kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Рахмет, саған Анашым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспен

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Рахмет, саған Анашым"»

Мақсаты: Балаларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.


Жүргізуші: Құрметті әжелер, апалар, ұжымдастар! Сіздерді шын жүректен 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ашық аспан, жарқын болашақ тілейміз!

Жасандырып жас талды,

Көктем айы басталды.

Қызыл гүлдей қыздарың.

Кимешекті әженің,

Қарындас пен әпкенің,

Мейрам айы екенін. - деп отырып ертеңгілігіміздің сәні, көркі №13 ортаңғы тобының балаларын ду қол шапалақпен ортаға шақырамыз. /Әуенмен балалар залға кіреді/.

Балалар ортада тұрып «Ақ мамам» әнін орындайды.


Ән: «Ақ мамам»

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман-сау жүр ақ мамам.


Қайырмасы: Күлімдеген көзіңнен,

Күн мейірімі сезілген.

Бұл жалғанда баланың

Жақын жан жоқ өзіңнен

Жақын жан жоқ өзіңнен.


Көрсетемін күлімді,

Жарық еткен күндерді.

Бір сырып мен сыйлаймын,

Жұрт көрмеген күндерді.


Жүргізуші: Таңдай қағар тамсана,

Тіршіліктің басы — Ана.

Қыздырайық тойды біз,

Тақпақ айтып бәріміз.


Әбілмансұр Бесіктерін әнімен,

Тербетуде аналар.

Жасай берсін сәнімен,

Жер бетінде аналар.


Кәусар Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Бізді аналар қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.





Қарақат Құтты болсын ақ анам,

8-наурызың

Қасында бол әрқашан,

Жансын жарық жұлдызың.

Тілейді бақыт бір саған,

Әлпештеген ұл-қызың.


Ұлан Әділдікке баулыған

Жүрегінде махаббат

Жанымызды жайнатқан

Сіздер ғой аналар!

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалардың


Сезім Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Аналардан тарайды,

Біздің ана тіліміз.


/Осы кезде керуетте ерке қыз ұйықтап жатады, анасы келеді/.


Анасы: Тұра қойшы қызым менің,

Тұра ғой, күнім.

Әдемілеп тарайыншы,

Шашыңды сенің

Төсегеңді жинай ғой алтыным.


Қыз: Ештеңеге зауқым жоқ!


Анасы: Жарайды, ендеше мен кеттім.


Әжесі: Тұра қойшы, ботам менің

Тұр қой енді.

Ұйқыммен таңды атырып,

Батырдың күнді.

Тәтті бәліш пісіріп қойдым көп.


Қыз: Ештеңеге зауқым жоқ!


Әжесі: Жарайды, ендеше мен кеттім.


/Ғажайып періште келеді, қыз ұйықтап жата береді/.


Ғажайып періште: Сүйкімді қыз тұрсайшы!


Қыз: Сіз кімсіз?


Періште: Мен ғажайып періштемін. Мен барлығында көріп тұрмын. Сен анашыңды да, әжеңді де ренжіттің. Бүгін олардың мерекесі екенін ұмытып кеттің.


Қыз: Енді мен оларды қалай қайтарсам екен, қарным да ашып кетті, оларды қатты сағынып кеттім. Ғажайып періште, сіз сиқырлы болсаңыз, оларды қайтаршы.


Періште: Жоқ, олай болмайды, сен оларды өз еңбегіңмен қуантуың керек. Сонда ғана барлығы өз орнына келеді.


Қыз: Анамды да, әжемді де ренжіттім. Мен оларды қалай қуантамын?


Періште: Сен қарашы айналадағы балалар қандай әдемі! Олар анасын құттықтауға келіп отыр.


Қыз: Балалар, маған көмектесесіңдер ме?


Балалар: ия көмектесеміз.


Жүргізуші: Балалар көмектесейік, ендеше тақпақтар айтып берейік.

Айсұлу Теңдесі жоқ данасың,

Арқа сүйер анасың.

Еңбегіңді ақтаймын,

Аман болшы анашым!


Алихан Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймын мерекеңмен,

Құрметті аналар.



Жанерке Адал бол деп балдырған

Әділдікке байлыған

Жүрегінде махаббат

Тілегенде махаббат

Анамызға м ың алғыс.


Каусар Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім,

Қартаймашы анашым.


Қыз: менің есіме түсті. Аналар мерекесі көктемде болады. Көктемде гүлдер шығады.


Періште: Дұрыс айтасың, көктемде бәйшешек гүл атады.


Жүргізуші: Қыздарымызды көңілді,

Шақырамыз ортаға.

Тойымызға сән беріп,

«Қуыршақ» биін билейді.


Би: «Қуыршақ»


Жүргізуші: Айта берсек таусылмас,

Мерекеде ән-жырымыз,

Кел одан да аналар,

Ойын ойнайық жаңа бір.


Ойын: «Түймедақ гүлі».

Ойын шарты: Түймедақ күлтелеріндегі тапсырмаларды орындау.

Ойынның жүрісі: Ортаға алты ата-ана шығады. Магнитті тақтаға қойылған түймедақ күлтешелерінің артындағы тапсырмаларды орындайды.

Ойынның тапсырмалары:

  1. Оң аяқпен төрт рет, сол аяқпен төрт рет және қос аяқтап төрт рет секіру?

  2. Әтеш қалай шақырады?

  3. Күлтешеде жазылған мақалды жалғастыр?

  4. Түлкінің жүрісін салу?

  5. Ана туралы тақпақ айтып беріңіз?

  6. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше?


Жүргізуші: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ендігі тақпақтар кезегін,

Әжемізге арнаймыз.


Сұлтан Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.


Сабина Я бабуленькую родную,

Очень крепко поцелую.

Ведь бабуленька моя,

Очень-очень добрая.


Даулет Әжемді жақсы көремін,

Өлең айтып беремін.

Үлкен болып өскенде,

Бәрін алып беремін.


Айлин Моя бабушка родная

Лучшая на свете.

Самая красивая,

На всей большой планете.

Қыз: Ғажайып періште, менің анам мен әжем келе ме? Мен оларды қатты сағынып кеттім.


Періште: Мен өзімнің сиқырлы күшіммен сенің анаң мен әжеңді алып келгенмін, олар осында. Ақ сүт берген аналарың мен мәпелеген әжелеріңді ешқашан ренжітпеңдер. Ал, мен сияқты балаларға жөн сілтеп көмектесуім керек. Мен кеттім, сау болыңдар!


/Ғажайып періште кетеді, ортаға ана мен әже келеді/.


Қыз: Мен сендерді ешқашан ренжітпеймін.


/ «Анашым», «Әжешім» деп екеуін құшақтайды/.


Ана мен әже: Біз де сені жақсы көреміз.


Қыз: Маған балалар қатты ұнады, олар маған көмектесті.


Жүргізуші: Ендеше біздің балаларымыздың «Анашым қартаймашы жалынамын» әнін қабыл алыңыздар.


Ән: «Анашым қартаймашы жалынамын»


1. Оянғанда түнде жұбатып,

Ақ сүт берген өсірген

Басқанымда тәй-тәй қуантып,

Тұсауымды кестірген


Қайырмасы: Анашым құдіретіңе табынамын,

Көрмесем бір күн сені сағынамын.

Анашым қартаймашы жалынамын,

Анашым қартаймашы жалынамын.


2. Көз алдымда дәурен балалық.

Тілімді алмай өсірген.

Балалық қылсам шалалық,

Әр кез мені кешірген.


Қайырмасы: Анашым құдіретіңе табынамын,

Көрмесем бір күн сені сағынамын.

Анашым қартаймашы жалынамын,

Анашым қартаймашы жалынамын.


3. Анашым саған қарызым,

Бас иемін даңқына.

Білемін өтеу парызым,

Кір келтірмей атына.


Қайырмасы: Анашым құдіретіңе табынамын,

Көрмесем бір күн сені сағынамын.

Анашым қартаймашы жалынамын,

Анашым қартаймашы жалынамын.


Әже: Балаларымның ептілігі мен шапшаңдылығын байқау үшін «Жіп орау» ойынын ойнатып көрейін.


Ойын: «Жіп орау»


Ойын шарты: Балаларға тарқатылған жіпті беру. Балалар жіпті тез орау керек.


Ойынның жүрісі: Әжей ойынға екі топтан бір-бірден бала шығарып, ойын шартын айтып түсіндіреді. Жіп орау арқылы балалардың шапшаңдылығын анықтайды.


/Ана мен Әже кетеді/.


Жүргізуші: Келесі кезекте ұлдарымыздың «Аналарымен вальс» биін қабыл алыңыздар.


Би «Вальс» /аналарымен/


Жүргізуші: 8-наурыз — аналар мерекесі, көктемнің алғашқы сахнасы. Жылы нұрын төгіп көктем келді. Шуағына адамзатты баурап алды. Балалар, бір әдемі әуенді естисіңдер ме?


/Әуенмен көктем кіреді/.


Көктем: Сәлем, Сәлем балақайлар,

Әзиз әже, назды апайлар.

Мол шуақты ала келдім,

Қуаныңдар алақайлар.

Жерге кілем жаба келдім,

Құстар әнін ала келдім.

Жан бітіріп табиғатқа,

Әсем әнге сала келдім.


Жүргізуші: Сәлеметсізбе Ару Көктем!

Сені асыға күттік көптен,

Жер-анамыз бір бусанды.

Күн де нұрын төгіп көптен,

Төрлетіңіз, Ару көктем! Балаларымыздың сізге арналған ән-шашу, тақпақтарын тыңдаңыз.


Анисса Күн шуағын шашады,

Жауын да жауып алады.

Көктем келіп жеткенде,

Ағаштар бүршік жарады.


Мансур Мәпелеп мені өсірген,

Ризамын мен өзіңе.

Ана деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде.


Алинұр Аспандағы айымсың,

Бақытыма балаған.

Құтты болсын мерекең,

Айналайын жан анам.


Есенбет Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.


Жүргізуші: Ару көктем, біздің сәнқой сұлу қыздарымызды қарсы алыңыз!

/Сән көрсететін қыздарымыз ортаға шығады/ әуенмен/

- Жарайсыңдар қыздар!


Өмірге бізді келтіріп,

Жарық дүние сыйлаған.

Жамандыққа баласын,

Ешқашан да қимаған.

Көрмесін қайғы балалар,

Аман болсын — аналар!


Құрметті ата — аналар! Осымен бүгінгі біздің «Айналайын, ақжаулықты аналар» атты ертеңгілігіміз аяқталды. № 13 ортаңғы тобының балаларының өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ата-аналар қабыл алыңыздар!

Ақтау қаласының әкімдігінің білім бөлімінің №55 «Қыран» балабақшасы

мемлекеттік - жекеменшік серіктестігі



«Келісемін» «Бекітемін»

№55 «Қыран» балабақшасының №55 «Қыран» балабақшасының

әдіскері директоры


______________ Д.С. Қарабалаева _____________ М.Ж. Утесинов


«____» ______________ 2019ж. «____» ______________ 2019ж.




«Айналайын, ақжаулықты аналар»


(8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік сценарийі)

(№13 ортаңғы топ)



Дайындағандар:

Әдіскер: Д.С. Карабалаева

Музыка жетекшісі: С.Ш. Балшенова

Өткізген: №13 ортаңғы топ тәрбиешісі

М.Н. Сундетова




Ақтау қаласы,

2018-2019 оқу жылы












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Рахмет, саған Анашым"

Автор: Курманова Арайлым Пернебайқызы

Дата: 22.04.2019

Номер свидетельства: 508030

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Рахмет са?ан,?ліппе! "
    ["seo_title"] => string(24) "rakhmiet-sag-an-lippie-1"
    ["file_id"] => string(6) "164137"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422598448"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Рахмет, са?ан ?ліппе!"
    ["seo_title"] => string(20) "rakhmietsaganlippie7"
    ["file_id"] => string(6) "337456"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1468436512"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Утренник :"Аялаған анашым""
    ["seo_title"] => string(27) "utriennik_aialag_an_anashym"
    ["file_id"] => string(6) "463548"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522058552"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "8-наурыз аналар мерекесіне  арнал?ан ерте?гілік"
    ["seo_title"] => string(48) "8nauryzanalarmieriekiesiniearnalganiertienghilik"
    ["file_id"] => string(6) "312021"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459273093"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Ана -күннің шуағы" ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(35) "ana_kunnin_shuag_y_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "398926"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489135250"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства