Білім беру саласы:Қатынас
Оқыту іс-әрекеті:Сауат ашу
Тақырыбы: Аа дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Балаларға дыбыс пен әріп туралы түсінік беру. А дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.
А дыбысына мысал келтіру сөз ойлату ойын ойната отырып балалардың сөздік қорларын дамыту.Балаларды ұқыпты, таза жазуға сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі:жаңа білімді игеру.
Әдіс тәсілдері :сұрақ-жауап,көрнекілік,ойын.
Қажетті құралдар-жабдықтар:интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері
Адал жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп.
Жарып шыққан жүректі,
Сөздің бәрі ақ тілек.
2 Ой қозғау
-Балалар біз бүгін бау- бақшаға барамыз,ол жерден біз өзімізгге қыс мезгіліне дайындық жасаймыз.Ол үшін біз бірінші баудан жәшікке жемістерді жинап алуымыз керек.Ал бақшадан жинаған нәрселерімізді себеттерге салуымыз керек.
Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді жинау»
-Ал балалар біз жәшіктерге не жинадық?
-Алма,алмұрт,алша,алхоры апельсин.
-Жемістердің барлығының басында қай әріп естіледі?
-А әрпі
-Ал себетте не бар екен?
-Картоп,қызылша,қырыққабат,қызанақ.
-Ал енді бұл жерде а дыбысы бар ма?
-Бұл жерде ортасында және соңында.
Балалар енді осы айтылған жемістер мен көкөністерді буынға бөлейік.
Балаларды а әріпінің таңбасымен жән жазбаша түрімен таныстыру.
Жұмбақ
1Балықта бар,
Теңіз де жоқ.
Бұл қай әріп? (А)
Қар да бар,
Мұзда жоқ,
Жарда бар,
Құзда жоқ.(А)
Сергіту сәті
-Балалар музыка әуенімен қимылдар жасап билейді.
Балалар біз әріпті көреміз жазамыз,ал дыбысты естиміз.Біз а әрпінен келетін бірнеше сөзерді айттық оларды буынға бөлдік а дыбысын ермексазбен жасап көрейікші.
Балалардың естерінде жақсы қалу үшін ермексаздан а әрпін жасату.
Дәптермен жұмыс жүргізу.
Алма,аю,асқабақ сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
Қорытынды.
Балалар біздің сыныбымызда а дыбысынан басталатын ұл қыздарымыздың аттарын атайықшы?
-Асқар,Айша,Аяна,Айбек,Айдын.
-А дыбысы дауысты ма, жоқ дауыссыз ба?
-Кім жазып көрсетеді?
Балаларды мадақтау интербелсенді тақтадан алдын-ала дайындалған жұлдызшада әр баланың аттарын аспанға іліп мадақтау.