2. Ашық сабақты хабарлау. Балалардың зейінін сабаққа аудару.
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Өйткені біздің сыныбымызға көптеген мұғалімдер қонаққа келіп отыр. Олар сіздердің білімдеріңіз бен тәртіптеріңізді байқамақшы. Сонымен қатар, Ару Көктем де есік қағып, келіп алды. Көктеммен бірге 8-наурыз-Аналар-қыздар мерекесі, 14-наурыз-Амал мерекесі, Ұлыстың ұлы күні-Наурыз тойын да тойлауға асығудамыз. Осы мерекелермен қатар халыққа жақсы тілек тілеп Қыдыр Ата да әр үйді аралап, батасын береді деген қазақ халқында сенім бар. Сол Қыдыр Ата бүгін біздің сыныбымызға келіп, сабаққа белсен қатысқан балаларға ақ батасын беріп, өз қоржынынан сыйлығын береді. Ендеше сабаққа барлығымыз жақсы қатысуға тырысайық.
ІІ Өткен сабақты қорытындылау.
1. Сұрақ-жауап:
Өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?
И дыбысы қандай дыбыс?
Кім И дыбысын тақтаға жазады?
Тақтадағы И дыбысы бар сөздерді оқимыз. ( Ит, ине, иіс, ки, ми)
2. Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ шешу.
Сарғайып отсыз піседі,
Үзіліп жерге түседі.
Жауабы: өрік.
-Өрік деген не?
(Өрік туралы мағлұмат беру: Ол ағашта пісетін жеміс. Оның түсі сары болады. Өте дәмді. Күзде пісіп жетіледі.)
-Өрік деген сөздің басында қандай дыбыс естіледі?
( Ө дыбысы естіліп тұр)
- Олай болса, балалар, біз бүгінгі сабағымызда Ө ө дыбысы және әрпімен танысып, Ө дыбысы бар сөздерді буынға бөлу, сөз, сөйлемдер құраймыз.
ІІІ Жаңа сабақ.
Дауысты дыбыс
Ө ө дыбысы мен әрпі
Ауыз қуысында
кедергісіз шығып Сөз басында
әндетіп айтылады
Сөз ортасында
-Қане, Ө дыбысын хормен әндетіп айтайық.
ІV Дәптермен жұмыс.
1. Ауада жазу.
2. Тақтаға жазып көрсету.
3. Баспа түрі мен жазба түрін таныстыру, салыстыру.
4. Дәптерге жазу.
V Сергіту сәті. Музыкамен би қимылдарын жасау.
VІ Оқулықпен жұмыс.
1. Бағандағы сөздерді оқыту, буынға бөлу, мағынасын түсіндіру.
2. Ө дыбысына байланысты тақпақ үйрету.
Өткел бар көше астында,
Жерасты екі арада.
Өрілген қымбат тас мұнда
Шамдары тұтас самала.
VІІ Логикалық тапсырма.
-Балалар, мына балаға Ө дыбысынан келетін ат қояйық. Мысалы: Өркен.
Әңгімені мұқият тыңдайық.
Өркен деген баланың бір құлыншағы, бір ботасы, бір бұзауы, бір лағы болыпты. Бірде олармен қора ішінде ойнап жүрсе, сырттан жалынышты маңыраған дауыс шығады. Барып қараса, бір кішкене қозы екен. Ол енесінен адасып қалыпты. Өркен оны да өз төлдеріне қосып алады. Айтыңдаршы, Өркеннің енді неше төлі бар?
-Бес төлі бар.
-Бес неше таңбалы сан?
-Бір таңбалы сан.
-Бес саны неше дыбыстан тұрады?
-Үш дыбыстан тұрады.
-Балалар, қазір біз үш топқа бөлініп, тапсырмалар орындаймыз.