Мотивациялық- қозғаушылық | -Кәне,балалар,шаттық шенберін құрайық. Бір – бірімізге алғыс сөз,тілек айтайық. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қайырлы күн балалар! Қайырлы күн қонақтар! | Балалар шеңбер құрып, бір-біріне тілек айтады. |
Ұйымдастырушылық – ізденістік | Балалар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? З дыбысы қандай дыбыс? -Балалар,сендер мынау не екенін білесіңдер ме? -Иә,дұрыс айтасыңдар.Осы қоржынның ішінде тағы да жаңа бір әріп бар екен. Педагог жана әріпті көрсетеді. -Сендер әріпті көресіңдер,ал дыбысты ше? -«Ө»әрпінің таңбасы қандай пішінге ұқсайды? -«Ө»-деп қайталайық. «Ө»дыбысы қазақтың төл дыбысы екенін айтып кету. «Ө»дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай. Ерін алға созылып,ауыз домалақ болып жай ғана ашылады.Дыбыс ұзақ айтылады. -Созылып айтылатын дыбыстарды қандай дыбыс деп айтамыз? -Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз? -«Ө» дыбысынан басталатын сөздерді ойланып айтыңдаршы. -Енді осы өздерің айтқан сөздерге сөйлем құраңдаршы Оқулықпен жұмыс: КӨ КӨ КӨ-РІК КӨ-ЛІК ӨР ӨР Ө-РІК КӨ-МЕК ӨС ӨС Ө-МІР КӨ-МІР -Енді әріп қималарымен сөздер жазғызу. Өр,өс,өркен,өмір,өн,өрт. Енді осы қысқа сөздерді оқыту. -Осы сөздердің ішіндегі өмір сөзіне дыбыстық талдау жасайық. -Өмір қандай дыбыс? -М қандай дыбыс? -І қандай дыбыс? -Р қандай дыбыс? Билингвальді компонент: Өмір-жизнь,өрмекші-паук,өзен-речка Сергіту сәті. Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. Дәптермен жұмыс: Ауада жазу -Өө Тақтада жазу –Өө Дәптерге жазу-Өө -Балалар,мен бір өлең оқимын,сендер «ө» дыбысын қай жерінде кездесетінін айтып отырасыңдар. Жазда барып өзеннің, Жағасына бөгелдім. Айтыңдаршы балалар, Мен ол жерден не көрдім? Дидактикалық ойын: «Орнын тап!». Ойын шарты:әріп қимасымен ойнатылады. Мысалы:с...л,к...л т.б. | З дыбысымен таныстық. -Иә,білеміз.Ол-қоржын. Балалар таңдана назар аударады. -Құлағымызбен естиміз. -Домалаққа ұқсайды. «Ө» деп қайталайды. Әуенмен айтады. Ө-ө-ө-ө-ө-ө -Дауысты дыбыс деп айтамыз. -Қызыл текшемен белгілейміз. -Өрмек,өмір,өжет,өрмекші. Апам өрмек тоқыды. Балалар әріп қималарымен жазады. Балалар хормен оқиды. Ө-дауысты дыбыс. М-дауыссыз дыбыс. І-дауысты дыбыс. Р-дауыссыз дыбыс. Қайталайды. Қимылмен жасайды. «Ө»дыбысы өзен,бөгелдім,көрдім сөздерінің басында ортасында кездесіп тұр. Балалар «ө» әрпін ортасына қойып,сөзді оқиды. |