kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: «Пайдалы ас» Ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша. 2 сәбилер тобына арналған ашық сабақ тақырыбы. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: «Пайдалы ас» Ашық сабақ»

Сабақтың тақырыбы: «Пайдалы ас»


Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: балалардың азық-түліктер жайында және олардың адамға қаншалықты пайдалы екендігі жайында, сондай-ақ «құнарлы зат», «дұрыс» немесе «дұрыс тамақтану» ұғымдары жайында білімдерін бекіту.

2. Дамытушылық: білімге деген құмарлықтарын арттыру, дұрыс тамақтану ережелерін анықтап білу.

3. Тәрбиелік: Балалардың бойында өздерінің денсаулықтарына және де қоршаған ортадағылардың денсаулықтарына деген қарым-қатынастарын тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын жүргізуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекіліктері:

- кәстрөл, муляждар: картоп, орамжапырақ, сәбіз, қызылша, пияз, алма, шалғам, қияр, жүзім;

- азық-түліктердің суреттері бар слайдтар.


Сөздік қолдану: «құнарлы зат», «дұрыс» немесе «дұрыс тамақтану».


Сабақ барысы:

Тәрбиеші: Қазір сендер теледидардан суреттер көресіңдер. Суреттерді орыс тілінде атап, егер пайдалы азық-түлік болса – онда сендер қол соғыңдар. Егер пайдалы емес болса – онда қол соқпайсыңдар.


Слайдтар көрсету:

1 слайд – жұмыртқа

2 слайд – ет

3 слайд – сүт

4 слайд – йогурт

5 слайд – пирожное

6 слайд – торт

7 слайд – нан

8 слайд – хот-дог

9 слайд –шұжық

10 слайд – сәбіз

11 слайд – чипсы

12 слайд – банан


Тәрбиеші: Балалар, әр адамда өзінің сүйікті тамағы бар. Өздерің жақсы көретін тамақ түрлерін атаңдаршы.


Балалар: балалардың жауаптары.


Тәрбиеші: Балалар, қалай ойлайсыңдар, егер біз тек тәтті тағамдарды – торттар, тоқаштар, балмұздақ жей берсек не болады?


Балалар: Тістеріміз ауырады, ішіміз ауырады, жүйкеміз әлсірей бастайды.


Тәрбиеші: Дұрыс, балалар, сендер күшті әрі сап-сау балақайлар болып өсу үшін сендерге тек тәтті әрі дәмді тағамдарды ғана емес, түрлі тағамдарды да жеу керек. Балалар, дұрыс тамақтану жайында көп білгілерін келе ме?


Балалар: Иә.


Тәрбиеші: Онда, балалар, «Дені саулардың» еліне барып, «Пайдалы ас» дәрігерімен танысайық. - Жолға шықпас бұрын сәл демалып алайық, балалар!


Сергіту сәті:

Біз аяқпен топылдаймыз

Біз қолмен шапалақтаймыз.

Баспен біз шайқаймыз

Қолды жоғары көтереміз.

Одан кейін түсіреміз

Одан кейін ақырын

Саяхатқа шығамыз.


Тәрбиеші:- Дайынсыңдар ма? Ыңғайлап отырыңдар, біздің пойыз жүруге әзір: «Біздің вагондарымыз рельс үстімен кетіп барады,

«Дені саулар» еліне Еркетай тобын алып барады!»



Тәрбиеші: Мінекей, балалар, бұл «Дені саулар» елі.


«Пайдалы ас» дәрігері келеді. (ІІтоп балалары кетеді карточкалармен жұмыс істейді)


Дәрігер ПА: Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын! (Дәрігер киіммен киінген бала кіреді).


Балалар: Сәлеметсіз бе, дәрігер!


Дәрігер ПА: Не үшін келдіңдер?


Тәрбиеші: Бізге дұрыс тамақтану жайында айтып беруіңді сұраймыз. Өйткені біздің балалар дендері сау әрі өз денсаулықтарын ұзақ сақтағысы келеді.


Дәрігер ПА: Қуана-қуана көмек көрсетемін. Мен қандай азық түлік жейтінімді білгілерін келе ме?


Балалар: Иә.


Дәрігер ПА: Онда сендерге тапсырма жұмбақтарды шешіп, жауабы сол болады.


Дәрігердің жұмбақтары.

  1. Жас та болса қоңым бар

Қырық қабат тоным бар. (Қырыққабат)

  1. Жер бетінде шашы бар

Жер астында басы бар. (Сәбіз)

  1. Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)


Дәрігер ПА: Жарайсыңдар, балалар! Сендер жұмбақтардың шешімдерін таптыңдар. Балалар, сүтті ішуді ұнатасыңдар ма?


Балалар: Иә, жақсы көреміз.


Дәрігер ПА: Ал сендер білесіңдер ме, сүттен қандай тағамдар жасауға болады?


Балалар: Қаймақ, сүзбе, ірімшік, йогурт, айран, ұйыған сүт, сірнелер.


Тәрбиеші: Көрдің бе, дәрігер, біздің балалар сүттен жасалатын тағамдардың қанша түрін біледі.


Дәрігер ПА: Иә, жарайсыңдар, балалар. Бірақ та менде тағы да сендерге арналған бір тапсырма бар. «Дәмін ажырат» деген ойын.


«Дәмін ажырат» ойыны (алма, сәбіз, банан, нан, чипсы, йогурт ауызына салып ненің дәмі екенін айтады)


Дәрігер ПА: Жарайсыңдар, балалар! Сендер дұрыс тамақтанып, өз денсаулықтарыңызды ұзақ уақыт сақтаңдар. Ал маған кету керек. Ал мынау, балалар, менің баубақшамнан сендерге алмалар, жей қойыңдар. Ас болсын. Сау болыңдар, мен кеттім.


Дәрігер Пайдалы ас кетеді. (ІІтоп келеді шеңберге)


Тәрбиеші: Балалар, дәрігер қандай азық-түліктерді жеуді жақсы көреді екен?


Балалар: Балық, ет, көкөністер, жемістер, сүт, қаймақ, сүзбе, ботқа.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Ендеше сабағымызды қорытындылай келсек, сендерге Эйлер дөңгелегін ұсынамын. Мына үлкенге барлық азық түлікті салыңдар, ал енді қызылға пайдалы ас, көкке пайдалы еместерді салыңдар.


Тәрбиеші: Дұрыс балалар, енді мынаның барлығын бір сөзбен қалай айтуға болады?


Балалар: Тамақ, ас


Тәрбиеші: Әрине балалар дұрыс. Дендерің сау, күшті әрі әлді болып өсулерің үшін сендерге дұрыс тамақтану керек, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану керек және күн тәртібін сақтау қажет. Ал қазір біз топқа қайта оралуымыз керек. Вагондарда өз орындарына жайғасыңдар.

«Біздің вагондарымыз рельс үстімен кетіп барады,

«Дені саулар» елінен Еркетай тобын қайта алып барады!»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сабақтың тақырыбы: «Пайдалы ас» Ашық сабақ

Автор: Керемкулова Самал Талгатбековна

Дата: 31.01.2019

Номер свидетельства: 497959

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Дүниетану «Пайдалы қазбалар» 4 сынып"
    ["seo_title"] => string(36) "duniietanu_paidaly_k_azbalar_4_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "368087"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481388999"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Пайдалы ?азбалар. "
    ["seo_title"] => string(19) "paidaly-k-azbalar-1"
    ["file_id"] => string(6) "179923"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425099746"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Дүниетану сабағынан сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы "Пайдалы қазбалар""
    ["seo_title"] => string(74) "duniietanu_sabag_ynan_sabak_zhospary_sabak_tyn_tak_yryby_paidaly_k_azbalar"
    ["file_id"] => string(6) "430194"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1506682012"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Пайдалы  ?азбаларды  ?ндіру "
    ["seo_title"] => string(26) "paidaly-k-azbalardy-ondiru"
    ["file_id"] => string(6) "160257"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422019303"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "Пайдалы ?азба "
    ["seo_title"] => string(14) "paidaly-k-azba"
    ["file_id"] => string(6) "166437"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422961949"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства