kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:«Бау-бақшада, бақтарда» (жемістер мен көкөністер арқылы оқыту)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: Менің балабақшам

Тақырыбы:«Бау-бақшада, бақтарда» (жемістер мен көкөністер арқылы оқыту)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:«Бау-бақшада, бақтарда» (жемістер мен көкөністер арқылы оқыту)»

Ересек «» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: Менің балабақшам

Тақырыбы:«Бау-бақшада, бақтарда» (жемістер мен көкөністер арқылы оқыту)

Мақсаты: балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін (көлемін, түсін, пішінін) сөздермен байыту, балалардың сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу, сөздік қорын дамыту және дыбыстарды анық айтуға баулу, еңбексүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қолданылатын көрнекті құралдар: жемістер мен көкөністер муляждары.

Сөздік жұмысы:бау-бақша, бақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Сұрақтар:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?

-Ал бүгін аптаның қай күні?

-Сәрсенбі қандай күн?

Бәріне сәттілік тілеу:

-Балалар,күндерің сәтті өтсін!

Жауаптар:

-Қазір жылыдың күз мезгілі.

-Күз мезгілі екенін табиғаттың өзгеруінен білеміз.

-Бүгін аптаның үшінші күні- Сәрсенбі күні.

-Сәрсенбі- сәтті күн.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетімізжемістер мен көкөністер туралы және олардың қайда өсетіні туралы болады.

-Қане, күз мезгілінде пісетін жемістер көкөністерді атайықшы?

Олай болса, себеттегі жемістер мен көкөністердің біреуін алып, оның атауын айтып, түсін, пішінін айтып әнгімелеу. Мысалы, мынау алма, оның түсі қып-қызыл, пішіні дөп-дөңгелек, дәмі тәп-тәтті т.б.

Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»

Мақсаты: балаларға жемістер мен көкөністерді қайда өсетінін, оларды ажырата білуге баулу. Саусақ моторикасын дамыту.

Шарты: сөйлеуді дамыту дәптеріменорындалады.

-Жемістер қайда өседі?

-Ал көкөністер ше? (егер білмесе қайталату).

Өздері білетін жемістер мен көкөністерді атайды.

Муляжына қарап,оны атайды, түсін, пішінін атайды)

Өздері таңдаған жемістері мен көкөністері туралы әнгімелейді

Берілген жемістер мен көкөністерді өз орнына орналастыруға әрекет жасайды.

-Жемістер бақтағы ағаштарда өседі.

-Көкөністер бақшада,жерде өседі

Сергіту жаттығуы: «Шие»

Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

(Ә.Дүйсенбиев)

(«З» дыбысының дұрыс айттылуын қадағалау).

-Алманы ағаштан қалай аламыз?

Қане, бақтағы ағаштардан жемістерді үзіп-үзіп алып жинайықшы.

-Көкөністер мен жемістерді қай мезгілде жинаймыз?

Күз-күз-күз

-Қане,енді бәріміз тәтті жемістерді жегісі келіп,дәмін татқысы келіп ұшып жүрген ара болайықшы.Ыз-ыз-ыз.

-«З»дыбысы бар қандай жемістер мен көкөністердің атауын білесіңдер ме?

-Балалар,бізге осындай дәмді жемісстері мен көкөністерін сыйлаған асыл өлкемізге,жерімізге арнаған тақпақты атайықшы.

Отаным менің кең –байтақ

Жайнаған сансыз қаласы,

Жайқалған жомарт даласы.

Ел-Отан біздің кең байтақ, Отанның біздер баласы.

Қ.Шаңғытбаев

Жұмбақ.

Аспай піскен, қайнамай түскен.

(Жеміс)

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

-Алманы ағаштан үзіп аламыз.

«Үз-үз-үз»деп қайталап, ағаштан жеміс жинағандай қимыл жасайды.

-Көкөністер мен жемістерді күз мезгілінде жинаймыз.

-Күз-күз-күз.

Ұшып ара болады.


-Ыз-ыз-ыз.

-Жүзім, қарбыз, сәбіз

Тақпақты педагогпен бірге қайталайды.

-Жеміс.

-Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Еңбек-адамның екінші анасы.

Оқу іс-әрекетін қортындылап, балаларды мақтап,мадақтау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:«Бау-бақшада, бақтарда» (жемістер мен көкөністер арқылы оқыту)

Автор: Сейлханова Салтанат Бахытовна

Дата: 26.11.2021

Номер свидетельства: 592670


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства