Дәлелдеу - ояту | Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. Балалар бүгін біздің тобымызға көптеген апайлар келіп отыр екен.Қонақтармен амандасып, қош келіпсіздер деп айтайық. Енді балалар,қолдарымыздан ұстап,алақандарымыздан қысып,бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік. Балалар алақандарымыз ыстық па? Осы ыстық лебіз қайдан шығады? Дұрыс, жүрегімізден.Жүрегіміздегі жылы лебізді алып ,бір-бірімізге сыйлайық. Балалар терезеден далаға қараңдаршы? (Ауа райы және жыл мезгілі туралы әңгіме жүргізу) | Шаттық шеңберін орындайды. Апайлармен амандасады Балалар жылы лебіздерін білдіреді . Ыстық Жүрегімізден Алақандағы жүректерін үріп жібереді. Жыл мезгілі туралы айтады |
Ұйымдастыру – іздену | Балалар транспорт дегеніміз не? Транспорт не үшін қажет? Транспорт түрлерін білеміз бе? (Сурет арқылы транспорт түрлерін көрсету) Суда жүзетін көліктерге:Кеме,қайық Жерде жүретін көліктерге: машина, камаз,автобус Әуеде ұшатын транспорт түріне: ұшақ,зымыран, Темір жол транспортына: Пойыз не үшін қажет? Пойызбен адамдар қайда барады? Пойызбен,жолаушылар, яғни адамдар әр түрлі себептермен бір жерден екінші жерге қатынайды. Біреулер туыстарына барса, енді біреулері сауда жасау үшін бір қаладан екінші қалаға барады екен Сендерде үлкен қалаларға барғыларың келмей ме? Бүгін біз Астана қаласына бару үшін, түрлі-түсті қағаздан жолаушылар таситын пойызды жапсырамыз.Мен паровозын жапсырып,дайындап қойдым,сендер вагондарын жапсырасыңдар. Вагондарымыз әдемі, көңілді болу үшін әр-түрлі түстен жапсырамыз.Әр вагонның өз тапсырмасы бар. Дидактикалық ойын: «Вагондарда кім бар?» Ойынның шарты:Әр вагондағы тапсырманы орындағаннан кейін,вагондарды қатарластырып жапсыру. Тапсырма 1: Бірінші вагонның жануарларының даусын үнтаспа арқылы тыңдату. (Ит,мысық) Тапсырма 2: Вагондағы аңдарды сурет арқылы жасыру.(Аю,түлкі) Тапсырма 3: Вагондағы жануарды жұмбақ арқылы тапқызу (Қасқыр,қоян) Жарайсыңдар,вагондардың тапсырмасын жақсы орындадыңдар. Балалар пойыздың даусы қалай шығады.Салып көріңдерші. Ал енді паровоз тоқтап,тормоз беріп түтін шығарды. Қәне дауысын салайықшы. С с с с с... Ендеше жай қарындаштарымызды алып паровоздан шыққан түтінді салайық. Жарайсыңдар, ендеше пойызға мініп Астана қаласын саяхаттап қайтайық (Астананың суреттрін слайд арқылы көрсету) Мен паровоз от алам Астанаға бет алам Пуп,пуп,пыш,пыш Бірте – бірте тездейміз Тез жетуді көздейміз Пуп,пуп,пыш,пыш Қаладан көп отеміз Астанаға жетеміз Міне балалар Астанағада келдік | Транспорт туралы білгендерін айтады. Транспорт түрлерімен танысады Темір жолмен Балалар тапсырманы шешіп, вагондарын жапсырады. Пойыздың макетіне мініп саяхатқа шыгады Өлеңді қайталап айтып отырады Астананы суреттен қарап тамашалайды |
Рефлекстік түзету | Сөздік жұмыс: Вагон,пойыз Көрме ұйымдастыру: Ерхан саған кімнің жұмысы ұнады? Айеркем саған ше? Пойыз, пойыз Судай жаңа, Жылтырайды шынымен. Не бар екен пойызда? Аю менен түлкілер Мысықтармен қояндар Міне, осындай пойызды Балаларға сыйлаймыз. Ұзақ, ұзақ,жол ұзақ Оқу іс- әрекетін қорытындылау: | Сөздерді қайталайды. Өздеріне ұнаған суретті көрмеден таңдайды. Балаларды жұлдызша арқылы мадақтау |