Мотивациалы- ынталандыру кезеңі Ізденіс-ұйымдастыру Рефлексия Қортынды | Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, қонақтармен амандасу. Армысың алтын күнім, Армысың жеранам, Армысың достарым Армысыз қонақтар Балалр, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ормандағы аңдар». Орман дегеніміз не? Орманда нелер тіршілік етеді?
Ал, балалар қазір жылдың қай мезгілі? Жаз мезгілінде қандай құбылыстар болады? Күн жылынады, жаңбыр жауады, жел соғады, айналаның бәрін жап- жасыл болады. Ал, балалар сендерге саяхатқа шығу ұнайды ма? Балалар орманға саяхатха барамыз, ал кеттік. Балалар орманға қонаққа келдік. Балалар айтыңдаршы,орманда қандай аңдар тұрады? Ия, дұрыс аю, қасқыр, түлкі, қоян т.б. аңдар өмір сүреді. Балалар аю қыста ұйықтайды, ал жазда ол ұйқыдан тұрады, ол нені жақсы көреді? Аю балды жақсы көреді. Ал, қасқырдың, түлкінің, қоянның түстері қандай, олар нені жақсы көреді? Олар етті, сәбізді жақсы көреді. Ой, балалар орманның ауасы қандай тамаша! Өздерің демдеріңді іштеріңе тартып көріңдерші, керемет тап-таза ауа. Балаларға аңдардың суретін көрсетіп әнгімелесу. Балалар мына суретке қарап тақпақ құрастырып айтайықшы қане. (Тірек сызба) Қорбаңдаған аюдың Құлпынайы көп енен Теріп- теріп алайық Қалтамызға салайық. Балалар мына жерде бір қорап ты көріп тұрмын, міне қызық бұл не қорап болды екен. Қане, мен жақындап көрейін. Тапсырмалар бар екен аңдардың балаларын тап деген тапсырм екен. 1-тапсырма «Ненің баласы» тапсырма: Мақсаты: балалардың білімдерін жетілдіру. Барысы: Балаларға суреттерді көрсете отырып, сұрақ қою. Түлкі баласы – жәутік, Қасқыр баласы - бөлтірік, Аю баласы - қонжық, Қоян баласы - көжек. Балалар шаршаған боларсыңдар, бойымызды жазып сергіту сәтін жасап жіберейік. Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы қырлы жерлерден, Ытқып –ытқып секірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. Ал, балалар келесі тапсырманы орындайық. 2-тапсырма «Мазайка» дидактикалық ойын: Мақсаты: Балаларды аңдардың суреттерінен мазайка құрастыра білулері керек. Барысы: Балалар аңдардың суреттеріне қарап мазайка құрастырулары керек. Аю, қасқыр, түлкі, сиыр т.б. 3-тапсырма Аңдар туралы қандай ертегі білесіңдер? Мына ертегілердің ішінен аңдар туралы ертегілерді тауып беріңдер. Балалар сендер өте білімді екенсіңдер, жарайсыңдар. Балалар сендерге бүгінгі саяхат ұнады ма? Орманда не көрдік? Кімді кездестірдік? Орманда қандай аңдар тұрады екен? Қандай тапсырмалар орындадық? Сабаққа белсенді қатысқандарың үшін рахмет. | Шаттық шеңберге тұрады, педагогпен бірге қайталайды. Жаз. Күн жылынады, жел соғады. Жел соғады, жаңбыр жауады. Ия. Жарайды. Аю, қасқыр, түлкі, қоян. Аю қыста ұйықтайды, балды. Ақ, қызыл. Етті жақсы көреді.
Әнгімелейді
Тақпақ құрастырады.
Балалар ойынды ойнайды. Артығын табады
Балалар ойнайды. Артығын табады. «Үш аю», «Жеті лақ пен қасқыр», «Үйшік», «Бауырсақ». | | |