Балалар «Бауырсақ», «Маша мен аю» ертегісін білеміз.
Іздену-ұйымдастырушылық
Организационно – поисковый
Біз бүгін «Шалқан» ертегісімен танысамыз. Тәрбиешінің ертегіні оқып беруі. Ертегі желісі бойынша сұрақтар қою: Ата не екті? Шалқан қандай болып өсті? Ата кімді көмекке шақырды? Әже көмекке кімді шақырды? Немере қызы кімді көмекке шақырды? Ит пен мысық көмекке қалай келді? Ең соңында шалқанды жұлуға не келді? Сергіту сәтін орындату.
Ертегіні тағы бір рет оқып шығу.
Балаларға өз түсініктерінше айтқызу.
Қиналғандарға көмек ұсыну.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар ертегінің желісі бойынша сұрақтарға жауап береді. Ата шалқан екті. Шалқан үлкен болып өсті. Ата әжені көмекке шақырды. Атамен әже шалқанды тартты – тартты тарталмады. Әжесі қызды көмекке шақырды, күштері жетпеді. Сөйтіп қызы итті, ит мысықты , мысық тышқанды көмекке шақырды. Тышқан тартқанда шалқан жұлынды. Сергіту сәтін орындайды. Тағы ертегіні тыңдайды.
Балалар өз түсініктерінше ертегіні әңгімелейді.Ертегіні айтуға қиналған балаларға көмек беріледі.
Рефлексивті - коррекциялаушы
Рефлексивно – корректирующий
Ал балалар сендер үлкендерге, кішкентайларға, бір –бірлеріне көмек берулерің қажет. Балаларды мақтап – мадақтау.
Балалар бір –біріне көмектесуге талпынады. Балалар дән риза.