kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: «Көктем орманға саяхат»

Нажмите, чтобы узнать подробности

тірі мен өлі табиғаттағы өзгерістер туралы білімдерін бекіту; тәжірибе арқылы су қасиеттерін анықтауға үйрету; табиғаттағы өзара байланыс пен зандылық туралы қорытынды жасай білу; балалардың қиялдарын, байланысты тілін дамыту; қоршаған табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру және оны қорғауға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: «Көктем орманға саяхат»»

Білім саласы: Таным

Бөлігі: Жаралыстану

Тақырып: «Көктем орманға саяхат»

Мақсаты: тірі мен өлі табиғаттағы өзгерістер туралы білімдерін бекіту; тәжірибе арқылы су қасиеттерін анықтауға үйрету; табиғаттағы өзара байланыс пен зандылық туралы қорытынды жасай білу; балалардың қиялдарын, байланысты тілін дамыту; қоршаған табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру және оны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: құстардың сайраған дауыстары (үнтаспа); орман, өзен макеттері; ағаш құрылыс материалдары; тас, шыны материалдары; дүрбілер; үш аю ойыншықтары немесе қуыршақ театрі; жәндіктер бейнеленген суреттер.

Сөздік жұмысы: жыл құстары, жәндіктер, жануарлар.

Билингвальды компонент: жыл құстары-перелетные птицы, жәндіктер-насекомые, жануарлар-животные.

Сабақтың барысы

Тәрбиеші:Балалар, бүгін сендерге орманға баруға ұсынамын. Орманға бару үшін үстімізге не киеміз? (Күртеше, жеңіл бас киім, туфля, крассовкаларды).

-Неге біз жеңіл киіндік? (Дала жылы).

-Неге жылы? (Күннің көзі жарқырап тұр).

-Күннің жылуына қарай табиғатта қандай өзгерістер болыпты? (Қар еріді, күн ұзарды).

-Балалар, қазір қандай мезгіл? (Көктем).

-Кәне, балалар, орманда өз-өзімізді қалай ұстауымыз керек екенін еске салайық. (Шуламау, қоқысты тастамау, құстардың ұясын бұзбау керек).

Тәрбиеші: Балалар, ақырғы рет біз орманда болғанда біз көбелектермен, құстармен кездеспедік ғой. Қалай ойлайсыңдар, неге? (Өйткені, сол кезде қыс болды, жәндіктер ұйықтап жатты, құстар жылы жаққа ұшып кетті, ал қазір олар қайтып келді).

-Қазір мен сендерге дүрбілерді тарап беремін, олардың жұмыс істеуін тексеріп алыңдаршы.

(Балалар қабылдау бөлмеден топ бөлмеге барады.Үнтаспадан құстардың сайраған дауыстары естіледі).

Тәрбиеші: Балалар, біз қайда келдік? (Орман алаңқайына).

-Сендер білесіңдер ме қандай құстар жылы жақтан ұшып келді?


«Құстарды ажырат» сөздік ойыны

Ойын шарты: тәрбиеші құстардың аттарын атайды, егер қателессе, балаларға шапалақтау керек және қателесті атап өз ойларын жеткізу керек.

Құстар ұшып келді: көгіршін, сүр қарлығаш, қараторғай, масалар... (Балалар шапалақтайды)

-Не дұрыс емес? (Масалар)

-Масалар бұл кім? (Жәндік).

-Дұрыс.

-Құстар ұшып келді: тырналар, қарғалар, торғайлар, макарондар... (Шапалақтайды)

-Не дұрыс емес? (Макарондар, бұл тағам).

-Құстар ұшып келді: көгіршіндер, сауысқандар, көкектер, ақ сусарлар... (Балалар шапалақтайды)

-Не дұрыс емес? (Ақ сусалар құс емес, ол жануар).

-Құстар ұшып келді: қарлығаш, тоқылдақ, көбелек... (Шапалақтайды)

-Не дұрыс емес? (Көбелек құс емес, ол жәндік).


Тәрбиеші: Балалар, жолымызды жалғастырайық. Қараңдаршы, жолымыз өзеннің алдында үзіліп тұр. Өзеннің басқа жиегіне қалай жетеміз? (Қайықпен, кемемен, жіппен, бөренелерден құраған салмен).

-Егер қайықпен өтсеміз, оны неден жасаймыз? Бізде міне ағаш, тас, шыны материалдар бар.

Тәжірибе жасау.

-Кәне, бұл заттарды кезек-кезек суға батырып, олардың қасиеттерін анықтап білейік.

Ағаш – жеңіл, мықты, суға батпайды.

Тас – ауыр, мықты, суға батады.

Шыны – сыңғыш, ауыр, суға батады.

Қорытынды: қайықты ағаштан жасауы дұрыс, өйткені ол мықты, жеңіл және суға батпайды.

Тәрбиеші: Міне, өзеннің басқа жиегіне жеттік. Балалар, қараңдаршы, өзен үстінде нелер қалқып тұр? (Жабайы үйректер).


Сергіту сәті (үйректердің биі).


Тәрбиеші: Балалар, біз ең негізгі ережені ұмытып қалыптымыз. Орманда шуламау керек, ал біз шулап кеттік. Балалар, өз дүрбілерінізге қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар? Қалын орман ішінде аңдар жүрген шығар. Балалар тыныш, мен әне ағаштардың арасында аюларды көріп тұрмын. Бұл аюлардың отбасы екен ғой. Кәне, балалар, ақырын отырып оларды бақылайықшы.

-Аюлар қандай және олар не істеп жатыр? (Балалардың жауабы).

-Балалар, оларды біз қыста неге кездеспедік? (Олар үңгірде ұйықтап жатты).

-Балалар, қонжықтар қайда туды? (Үңгірде).

-Қашан? (Қыста).

-Аю-ене қонжықты немен көректендіреді? (Сүтпен).

-Көктем мезгілде аюлар немен көректенеді? (Жасыл шөппен, ұлулармен, құмырсқалармен).

-Қазір мен сендерге аю қалай көктемді қарсы алғаның айтып беремін.

Өлең оқиды (Г. Ладонщиков «Ұйқыдан ояну» өлеңі)

Уайым жоқ, қайғы жоқ,

Ұйықтады аю тұтас қыс.

Апанда жатыр қимылсыз,

Көрген де шығар тәтті түс.

Кенеттен маймақ оянды,

Мазасын алған тамшыдан.

Сипалап көрсе жан-жағы,

Су екен тоны малшынған.

Ұмтылды сыртқа түсінбей,

Апанын тастап күнелткен.

Қар еріп, дала елжіреп,

Келіпті көктем гүл еккен.

Тәрбиеші: Аю көктем мезгілінде орманда не істейді? (Балалардың жауаптары)

-Балалар, қыстан кейін аюдың арқасы қышып ол ағашқа сүйкінеді екен.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар неге ол солай істейді? (Аюдың қалын жүні түседі, жазға қарай оған ыстық болмау үшін селдірі жүн өседі).


Сурет бойынша әңгіме.

Сұрақ – жауап арқылы суреттін мазмұнын ашады:

-Аюлар қайда? (Өзенде).

-Аю-ене не істеп жатыр? (Балық аулап тұр).

-Балықты аю қалай аулап тұр? (Балықты аяқ табанымен соғып алып қонжықтарына беріп отыр).


Тәрбиеші: Балалар, бұл орманда тағы тиіндер бар екенін білемін, бірақ оларды көрмей тұрмын. Балалар айналадағы ағаштарға қарап табыңдаршы. (Шырша үстінде тиін отырады, шырша астында 2-3 жанғақтар жатады).

-Балалар, қараңдаршы, бұл жанғақтардың тұқымдарымен тиіндер мұмкін көректенді.

-Тиіннің түсі қандай? (Қызғылт-сары).

-Қыс мезгілде олардың түсі қандай болды? (Сүр түсті).

-Оларға не болды? (Түлеу).

-Тиін орманда не істейді? (Ағаш қуысың қоңыстырады, саңырауқұлақтарды жинап кептіріп, қоймасын толтырады).

-Тағы қандай аңдар түлейді? (Қояндар).

-Неге көктем мезгілде орман ішінде кішкентай аңдар көбиеді? (Үлкен аңдар әулет шығарып, оларды көректендіреді, жаудан қорғануға және өз-өзіне көрек табу үшін аулау білуге үйретеді).


Тәрбиеші: Балалар, аңдарды қорқытпап, ақырын анау жердегі алаңқайға барайық, отырып дем алайық. Тағы орманда нелерді кездесуге болады? (Жәндіктерді).

Жәндіктер туралы жұмбақтар жасырады. (Жұмбақтарды шешіп, суретпен сәйкестіреді).

Жұмбақтар

Гүлдің нәрін жинайды,

Адамға бал сыйлайды. (Ара)


Ине жоқ, жібі жоқ,

Бірақ шілтер тоқиды. (Өрмекші)


Өзі төрт қанатты,

Және алты аяқты.

Сонда да тікұшақ,

Моделі сияқты. (Инелік)


Ат басты, арқар мүйізді,

Бөре кеуделі, бөкен санды.

Қос қанатты, құмырсқа ізді,

Бота тірсекті. (Шегіртке)


Бір палуан өзі күшті, қайраты мол,

Өзінен үлкен затты көтерер ол. (Құмырсқа)


Тәрбиеші: Балалар, біз орман ішін аралап шықтық, енді бізге балабақшаға қайтуға уақыт келді.

-Балалар, сендер бүгін қайда бардыңдар? (Орманға бардық)

-Орманда нелерді көрдіңдер? (Жануарларды көрдік)

-Қандай жануарлар көктем мезгілінде оянады? (Аюлар, кірпілер)

-Көктем мезігінде тағы қандай өзгерістер болады? (Құстар ұшып келеді, жәндіктер де оянады).




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сабақтың тақырыбы: «Көктем орманға саяхат»

Автор: Мизерная Гульнар Канапьяновна

Дата: 06.11.2018

Номер свидетельства: 483790

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Саба?ты? та?ырыбы: «К?ктемгі таби?ат?а саяхат» "
    ["seo_title"] => string(51) "sabak-tyn-tak-yryby-koktiemghi-tabig-atk-a-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "202840"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429343308"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Саба?ты? та?ырыбы:     Кітап - ?мір ?стазы"
    ["seo_title"] => string(31) "sabaktyntakyrybykitapomirustazy"
    ["file_id"] => string(6) "298335"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456316488"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""К?ктемгі орман?а саяхат" "
    ["seo_title"] => string(30) "koktiemghi-ormang-a-saiakhat-1"
    ["file_id"] => string(6) "187248"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426494303"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Ашық сабақ Сабақ тақырыбы :Көктем"
    ["seo_title"] => string(35) "ashyk_sabak_sabak_tak_yryby_koktiem"
    ["file_id"] => string(6) "408974"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492082631"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Сабақ тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім"
    ["seo_title"] => string(37) "sabak_tak_yryby_soz_taptary_zat_iesim"
    ["file_id"] => string(6) "363685"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480395061"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства