Просмотр содержимого документа
«"Рәміздер" зияткерлік сайыс»
Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін кеңейту.Мемлекеттік құрметтеуге тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойында патриоттық сезім, отаншылдық рух дамыту.
Көрнекілігі: Еліміздің рәміздері , тақырыптық слайд
Сабақтың түрі: Интеллектуалдық сайыс
Барысы:
(Жай ырғақты әуен орындалады)
Қазақстан –
Бай өлкем шарықтаған
Толастамай көңілде қалықтар ән
Қазақстан –
Мекені қайсарлардың
Қазақстан –
Алатау алып далам!
Қазақстан –
Жеңісті жаңа күндер,
Қазақстан –
Толқынды, дала гүлдер
Қазақстан –
Әлемді елеңдетіп,
Байқоңырдан зулаған карабльдер
деп Фариза апай жырлағандай, Қазақстан тәуелсіздігіне міне 20 жыл толып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алғалы уақытпен бірге алға ұмтылуда. Қазақстан Республикасы Конституциясында «Рәміздерге: Гимн, Ту, Елтаңбамыз жатады»делінген. Бүгінгі интеллектуалды сайысымыздың «Үмітін елдің арқалап, Арманнан туған рәміздер» деп аталып, осы рәміздерге байланысты болмақ.
Ал, балалар интеллектуалды сайысымыздың Әділқазы мүшелерін таныстырып өтейін.
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
1 - бөлім: «Бәйге»
2 - бөлім: «Жорға»
3 - бөлім: «Кім жүйрік?»
4 – бөлім: «Мақал табар жалғасын»
5 – бөлім: «Егер мен президент болсам....»
1 – бөлім «Бәйге» бөлімінінің шарттарымен таныстырып өтейін.
«Бәйге» бөлімінде балаларға сұрақтар беріледі. Сұраққа сол мезетте жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Бұл бөлімде ең ұпайы аз 1 ойыншы ойыннан шығады.
Сұрақтары:
Мемлекеттік Гимнді орындаған кезде қатысушылар қалай тұру керек?
( Қатысушылар оң қолдарын жүрек тұсына қойып айтады)
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл неше жыл? (20 жыл)
Республикамыздың Елтаңбасында не бейнеленген?(Шаңырақ, пырақ, дән және «Қазақстан»деген жазу бейнеленген)
Елтаңбада негізгі қолданылатын түс қандай? (Алтын түстес)
Мемлекеттік Елтаңбамызды қай жерлерден көріп жүрсіңдер? (Мөрден, тиын ақшадан, төлқұжаттардан)
Қазақстан Республикасының Туында не бейнеленген? (Түсі көк, күн, қыран құс және қазақтың ою - өрнегі бейнеленген)
Мемлекеттік Туымыз қай жерлерде орналастырылады? (Мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында орналасады)
Қазақстан Республикамыздың «Тәуелсіздік күні»қай күн?
(16 желтоқсан)
Келесі 2 – бөлім «Жорға» деп аталады. Мұнда балалардың рәміздерге байланысты тақпақтары тыңдалады. Айту мәнеріне қарай тақпақтар бағаланып, әлсіз 1 ойыншы ойыннан шығады.
Ерболат:
Көк туымды қолыма,
Бүгін берік ұстадым.
Түсті бақыт жолына,
Менің қазақстаным!
Нұрай:
Толқыған дәні бар,
Мамырлаған малы бар.
Қыран қанат әні бар,
Қазақстан келбеті
Елтаңбадан табылған.
Інжу:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Айзере:
Бақыт, бірлік күн талабы,
Тоқтамайды демі
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Гимні.
Ерасыл:
Көк байрақ, көк аспан
Алтын күн нұр шашқан
Әлемге танылған,
Тәуелсіз Қазақстан!
«Кім жүйрік?» деп аталады. Мұнда әуенді сұрақ және бейне сұрақ беріледі. Басқа мемлекеттік рәміздердің ішінен Қазақстанның рәміздерін ажыратып табу керек. Ұпайы аз 1 ойыншы ойыннан шығады.
Келесі бөлім «Мақал табар жалғасын» деп аталады. Бұл бөлімде Мен мақалдың бір бөлігін айтам, балалар екінші бөлігін тауып мақалды толықтырады. Соңында 1 ойыншы ойыннан шығады.
Мақал – мәтелдер:
Отан – үшін отқа түс күймейсің
Отан - отбасынан басталады.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
Жеткен жерінде көгерер,
Ер елінде көгерер.
Соңғы турымыз «Егер мен президент болсам....» деп аталады. Мұнда
1 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде бала өзінің президент болған жағдайда халқына қалай қамқор болатынын айтады.
Сайысымыз өз мәресіне жетті. (Әділқазы мүшелері жеңімпазды анықтайды.Марапаттау рәсімі.)
Сонымен балалар, мемлекеттік белгілерді, рәмізімізді құрмет тұту - әрбір Қазақстандық азаматтың міндеті екенін ешқашан ұмытпағанымыз жөн.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық торқалы тойы баршаңызға құтты болсын!