Тәрбиеші:Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті ерекше болмақ, өйткені біз бүгін ертегілер туралы әңгіме айтамыз. Суретпне жұмыс.
Тәрбиеші: айтындаршы балалар біз осы ертегілердің қойылымын үлкен театр сахнасынан көреміз ия.Сонда қалай ойлайсындар кейіпкерлердің рөлдерін кімдер сахналайды.
Балалар: Адамдар
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар адамдар, ол адамдар актер деп аталады. Балалар сендер көп ертегі білесіңдер. Олай болса бүгін біз актер болып корейік, Тәрбиеші: Ерте ерте ертеде. Бір әже мен ата баянды өмір сүріпті олар үй шаруашылығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып, үй алдындағы бақшаға шалқан отырғызыпты. Айдан ай өтіп күз айында ата бақшаның жемісін жинап жүріп, шалқанды көреді шалқаны үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсана қарайды. Ой бәрікелді, менің шалқаным үлкен болып өсіпті. Бұл шалқан бәріне жететін болды деп шалқанды тарта бастайды, тартып – тартып шалқанды жұла алмай сөйтіп, көмекке өзінің кемпірін шақырады. Ата - кемпір маған келші көмекке, қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті осыны жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Сен маған көмектесші. Кемпір: Ой шынында да үлкен болып өсіпті ғой кел тартсақ тартайық. Тәрбиеші: Осылайша кемпір атаның артынан ұстап ары тартады бері тартады бірақ орынан қозғалта алмайды. Тәрбиеші: Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Кемпір: Қызым – қызым бізге көмекке келші! Атаң еккеуміз шалқанды жұла алмай жатырмыз. Қыз: Жарайды, әже сіздерге көмектесейін. Тәрбиеші: Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды олар рет – ретімен тартады. Олардың күштері жетпейді. Сонымен немере қызы көмекке итін шақырады. Қыз: Ақтөс - ақтөс сен бізге көмектесіп жіберші шалқанды біз жұла алмай жатырмыз Ит: Аф - аф - аф көмектес десендер көмектесейін. Тәрбиеші: Ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір атадан, ата шалқанды ұстап, ары тартады, шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Ит: Мысық – мысық бізге көмекке келші біз шалқанды жұла алмай жатырмыз. Мысық: Мяу - мяу - мяу көмектесіп жіберейін. Тәрбиеші: Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір атадан, ата шалқанды ұстап, әрі бері жұлқиды бырақ шалқан шықпайды. Енді мысық көмекке тышқанды шақырады. Мысық: Тышқан - тышқан бізге көмектесіп жіберші. Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін. Тәрбиеші: Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір атадан, ата шалқанды ұстайды. Олар тарт - тарт ақыры шалқанды сурып шығарады. Тәрбиеші: Міне балалар осылай Шалқан ертегісін сахналадық.Әрдайым бірігіп жасаған жұмыс оңайға түседі.Бұдан былай бәріміз қандай да жұмыс жасасақ бірігіп бірбірімізге қамқор болайық.
Билингвальды компонент: Шалқан-Репка, Ата-дедушка, Кемпір-Старушка, Немере қыз-Внучка, Ит-Собака, Мысық-Кошка, Тышқан-Мышь. Тәрбиеші: Дұрыс балалар ертегінің мазмұнын жақсы біледі екенсіндер кейіпкерлерді ретімен дұрыс орналастырдындар.
Балалар шалқан ол не?
Балалар: көкөніс
Тәрбиеші: көкеністер қайда өседі?
Балалар: бау-бақшада өседі
Тәрбиеші: бау-бақшада тағы нелер өседі?
Балалар: жемістер жидектер өседі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, кане бәріміз ортаға жиналып ойын ойнайық. Ойын:«Мысық пен тышқан» Тәрбиеші: Балалар Шалқанды еккен кезде шалқан қандай болды? Балалар: Кішкентай болды Тәрбиеші: Шалқан не арқылы өсті? Балалар: Күту арқылы, күннің жылуы арқылы өсті Қортынды: Балалар бүгін қандай ертегіні сахналаық? Балалар: Шалқан ертегісін Тәрбиеші: Шалқанды кім екті? Балалар: Ата екті Тәрбиеші: Шалқан қандай болып өсті? Балалар: Үлкен болып өсті Тәрбиеші: Атаға шалқанды тартып алуға кімдер көмектесті? Балалар: әже, кыз, ит, мысық,тышқан көмектесті. Тәрбиеші: Шалқанның түсі қандай екен? Балалар: Сары түсті Тәрбиеші: Оның пішіні қандай? Балалар: Дөнгелек. Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі