Құрметті ата-аналар, әріптестер бүгінгі келіп жеткен 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты күндеріндей жүздеріңізден қуаныш пен мейірім шағапын шашып, әр адамның жанына шипа бола берсін. Бақыт пен денсаулық тілеймін!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Рахмет саған "Анашым"»
Кейіпкерлер: Нұрлы қояндар, Гүлпатшайымы, Қызыл телпек, Қарақшы.
(Көңілді әуен ойналады, жүргізушімен балалар безендірілген залға кіреді)
Тәрбиеші:
Ана десем алғыс алам халқымнан.
Ана десем теңіз болам шылқыған.
Ана десем әділтікті ұғамын,
Адам барма ана сүтін татпаған.
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,
Адалдықты, ар-намысты сақтаған.
Мен анамның сонысымен мақтанам!
Құрметті ата-аналар, әріптестер бүгінгі келіп жеткен 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты күндеріндей жүздеріңізден қуаныш пен мейірім шағапын шашып, әр адамның жанына шипа бола берсін. Бақыт пен денсаулық тілеймін!
Ал енді №6 II кіші топ бүлдіршіндерін қарсы алайық.
/Әуен ойналады, ішке Қызыл телпек кіріп келеді. Ол гүл теруге шыққан/
Қызыл телпек( суық демін алып)
Енді не істеймін? Мен 8 наурыз мерекесімен әжемді, анамды құттықтайын деп едім.
Оларға гүл сыйлағым келіп еді, бірақ гүл таба алмай жүрмін. Ой, сәлеметсіңдер ме балалар?Сендер бүгін қандай әдемісіңдер! Сендер мұнда неге жиналдыңдар?
Балалар: Анамыздың, әжеміздің, мен тойлау үшін жиналдық.
Қызыл телпек: Ал, сендер мерекеге не дайындадыңдар?
Тәрбиеші: Біздің №6 II кіші топ бүлдіршіндері «Аспазшылар» биін өте жақсы билейді.
Қызыл телпек: Қуанғаннан секіріп, қолын соғады. Ал маған тамашалауға болама?
Тәрбиеші: Әрине, болады. Олай болса «Аспазшылар» биін қарсы алайық.
Би: «Аспазшылар»
Қызылтелпек: Қандай жақсы. Балалар тағы қандай сыйлық дайындадыңдар?
Жүргізуші: Біздің балалар ана туралы тақпақтар айтқылары келіп отыр.
Сәлеметсіздерме қадірменді қонақтар! Сіздерді көрмегенімізге қуаныштымыз. Бізді Күн көмекке жіберді.
Сендер де қандай жағдай болып қалды?
Тәрбиеші: Қызыл телпек әжесі мен анасына гүл сыйламақшы болған екен, бірақ ауа-райына байланысты ма? Ол гүл таба алмай жүр.
Нұрлы қояндар: Олай болса бәріміз бірге ауа-райын жылытайық. Балалар ауа-райын жылытуға сендер бізге көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Нұрлы қояндар: Қызыл телпек, ал сенше?
Қызыл телпек: Иә, әрине.
Қызыл телпек: Олай болса бәріміз бірге ана туралы ән шырқайық.
Ән: «Ақ мамам»
Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман-сау жүр Ақ мамам!
Күлімдеген кеңінен,
Күнмейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға,
Жақын жан жоқ өзіңнен,
Жақын жан жоқ өзіңнен
Көрсетемін күлімді,
Жарық еткен күндерді,
Бір сырып мен сыйлаймын,
Жұрт көрмеген күндерді.
Нұрлы қояндар: Қандай керемет!
Қарақшы: Сәлеметсіздер ме!
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, сіз кімсіз?
Қарақшы: Мен қарақшымын.Мен көңілді күлкіні, барлық жақсы мерекелерді жақтырмаймын. А-а-а бұл жерде жаман қояндар да бар екен ғой. Қазір мен оларды қуып жіберейін.(қуып жібереді.)
Қызыл телпек: Сен не істедің? Енді күн жерді жылытпайды. Мен анама гүл сыйлай алмаймын ғой!
Жүргізуші: Құрметті қарақшы! Сенің көңіл-күйіңді қалай көтеруге болады. Саған біздің балалар мерекеге дайындаған тақпақтарын айтып берсінші!
1.Тарлан: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді,
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
2.Жұлдыз: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
3.Дінмұхаммед: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
4.Қаламқас: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жаздым бүгін саған,
Мейрамың мен құттықтаймын.
5.Айару: Ақ қабатты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым!
Қарақшы: Сендер менің көңіл-күйімді көтере алмадыңдар. Тағы қандай өнерлерің бар?
Тәрбиеші: Онда біз саған «Топ-топ балақан» әнін айтып берейік.
Ән: «Топ-топ балақан»
1. Біздер үйдің гүліміз,
Біздер үйдің күніміз.
Ата-анаға қуаныш,
Біздің әсем үніміз.
Қ-сы:
Топ-топ балақан
Шапалақта алақан
Мәпелеген анамыз
Әке біздің панамыз
Кәмпит берсе біздерге
Риза болып қаламыз
2. Аман болсын анамыз
Аман болсын панамыз
Аман болса екеуі
Жұлдыз болып жанамыз
Қ-сы:
Топ-топ балақан
Шапалақта алақан
Мәпелеген анамыз
Әке біздің панамыз
Кәмпит берсе біздерге
Риза болып қаламыз
Қарақшы: Тапаншасымен аспанға оқ атады.
Ой маған өте қатты ұнады, менің көңіл-күйім көтерілді! Сендер өнерлі балалар екенсіңдер! Мен қателесіппін.
Жүргізуші: Қызыл телпекке қарап, уайымдама! Біз бірдеңе ойлап табармыз (сол кезде әуенмен қояндар және гүл патшайымы бір уыс гүлмен кіріп келеді)
Гүл патшайымы: Сәлеметсіздерме балалар! Сәлем құрметті қонақтар! Мен гүл патшайымымын! Сендерді көргеніме қуаныштымын, мерекелерің құтты болсын!
Көңіл-күйлерің барлық кезде осындай көтеріңкі болсын! Нұрлы қояндарды өзіммен бірге ертіп келдім.
Мен сендерге арнап «Қыздарға гүл сыйла» ойынын алып келдім.
Менімен ойын ойлағыларың келе ме?
Ойын: «Қыздарға гүл сыйла»
Ойынның шарты: Ортада екі үстел тұрады. Үстінде гүл, моншақ, сөмке, қалпақ тұрады.
Сол үстелге қарама-қарсы қыздар тұрады. Ойынға екі бала қатысады. Ұл балалар үстел үстіндегі заттармен қыздарды жарысып безендіреді.
Қызыл телпек: Гүл патшайымы! Сізге кездескенімізге сондай қуанып тұрмын. Мен анама, әжеме гүл сыйлау үшін әдемі гүлдерден жинап алып келейін.
Қош сау болыңыз!
(Қызыл телпек балалармен қоштасып, рахметін айтып шығып кетеді.)
Жүргізуші: Рахмет саған, Гүл патшайымы! Көктемді алып келіп, біздің көңіл-күйімізді көтергенің үшін. Ендеше біз көктем мезгіліне дайындаған сән үлгісі бар.
Гүл патшайымы: Ой, өнерлі екенсіңдер, көп-көп рахмет сізерге. Менің кетуім керек. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Сау болыңыз: Осымен біздің №6 II кіші тобының «Наурыз – көктемнің көңілді мерекесі!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Біздің балаларымыздың өз қолдарымен жасаған сыйлықтары бар, соны табыс етуге рұқсат етіңіздер!