Просмотр содержимого документа
«Өлі және тірі табиғат»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Ересек «Гүлдәурен» тобы
Тәрбиеші : Ергазина Б.К. Өткізілген күні: 26.03.2018 ж
Білім беру бөлімі: жаратылыстану Білім беру саласы: таным
Тақырыбы: Өлі табиғат және тірі табиғат Мақсаты: Балаларды өлі және тірі табиғат туралы, жан - жақты түсінік беру. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру. Табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу. Билингвальдік компоненті:Күн – солнце Ауа - воздух. Су - вода. Жер - земля Іс - әрекет кезеңдері 1 - кезең. Мотивациялық - қозғаушы Тәрбиешінің басқарымдық әрекеттері Біз қандаймыз, қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Күлімдеген күндейміз Ренжуді біз білмейміз Қуанамын мен де Қуанасын сен де Қуанайық достарым Арайлап атты таңға. 2 - кезең. Ұйымдастырушылық – ізденушілік - Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер? - Әке, ана ата, әже - Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер? - Аспан, бұлт, машина, ит, ағаш, мысық, жер, қар). - Балалар қалай ойласыңдар, күн, су, ауа керек пе? - Ия, күн, су, ауа бізге керек. - Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз? - Табиғат. Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат. Кәне бәріміз қайталайық. - Өлі табиғат және тірі табиғат. - Өлі табиғатқа су, ауа, жер, күн, бұлт. - Балалардың жауаптары: Жаңбыр, құм бұл өлі табиғат. - Топтағы балалар, гүлдер олар тірі табиғат. - Ал тірі табиғатқа: адамдар, құстар өсімдіктер, гүлдер жатады. - Балалар міне, менің қолымдағы ыдыста не бар? - Қар. - Оның түсі қандай? - Ақ. - Қар, қай мезгілде болады? - Қар, қыс мезгілінде болады. Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады: 1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. Жауабы: Су. 2. Ақ сандығым ашылды Ішінен жібек шашылды. Жауабы: Күн 3. Өмірде одан мол ештеңе болмайды, Құшақтасаң құшағың тең болмайды. Жауабы: Ауа - Мынау не? - Су. - Түсі қандай? - Судың түсі мөлдір таза, сұйық зат. - Дәмі барма? - Дәмі жоқ. - Суды қалай пайдаланамыз? - Суды ішеміз, кір жуамыз, тамақ істейді. Су керек пе? - Балалар судың пайдасы мол. Су түрлі өзгеріске ұшырайды, бұға айналады, бу қайтадан су күйінде жаңбыр болып жауады, су мұз болып қатады. - Су отты өшіре алады, суды адам барлық тіршілігіне пайдаланады. Кім су туралы тақпақ біледі. Сергіту сәтін жасайды. Тақтадағы табиғат көрінісін түсіндіру. 1. Суға құмды салайық ери ме? Балалар құм бізге керек пе? Құмға ағаштарды отырғызамыз, құмда өсімдіктер, гүлдер өседі. Ағаштардан не жасауға болады? Сонымен су өлі табиғатқа, ағаш, құс, гүлдер, өсімдіктер тірі табиғатқа жатады. Балалар біз нені жұтып, дем аламыз? Құстарды атуға бола ма? Ағаштың талын кесуге бола ма? 2. Мына гүлді құмға қопсытып отырғызамыз да, суды құямыз. Ол сумен өседі, көріктенеді, оттегін шашады, ауаны тазартады. Бұлар қандай табиғатқа жатады? 3. Енді қантты суға салайық, ери ме? Дәмі қандай? 4. Суға тұзды салайық тұз еріді ме? Дәмі қандай болады? Мақал - мәтел:Судың да, сұрау бар. Су - тірліктің көзі. Қорытынды:Іс – әрекет барысындағы көрген – білгендерін әңгімелеп, сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: қоршаған орта туралы түсініктері бар.
Түсінеді:өлі және тірі табиғат туралы түсініктері қалыптасты.