Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ойын арқылы бала тілін дамыту»
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.
Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы
келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.
Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.
Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Белгілі психолог Л.С. Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау – оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыру.
- Танымдық, білімдік, іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы, тілі жетік, ерікті-жігерлі, өзіне сенімді балдырғанды келесі білім сатысына - мектепке дайындау; баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты
маңызды екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына ата-аналарды қатыстыру;
- баланың логикалық ойлауын дамыту бағытында тәжірибеде жүргізілетін жұмыстар: оқыту мен тәрбиелеу жұмысын баланың жаса ерекшелігі мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дайындау, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты талаптары негізіндерінде ұйымдастыру;
- балалардың бір орнында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды- әуенді ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, тапсырмаларды алма-кезек ауыстырып орындату, эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар және т.б.);
- логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды (жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және т.б.) түрлендіре қолдану;
- балалардың өздерінің талаптануы, өзіндік қалауы еркіндігіне жағдай жасап өзіндік іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау іскерліктеріне, өз ойларын еркін жеткізуге бейімдеу;
- көмекті қажет ететін балалармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу;
- психологиялық ойындар, жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты жағдай жасау, жағымды микро ахуал туғызу;
- ата-аналарды сабақтарға, күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелк шараларға, тестік байқалуарға, ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру;
- балаларды мектепке педагогикалық және психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында бастауыш сынып ұстаздарымен қарым-қатынаста болу.
Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыу бағытындағы жұмысар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.
«Қостанай қаласы әкімдігінің
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№11 бөбекжай-бақшасы»
Мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорыны
«Мектепке дейінгі балалардың ойлауын дамыту жолдары»