Просмотр содержимого документа
«Ашық оқу қызметіи"Пойыз"»
Білім беру : Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру.
Тақырыбы: Пойыз
Мақсаты: Балалардың пойыз туралы білімдерін, темір жолда жүретін көлік екенін түсіндіру; ұсақ бөлшектерді қосу; шығармашылық ойды дамыту.Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: Паравоз, вагон.
Қостілділік компонент:Пойыз -поезд
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, саяхат сабақ.
Көрнекілігі: пойыздың суреттері ,пойыздың макеті.
Оқу қызметінің кезеңдері:балалар пойызға мініп(пойыздың макеті) «Айгөлек» тобына саяхатқа келеді.(пойыздың дыбысы естіледі)
-Балалар апайлармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы күн , достарым!
Қайырлы күн ,апайлар!
-Балалар орнымызға жайғасайық.
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Біз бүгін оқу қызметін «Айгөлек» тобында өткізбекшіміз.
-Қазір балалар жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінде неше ай бар ?
-Үш ай бар
-Кәне ,айтайықшы
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Жарайсыңдар, балалар
-Аптаның қай күні?
-Бесінші жұма күні.
-Балалар мен сендерге жүмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың жауабы біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз.
Жұмбақ:Тізбектелген көк үйлер
Көшіп жүрген көп үйлер. Пойыз.
-Біз осы жерге немен келдік?
-Пойызбен
-Пойыз дегеніміз не?
-Көліктің түрі
-Қандай жолмен жүреді?
-Темір жолмен жүреді.
-Пойыз қандай дыбыс шығарады
Пыш-пыш-тақ-тақ ,пыш-пыш тақ-тақ
Жарайсыңдар балалар!
Пойыздың паравозы болады сосын оған тіркелген вагондары болады.Тақтадағы пойыздың неше вагоны бар,түстері қандай? Үш вагоны бар .Паравозы көк ,вагондары сары,жасыл,қызыл.Пойыз бірнеше бөлшектерден тұрады.Төртбұрыш,үшбұрыш, дөңгелектерден тұрады.
-Жарайды, балалар біз алдымыздағы бөлшектерден пойыз құрастырамыз. Ең алдымен паравозын сосын вагондарын тіркейміз.Балалармен жеке жеке жұмыс жүргізіледі.
Кәне ,жасаған жұмыстарымызды апайларға көрсетейікші. Балалар жұмыстарын мәз болып апайларға көрсетеді.
Сұрақ-жауап алынады.
Оқу қызметін қортындылау. Балалар сендерге сабақ ұнады ма ? Егер ұнаса күнді ұнамаса бұлтты көтереміз.
Мадақтау, марапаттау.
Апайлармен қоштасып пойызға мініп топқа оралу.
Күтілетін нәтиже:
Меңгергені: бөлшектерді пайдалана отырып, пойыз құрастыруды;
Біледі: Пойыздың теміржолмен жүретін көлік екендігін.