Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық сәт Біз көңілді баламыз Шаттық әнге саламыз Айгөлек ау айгөлек Би билейміз дөңгелеп Міне жақсы көңіл күйімізбен сабағымызды бастаймыз. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Ауа райы қандай болып тұр? Қазір біз қалай киініп жүрміз қалың ба жұқа ма? Дұрыс Балалар күнде ертеңгісін сендер қайда келесіңдер? Балабақшаға келгенде не істейсіңдер?Немен ойнайсыңдар? Балалар мен сендерге өте көп ойыншықтар, түрлі түсті пішіндер дайындап қойдым. Балалар мынау қандай ойыншықтар?Пішіні қандай? Ал түсі ше? Ал мынау қандай пішін, түсі қандай?Балалар қараңдаршы төртбұрышпен үшбұрыш домалай ма?Дұрыс олардың бұрыштары бар?сондықтан домаламайды.Ал мынау қандай пішін? Дұрыс.Түсі қандай сары Бұл домалайды.көрсету.Балалар төртбұрыш, үшбұрыш, домалақ бұлардың барлығын біз геометриялық кескіндер деп атаймыз.Қане қайталап көрейікші.Балалар қане осы пішіндерді саусақпен көрсетіп көрейік.ауада көрсету. Балалар бүгін мен сендерге бір пішінді көрсетем ол тіктөртбұрыш. Осы пішінмен жұмыс жасайсындар. Бір деп-тік тұрамыз Екі деп-екірет айналамыз Үш деп-үш рет секіреміз Төрт дегенде отырамыз. Балалар сендер мен дайындаған ойыншықтарды атап беріңдерші. Мынау қандай ойыншық? Қандай пішінге ұқсайды? Сырты қатты, іші тәтті. Ол қандай пішін? Мынау қандай ойыншық? Үй дұрыс.Қандай пішіндер бар үйде?Балалар қазір мен сендерге бір пішін көрсетем. Ол тіктөртбұрыш. Сендердің алдарында көп түрлітүсті пішіндер жатыр. Солардан ойланып заттар құрастырыңдар. Не құрастыруға болады. Кенет есік тоқылдап құс ұшып сайрап келеді.Балалар бізге не келді?Дұрыс құс ұшып келді. Шыр шыр еткен торғайды Қорғамасақ болмайды Кіп кішкентай торғайлар Ағаштарды қорғайды. Балалар біздің топқа құс бекер келген жоқ.Бұл құстын ұясы жоқ екен. Дид ойын: «Құстың ұлсы» Балалар бір бірден шығып қабырғасы,шатыры,есік деп атап,тақтаға құрастырады. Балалар осымен сабақ аяқталды.Сабаққа жақсы қатыстыңдар жарайсыңдар. |