Ұйымдастырушылық ізденушілік | -Балалар жылдың неше мезгілі бар? Жыл мезгілдерін атайықшы? Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Атап беріңдерші - Қыста қандай өзгерістер болады?
-Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар, айтыңдаршы? - Ал енді балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз? - Дұрыс айтасыңдар, ал мұқият болыңдар мен қазір сендерге жұмбақтар жасырамын: 1.Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. 2.Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы Қыста қардан тұрады, Танып көрші сен оны 4.Қысы- жазы жасыл болып, Ормандарда тұр тоңып. Қане балалар қос тілде айтып көрейікші: Қыс-зима-winter, қар-снег-snow -Бәрекелді, қысты айта-айта мен тоңып кеттім балалар, сергіп алсақ қайтеді? Сергіту сәті: «Clap your hands» Сиқырлы әуенмен аяз ата келеді Аяз ата: -Амансыңдар ма балалар, не болды күткен жоқсыңдар ма мені?Аяз ата жаңа жылда ғана келеді деп ойладыңдар ма?Жоқ, бұдан былай біле жүріңдер мен қыс бойы барлық балақайларды сырттай бақылап жүремін.Әйтпесе боран бұзық сендерді тоңдыруы мүмкін.Қане, не тұрыс, кім тақпақ айтады?
Аяз ата: -Кім қыс туралы мақал біледі?
Аяз ата: -Жарайсыңдар, міне сыйлықтарың ала қойыңдар!Балалар, мен сендерге келе жатып қолғабымды жоғалтып алдым, тауып бере қойыңдаршы. Қане балалар, аяз атаның қолғабын тауып берейік.Қайда түсіп қалды екен... Ойын:« Аяз атаның қолғабын тап» Балалар Аяз ата қолғабын орманға түсіріп алған шығар, жүріңдер тауып берелік. Балалардың алдарынан қасқыр шығады: Қасқыр: Мен қасқырмын, қасқырмын, Аң ішінде асқармын.Талай қойды бауыздап, Үйге әкеліп асқанмын! Уууууу! -Жоқ,көрмедім!Оны анау ағаштың түбіндегі қояннан сұраңдар! Қоян: Мен қоянмын,қоянмын, Жорыққа түнде жортамын! Қалдырмаймын ізімді, Өйткені күндіз қорқамын! -Көрдім балалар, оны қу түлкі алып кетті. -Ол осы орманның ішінде, ал мен кеттім,көжектеріме барамын! Кірпі: Мен кірпімін, кірпімін, Көрінгенге түрпімін. Үстім толы ине, Есің болса тиме! -Жоқ! Аю: Менің атым –аю, Оңай маған баю. Мал ішінде жүремін, Балды иісінен білемін! Ақ тиін: Мен- ақ тиінмін, Кисең киіммін. Аңды көрсем бекінем, Талдан-талға секірем! Арыстан: Болды, жетер! Бәрің де мықтысыңдар! Ал орманның егесі менмін, Арыстанмын айбатты! Балалар орманды аралап жүріп түлкіні іздеп табады. Түлкі: -Мен түлкімін, түлкімін, Біреулерге күлкімін! Кейбіреуді алдаймын, Екіншіңді арбаймын. -Ха!Оңайлықпен олжамды сендерге береді деп пе едіңдер, а? Қулығымды асырам, Бір тапсырмам бар сендерге,қане кім маған үш тілде онға дейін санап береді? -Жаман емес!Келесі сынағым, мықты болсаңдар санамақ айтыңдар маған Соңғы тапсырмам, дұрыс шешсеңдер қолғап сендердікі. Геометриялық фигураларды атаңдар. -Жарайсыңдар, мен жеңілдім, міне Аяз атаның қолғабы, сау болыңдар! Балалар, Аяз атаның қолғабын тауып бердік,жарайсыңдар!
Ал жылынып алдық, енді жүріңдер сиқыр жасайық! Ешнәрсе көрінбейді ме, қалай?Қазір тұра тұрыңдар мен сиқыр жасаймын деп тәрбиеші суреттің үстіне көк түсті бояу жағып сиқырлап, ғажайып сурет шығарады. Аяз ата: -Сау болыңдар балалар, мені ақшақар іздеп жатқан шығар! | Төрт мезгілі бар Жаз, күз, қыс, көктем Қыс! Үш ай бар Желтоқсан, қаңтар, ақпан Күн аяз болады,боран соғады Қар лақтырысып ойнаймыз, сырғанақ тебеміз,шаңғы тебеміз,коньки тебеміз,аққала жасаймыз.Хоккей. Қалың киініп жүреміз. Жұмбақтарды шешеді. қар
аққала
шырша Қыс-зима-winter, қар-снег-snow -Иә! Балалар сергіту сәтін қимылмен жасайды. Балалар май шаммен сурет салады. Балалар сиқырды бірге жасап қуанады. Алақай, қыс келді! Аққала істелді. Қырға шықты балалар, Қыста қызық болады. Жұлдыз болып ағамыз, Ақ мамықтың үстімен. Біз спортшы боламыз, Үлгі аламыз күштіден. Белый снег пушистый, В воздухе кружится. И на землю тихо, Подает, ложится! Қуаныштың бүгінгі, Басылмайды ыстығы. Жылдамырақ жүруді, Үйретеді қыс күні. Жапалақтап ала қар, Жауды күнде қайталап. Қырға шықты балалар, Шаңғыларын арқалап. Snow on the grownd, Snow on the tree. Snow on the home, Snow on the me. Жазда арбаңды сайла, Қыста шанаңды сайла! Қыстың қамын жаз ойла! Балалар аяз атадан сыйлық алады. Балалар Аяз атаның қолғабын іздейді
Балалар орманға барады.
-Сау болыңыз, Аяз ата! Тоқта қасқыр, ашуланба!Айта қойшы Аяз атаның қолғабын көрдің бе?
Қорықпа,Аяз атаның қолғабын көрдің бе қоян? Түлкіні қайдан табуға болады қоян?
Кірпі Аяз атаның қолғабын түлкі алыпты оны көрмедің бе?
Аю сен не айта аласың бізге?
Ақ тиін сен не білдің?
Арыстан ашулы екен, анау маңайды қарайық!
-Түлкіжан Аяз атаның қолғабын сен алыпсың қайтаршы уят емес пе?Мұның не сенің, ол кісі әбден жаурады ғой
Балалар бәрі бірдей үш тілде онға дейін санайды. Санамақ айтылады
Дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы. Балалар қолғапты алып орманнан қайтады. |