kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Пішіндер сандықшасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – балабақша тәрбиешілері. Өйткені  білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Пішіндер сандықшасы»

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

МКҚК № 32 «ҚУАНЫШ» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМЫ



Ақтөбе қаласы білім бөлімінің

2017 жылғы «______» _______

№ ________бұйрығымен

БЕКІТІЛДІ





БАҒДАРЛАМА


«Пішіндер сандықшасы»

(ІІ кіші топтар)







Құрастырған: Г.М.Доскеева,













Ақтөбе 2017 жыл

Бағдарламаның негізі: А.Б.Акпаева, Л.А. Лебедева «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру», Алматыкітап баспасы 2012 жыл.



Құрастырған: Г.М Доскеева ,



№32 «Қуаныш» мектепке дейінгі ұйым педагогикалық кеңесі отырысында «Пішіндер сандықшасы» бағдарламасы талқыланды және бекітілді.




Хаттама № 1 2017 жылы




№ 32 «Қуаныш» МДҰ меңгерушісі: ________________ А.Е.Ескалиева











Қалалық сараптау комиссиясының отырысында «Мен және менің айналам» бағдарлама мақұлданды.





Хаттама № ___ «__» ____________________2017 жылы







Сараптау комиссиясының төрайымы: __________ _____________________

(қолы) (аты-жөні)









МКҚК № 32 "Қуаныш" мектепке дейінгі ұйымының

"Пішіндер сандықшасы"

ПІКІР

Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады.

Мектепке дейінгі ІІ кіші тобына арналған қарапайым математикалық түсініктерді  дамыту жөніндегі бағдарламаларда балалардың алған білімдерін  жалпылау, жүйелеу , кеңейту және тереңдету қаралған.

Балаларға сандарды айту, түсіндіру, артық, кем, тең қатынастарын анықтауда салыстыру тәсілінің мәнін түсіндіру, сандарды тура және кері санауға жаттықтыру, кеңістік пен уақытты бағдарлай алуы тиіс.

Математикалық байланыстар мен байланыстылық туралы түсінік қалыптастыру , тиісті амалдарды меңгеру ІІ кіші тобындағы  балалардың  көрнекті – бейнелі ойлауын жаңа деңгейге көтеруге  олардың көз мөлшер, пішінді шамалау жылдамдығы арта түседі.

Бұл  жас мөлшерінде  ойлау қабілетін , ойлау дербестігін  дамыту, талдау, салыстыру, қорыту секілді ойлау әрекеттерін дамытудың да маңызы зор.

Бұл бағдарлама ІІ кіші топтарындағы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға қосымша балалардың математикалық білімін кеңейтіп, математикаға деген қызығушылығын арттыру үшін қажет.

Бағдарлама ІІ кіші топтар үшін, аптасына 1 сағаттан , жылына 36 сағатқа құрылған.





Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

мемлекеттік университеті, «Арнаулы педагогика

және психология»кафедрасының меңгерушісі,п.ғ.д.

К.Ж. Туребаева





ТҮСІНІК ХАТ

Бағдарламада кеңістік, уақыт арқылы бағдарлау, заттарды санау, қазақ халқында жиі қолданылатын сандар, математикалық ертегі логикалық тапсырмалар, қызықты жаттығулар, дидактикалық ойындар,  есептер, геометриялық пішіндер туралы танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы баланың математикалық сауаттылығы артады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды қоршаған табиғаттың сұлулығын, байлығына тамсану, қызығу, оған мейрімділікпен қарауға, қорғауға байланысты жұмыстар осылайша жыл бойы үзіліссіз жүргізе береді. Сол себепті қазіргі өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің бойына қоршаған ортамен таныстыру жұмысы мен экологиялық тәрбие беру рөлі зор демекпіз. Бағдарлама 36 сағаттан құрылған. Аптасына 1 рет ІІ кіші топқа өткізіледі.

Бағдарламаның мақсаты:

Балалардың математикалық сауаттылығын арттыру;

Балалардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту;

Баланың ақыл-ойының және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;

Меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.

Міндеттері:

Баланың тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

Математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға жөне қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;

Баланың өмір сүруіне және болашақта мектепте қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.


Күтілетін нәтиже:

Бұл бағдарламада балалардың қызығушылығын  оятатын, математикалық ой- өрісінің, шығармашылық қабілетінің дамуына  дәнекер  болатын және өздігінен жұмыс істеу дағдысын  қалыптастыратын  жұмыстар қамтылған. Түрлі есептер, ребустар ,жұмбақтар қызығушылығын арттыра түсетіні анық.

Бағдарлама баланың танымдық қабілеттерін дамытуға, математикалық сауаттылығын тереңдетуге, оны  өмірде қолдануға мүмкіндік береді.







Тақырыптық жұмыс жоспары

Тақырыбы

Сағат

саны

Мазмұны

1

«Пішінді тани біл»

1

Балаларды геометриялық пішінді дұрыс тануға үйрету. Геометриялық пішіндердің неше бұрышы бар екенін анықтау. Пішіндер туралы түсінігін тереңдете дамыту.

2

«Сиқырлы сандықша»

1

Сиқырлы сандықша ішіндегі геометриялық фигураларды сипап сезу арқылы табуға үйрету. Пішіндердің аттарын дұрыс айтып, неге олай аталатынын балалардың өздеріне тұжырымдату.

3

«Төртбұрыш»

1

Балалардың бұрыш туралы білімін қалыптастыру. Бұрыштың түрлерімен, доға, тікбұрыштардың пайда болу жолдарымен таныстыру. Тіктөртбұрыш туралы түсініктерін дамыту.

4

«Үшбұрыш, шаршы, дөңгелек»

1

Үшбұрыш, шаршы, дөңгелек ұғымдарын тереңдету. Айналада, қоршаған ортада оларға ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару, жасалу жолдары мен құрылысына мән беріп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату.

5

«Шар, текше»

1

Геометриялық пішіндер туралы білімдерін тереңдету. Шармен, текшемен, олардың қасиеттерімен таныстыру. Ойлау операцияларын қиялын дамыту.

6

«Қызықты математика»

1

Алған бөлімдерін тексеру. Ойын арқылы геометриялық пішіндерді дұрыс атауға, ажыратуға үйрету. Ой- өрістерін дамыту.

7

«Бүгін пішін құраймын»

1

Балаларды таяқшалар арқылы өздері білетін пішіндер құрату. әр пішінге қанша таяқша кетті. Қандай пішіндер таяқшамен құралмайды. Логикалық ойындар арқылы танымдық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту.

8

«Қай сан қандай пішінде орналасқан?»

1

Қандай пішінде қандай сан орналасқанын анықтау, салыстыру, теңестіру. Логикалық ойларын дамыту.

Шыдамдылыққа және қызығушылыққа тәрбиелеу.

9

«Математикалық ойын»

1

Математикалық ойын арқылы балалардың алдыңғы сабақта алған білімдерін бекіту. Математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.

10

«Көпбұрыш, дөңгелек бұрышты пішіндер»

1

Көпбұрыш, дөңгелек бұрышты пішіндермен таныстыру. Олардың бұрыштарын санату, қасиеттерін айту, айырмашылықтарын ажырату.

11

«Сиқырлы пішіндер»

1

Сиқырлы пішіндерден қандай ғажайып заттар шығатынын анықтау. Құрастыру арқылы қандай пішіндер шыққанын анықтап атау.

12

«Пішіндерді реттейік»

1

Шашылған пішіндерді реттеу. Санау, салыстыру, теңестіру. Геометриялық пішіндерді ажыратып салыстыра білуге баулу. Есте сақтау қабілеттерін математикалық ойын арқылы дамыту.

13

«Ойна да ойлан»

1

Балалар пішіндер туралы білімдерін толықтыру, оларды ажыратып атай білуге үйрету. Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін ойын арқылы дамыту, қызығушылығын арттыру. Өз ойларын жеткізе білуге үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

14

«Пішінді тап»

1

Геометриялық пішіндерді дұрыс таба білуге үйрету. Пішіндердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айыруға төсілдіру.

15

«Үй тұрғызайық»

1

Геометриялық пішіндерден үй тұрғызып үйрету, пішіндерді ұтымды қолдануға үйрету, қиялын дамыту.

16

«Кім тапқыр»

1

Жасырын пішіндерді табуға үйрету, білімдерін тереңдету. Орнын тауып орналастыру.

17

«Пішіндерге саяхат»

1

Пішіндер туралы білімдерін тиянақтау. Сопақша мен дөңгелекке ұқсас заттардан әңгімелеу.

18

«Өз үйіңді тап»

1

Балаларды 3-4 баладан бірігіп пішін құрауға дағдыландыру. Пішіндерді кеңістікте орналастыру /оң жақ, сол жақ, жоғары төмен/. Балалардың танымдық, шығармашылық, логикалық ойлау дағдысын дамыту. Бір біріне деген достық қарым қатынасқа, досының қуанышын сезіне білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

19

«Таяқшалардан пішін құрастыру»

1

Таяқшаны пайдаланып, пішін құрастыруға төсілдіру. Ұзындығын, енін, биіктігін таба білуге үйрету. Осы сөздерді қолдана отырып жауап беруге үйрету. Есте сақтау қабілетін дамыту.

20

«Өз орныңды тап»

1

Кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішіндердің кеңістіктегі орнын анықтау, балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

21

«Тез анықта»

1

Суреттен аталған пішінді тез табуға үйрету, алған пішінді спаттау, төбесін, қабырғасын айыра білу.

22

«Аталған пішінді тап»

1

Балаларың көрген нәрселерін, не естігендерін тез тауып айтуға үйрету, оларға талдау жасау, ойлауын дамыту.

23

«Пішіндермен сырласайық»

1

Геометриялық пішіндер туралы білім деңгейлерін анықтау, бекіту қиялын дамыту. Заттардың орналасуын сөзбен баяндауға үйрету ( сол жақта, ортада, оң жақта).


24

«Ұқсасын тап»

1

Айнала қоршаған ортадағы заттардың қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынын айтып беруге үйрету.

25

«Кім жылдам»

1

Суреттегі затардан аталған пішінді тез тауып айта білуге үйрету. олардың ой- өрістерін дамыту, пішіндерді санау.

26

«Геометриялық дамино»

1

Ойын арқылы негізгі геометриялық пішіндермен таныстырып қана қоймай, баланың байқағыштық қасиетін дамыту, ортақ белгілерін табу.

27

«Әжеме көрпе құраймын»

1

Пішіндерден көрпе құрауға үйрету, қиялын дамыту, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу.


28

«Пішіндерді қалай қояды»

1

Көлемі әр түрлі, бірақ бірдей пішіндерді қою немесе керісінше балалардың логикалық ойларын дамыту.

29

«Сопақша»

1

Сопақша және оның қасиеттері мен таныстыру. Сопақшаға ұқсас заттарды табу. Балалардың білімдерін жетілдіру, дамыту.

30

«Ойлан тап, бұл қай пішін?»

1

Суреттерді көрсете отырып, қай пішін екенін тез тауып айтуға үйрету, математика сабағына деген белсенділіктерін арттыру. Ойлау қабілетін дамыту.

31

«Уақыт арқылы бағдарлау»

1

Уақыт аралығы туралы түсінік қалыптастыру. Бұрын, кейін, алдымен деген ұғымдарын орынды айта білуге машықтандыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Балалардың қызығушылығын арттыру. Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

32

«Сиқырлы жолдар»

1

Қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын- қысқа заттарды салыстыра білуге үйрету, «біреу» және «көп» деген түсініктерін қалыптастыру, ойын -жаттығулар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа тәрбиелеу.

33

«Математикалық ребустар»

1

Ребустарды құру, шешу арқылы шығармашылыққа баулу. Түрлі тәсілдерді іске асыру. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

34

«Ғажайып пішіндер»

1

Балаларға пішіндер туралы түсінік бере отырып, пішіндерді бір бірінен ажыратуды үйрету, салыстыру,түстерді құрастыру қабылетін арттыру.

35

«Заттарды санау»

1

Апта күндерінің, жыл мезгілдерінің атауларымен таныстыру. Оларды ретімен атауға үйрету. Жыл мезгілдерінің белгілері туралы балалардың түсінігін кеңейту, пішіндерді ажырата білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту.

36

«Математикадан кім мықты?»

1

Баланың қарапайым математикалық түсініктерден/сандар, пішіндер, уақытты бағдарлау/ алған білімдерін, логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін одан әрі дамыту.


Жалпы сағат саны

36
















































Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1.А.Б.Акпаева, Л.А. Лебедева «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру», Алматыкітап баспасы 2012 жыл

2.Ұ.Жұмаділдаева. «Сандарға саяхат» Алматы 1997жыл

3.Б.М. Қосанов. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. Алматы 1998жыл

4.«Ойнайық та ойлайық» Алматы 1996 жыл

5.Т.Қ. Оспанов. Математика оқыту әдістемесі. Алматы 1997жыл

6.Г.К.Жигалкина «Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар» Мектеп 1987 жыл

7. А.Е.Елубаев «Балаларға базарлық» Алматыкітап 2011ж

8. «Бала мен балабақша» Алматы.Педогикалық журнал №7.2013ж

9. «Бала мен балабақша» Алматы.Педогикалық журнал № 5.2013ж

10. «Тәрбиелік іс -шаралар» Алматы №3.2014ж

11.Л.В. Артемова. Дидактикалық ойындар 1992 жыл

12.Б.П. Никитин. Балабақшадағы математика – 2003 жыл

13. «Тәрбиелік іс -шаралар» Алматы №3.2015ж

14. «Бала мен балабақша» Алматы.Педогикалық журнал № 5.2016ж

15. «Бала мен балабақша» Алматы.Педогикалық журнал № 7.2016ж

16. «Отбасы және балабақша» Алматы.Педогикалық журнал № 5.2009ж










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Пішіндер сандықшасы

Автор: Доскеева Гулнур Мустафаевна

Дата: 13.10.2017

Номер свидетельства: 432280

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(179) ""Физика, математика ж?не информатика" п?ндер м??алімдеріні? ?дістемелік бірлестігіні? ж?мыс жоспары "
    ["seo_title"] => string(109) "fizika-matiematika-zh-nie-informatika-p-ndier-mu-g-alimdierinin-distiemielik-birliestighinin-zhu-mys-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "133256"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1416487109"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "П?ні:  Математика        Та?ырыбы: Те?деуді шешу"
    ["seo_title"] => string(39) "pnimatiematikatakyrybytiendieudishieshu"
    ["file_id"] => string(6) "320649"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461126129"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "?ажайып геометриялы? пішіндер ?лемі."
    ["seo_title"] => string(43) "g-azhaiyp-ghieomietriialyk-pishindier-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "308831"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458670072"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс -?рекеті"
    ["seo_title"] => string(34) "ashykuiymdastyrylganokuisriekieti2"
    ["file_id"] => string(6) "314297"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459677790"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(170) "Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс -?рекеті" ?арапайым математикалы? ??ымдарды ойын ар?ылы ?алыптастыру""
    ["seo_title"] => string(87) "ashykuiymdastyrylganokuisriekietikarapaiymmatiematikalykugymdardyoiynarkylykalyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "314302"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459678066"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства