Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Отаңға еңбек етеміз!»
Отаңға еңбек етеміз!
Тақырыбы: Отаңға еңбек етеміз!
Сабақтың мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиеші:-Балалар Біздің планетамыз неге ұқсайды? (Тәрбиеші глобусты балаларға көрсетіп, оның неге ұқсайтынын сұрайды)
Балалар: - Глобус дөңгелек шарға ұқсайды.
Тәрбиеші:-Балалар, қалай ойлайсыңдар, глобустағы көк түс нені білдіреді?
Балалар: Көк түсі мұхиттар, көлдер, өзендерді білдіреді.
Тәрбиеші:-Ал сары түс ше?
Балалар:- сары түсі мемлекеттер мен елдер
Тәрбиеші:-Балалар, жер шарымызда қандай елдерді білесіңдер?
Балалар:-Германия, Америка, Қытай, Ресей, Жапония, Түркия, т.б.
Тәрбиеші:-Балалар, ал біз тұратын мемлекет қалай аталады?
Балалар:-Қазақстан!
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан елінде тұрамыз! Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар,теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз.
Отан туралы тақпақтар.
1..Байтақ дала – туған жердің
Қымбат маған әр тасы. Ержігіт
Өзен, көлі, самал желі
Асқар тауы, баршасы.
2.Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар Аяулым
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем
Осы картадан еліміздің басты қалаларын кім көрсетеді?
Бұл Астана қаласы.Қазақстан Республиқасының бас қала. Ол өте жас әсем қала.Астана қазақ елінің болашағының қаласы.
Бұл Алмааты қаласы. Алмааты қаласы оңтүстік астана деп аталады. Алматының айналасында таулар қоршап тұр.
Бұл Қарағанды қаласы . Қарағанды жер асты қазанасына бай қала. Оңда көмір шығарады.
Ал біз қай қалада тұрамыз?
Петропавл қаласында ақкайндар көп өседі. Есіл өзеңі ағады.
СЕРГІТУ СӘТІ
Татту –тәтті достармыз.
Отырмаймыз босқа біз.
Қол шапалақтап, оқу оқып,білім алып.
Би билейміз ән шырқап.
Оң жақтағы досына,
сол жақтағы досына қолыңды бер,тосылма.
Жоғары қарап , күн көрдім. Төмен қарап жер көрдім.
Оңға солға бұрылып Егеменді ел көрдім.
Біздің Қазақстан несімен белгілі?
-Қазақстаның жері бай мұнда көп ұлттар тұрады
-Тағыда неімен белгілі?
. Біздің елемізде жазушылар мен ақындар көп .
Ал балалар сендер қандай ақындарды жазушыларды білесіндер?
Сымбат: Ы. Алтынсарин – қазақ ағартушысы, ақын, жазушы. Ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашып, балаларды білімге шақырып ұстаздық еткен дара тұлға. Ы.Алтынсариның әнгімелер бізді неге үйретеді?
Казір біз біздің қонақтарға Ы. Алтынсариның «өрмекші құмырсқа қарлығаш»әнгімеіні сахналап берейікші.
САХНАЛАУ.
Атасы мен баласы далада келе жатып, атасы баласынан сұрайды:
- Анау өрмекшіні көрдің бе?
Бала:
- Көрдім, өрмек тоқып жүр.
Ата:
- Анау құмырсқаны көрдің бе?
Бала:
- Көрдім, аузында нанның ұнтағы бар, кетіп барады.
Ата:
- Жоғары қара, аспанда не көрінеді?
Бала:
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар, - дейді.
Сонда атасы былай деді:
- Олай болса, шырағым, сол кішкентай жәндіктер – саған үлгі. Өрмекші маса мен шыбынды тұзақ құрып ұстаған соң өзіне азық етеді. Құмырсқа балаларына тамақ алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя салу үшін шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сен де жұмыс істеуге әдеттенуің керек.
- Балалар, әңгіме сендерге ұнады ма?
- Әңгімеде не туралы айтылған?
Балалар біз бірігіп ұйымшылдықпен тату тәтті еңбектенсек барлық киыншылықты женеміз! Өйткені біздің Отанымыз гүлденіп көркейуі үшін бәріміз бірге ат салысуымыз керек.
-Ал еңді бүгінгі сабағымызды Отан туралы, еңбек туралы мақал - мәтелдермен аяқтайық.
Мақал-мәтел
« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».