Білімділік: - сөздердің дыбысталу мәдениетін қалыптастыру: тақырыптық сөздер мен таныс сөздерді әдеби тілдегі норманы сақтай отырып айтуға жаттықтыру, «ү » -дыбысының артикуляциясын,дұрыс айтылуын нақтылау және бекіту.
-сөздік қорын молайту және белсендіру: ит, күшік,мысық,марғау, сиыр,бұзау,үйшік,себет.
-тілдің грамматикалық құрлысын қалыптастыру:сөйлем құрап айтқанда,сұраққа жауап бергенде,жануарларды атағанда грамматикалық тұлғаларды дұрыс сақтап сөйлей білуге үйрету.
Мысық- мысықтың, ит-иттің,сиыр-сиырдың,менің мысығым, менің итім.
-байланыстырып сөйлеуге үйрету: Мынау –ит, Мынау менің итім.Мынау-мысық. Мысықтың баласы –марғау. Менің марғауым бар. Менің марғауым – әдемі.
Түзету: тілді түсіну,есте сақтау,сөздік логикалық-ойлауқабілеттері мен ұсақ маторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Мемлекеттік тілде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын тұлғаны тәрбиелеу,отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу, қазақ тілінде дұрыс ,анық сөйлеуге жаттықтыру,қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар:үй жануарларының суреттері, үлкен , кішкентай заттар мысалға.
Іс –әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Сәлемдесу.
1Сәлеметсіздер ме ,балалар!
Біз бүгін қазақ тілін үйренуді жалғастырамыз. Бірақ алдымен бізге қонаққа Білгішбек келіпті, амандасып алайық.
Ал ,енді балалар, Білгішбекке қазақ тілін қаншалықты меңгергенімізді көрсетейік.
Білгішбек жұмбақ жасырады:
-Мияулайды,тышқан аулайды.Ол не?
Ау, ау ,ау дейді,
Адамға оны - дос дейді.
Ол не?
Білгішбек балаларға қызығады, қазақша үй жануарларының атауларын үйретуді сұрайды .
«Балалар сендер көп білетін сияқтысыңдар . Менің де білгім келеді. Мағанда үйретіңдерші, мен де сендердің сабақтарыңа қатысқым келеді. Мен бәәәәрін білгім келеді.»
Амандасады.
Білетін сөздерін айтып береді.
Жұмбақты шешеді.
Мысық.
Ит.
Балалар қызығады, келіседі.
Балалар келіседі.
1. Жаңа тақырыпты үйренеміз.
Ф/ж. « Сөзұйқастар айтайық ».
-ді-ді-ді- ит үйді күзетеді.
-ды-ды-ды –мысық тышқан аулайды.
-ен-ен-ен- сиыр үлкен.
Ай-ай-ай- бұзау кішкентай.
Тыңдайды. Бірге және жеке қайталайды.
2. Суретке қарап, тақырыпқа байланысты сөздерді үйрету, сурет бойынша әңгімелеу.
Балаларға Кім?,Не ? – сұрағын қоюдың ережесін түсіндіру.