысымен таныстық.

- Дауысты дыбыс.

- Сөздер ұзақ және қысқа болады.


Балалар педагогтен естіген мақтау, мадақтауларына қуанады.



Күтілетін нәтиже:

Қолданады: ыммен берілген тапсырманы, ұзын және қысқа сөздерді қолмен өлшеуді, сөз айту арқылы стақанға қаламдар салуды, жаңа дыбысқа сөз ойлап табуды.

Түсінеді: «а» дыбысының дауысты дыбыс екенін, сөздің қаншалықты қажеттілігін.

Қайталай алады: ұзақ және қысқа сөз ойлап айтады, сөздерді буынға бөледі.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сөйлеуді дамыту "Менің балабақшам"

Автор: Жумашева Надия Алфатовна

Дата: 10.11.2021

Номер свидетельства: 590950

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Сөйлеуді дамыту "Біз жолаушылармыз""
    ["seo_title"] => string(36) "soilieudi_damytu_biz_zholaushylarmyz"
    ["file_id"] => string(6) "391321"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486994547"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(161) "Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:«Бау-бақшада, бақтарда» (жемістер мен көкөністер арқылы оқыту)"
    ["seo_title"] => string(80) "soileudi_damytu_takyryby_bau_bakshada_baktarda_zhemister_men_kokonister_arkyly_o"
    ["file_id"] => string(6) "592670"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1637906871"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.баланың жан-жақты дамуына әсері."
    ["seo_title"] => string(72) "u_sak_zh_nie_zhalpy_motorikany_damytu_balanyn_zhan_zhak_ty_damuyna_sieri"
    ["file_id"] => string(6) "375462"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483560545"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ертегі әлеміндегі ертекші әжеде қонақта"
    ["seo_title"] => string(51) "iertieghi_liemindieghi_iertiekshi_zhiedie_k_onak_ta"
    ["file_id"] => string(6) "460439"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519985649"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства