Мектеп: | Рудный қаласы әкімдігінің «№14 орта мектебі» |
Мұғалім: | Кусаинова М.М. |
Пән: | Қазақ тілі |
Сабақ тақырыбы: | Наурызда ән айтады | 2 - сынып |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(Оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.5.1 мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалардан қажетті ақпаратты табу. |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: мұғалімнің көмегімен жаңа сөздерді атап шығады Көбі: тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді және сипаттайды Кейбірі: таныс сөздерді қолдану арқылы шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндайды. |
Күтілетін нәтиже | Тақырыпқа қатысты тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, жаңа сөздер арқылы сұрақтарға жауап табады, Наурыз туралы ән айтып береді. |
Жаңа сөздер: | Тойланады, дайындайды, нышаны, қызғалдақ, билейді, ән айтады |
Сабақта қолданылатын материалдар | Түрлі-түсті суреттер, кестелер, желімқағаздар (стикерлер) суреттер |
Оқыту әдістері | Түсіндіру,сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, топтық жұмыс, сергіту жаттығулары |
Дереккөздері | Әдістемелік құрал,дидактикалық материалдар, сөздік |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім үш тілде балалармен амандасы Балалар жауап береді. Жоқ оқушыларды түгендейді. Оқушыларды «шаттық шеңберіне» шақырады: Қол алысып, кәне біз, Достасайық бәріміз Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. | Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, орындарынан тұрып, Ал қанеки, тұрайық, Шеңберімізді құрайық. Жақсы, жақсы тілектер, Бірі-бірімізді айтайық – дей отыра, «шаттық шеңберіне» тұрып: бір-біріне жақсы тілектер айтады. | 2 мин |
I.Қызығушылықты ояту | Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында және сабақтың тақырыбын анықтау бейнетаспа көрсетеді. -Балалар, сабақтың тақырыбын анықтайық, сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсындар? Сабақта не істейміз? Сабақта не үйренеміз? -Дұрыс, балалар. Сабақтың мақсаты: мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалардан қажетті ақпаратты табу | Бейнетаспаны қарап, сабақтың тақырыбын анықтайды. Қазақша сөйлеу, сөйлем құрастыру, ән айту. | |
ІІ.Мағынаны тану. Сергіту сәті | Ал енді, балалар, жаңа сөздермен танысайық. 1.Сөздікпен жұмыс: Тойланады- празднует Дайындайды- готовят Нышаны- символ Қызғалдақ- тюльпан Билейді – танцует Ән айтады- поет А) Мұғалім интерактивтік тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Өзі оқиды, хормен оқытады, аудармасын айтып, оқытады. Оқушылардың кейбіреуін бірнеше сөзден оқытады. Б) Мұғалім оқушыға сөздерді береді. В) Сурет арқылы сөздерді бекітеді. -Балалар, бір топтан бір оқушы шығып, біздің сиқырлы қалташадан асықтарды алып, асықта қандай сөз жазылғанын іштен оқып, пантомимикамен көрсетеді, ал топтар қай сөз екенін айтады. -Балалар, сабақтың барысында берілетін әр тапсырманы орындай отырып, біз тақтадағы суретті ашамыз. Сабақтың соңында қандай сурет екенін білеміз? (қызғалдақ) | Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Бір оқушы қазақша оқиды 2-ші орысша. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. Оқушы сөздерді пантонимикамен көрсетеді, оқушылар қай сөз екенін айтады. | Мадақтау әдісі Жарайсың! Тамаша! Өте жақсы! |
Мәтіналды жұмыс. Мұғалім сұрақтар қояды. 1. Қазір қай жыл мезгілі? 2. Көктемде қандай мейрамдар болады? Тыңдалым. Тыңдалымға арналған мәтінді тыңдайды, сөздермен мағынасын түсіндіреді. Наурызда ән айтады. Наурыз- жыл басы. Мереке көктемде тойланады, наурыз көже дайындайды. Наурызда Қыдыр ата келеді. Наурыз мерекесінің нышаны-қызғалдақ. Бұл мерекеде ән айтады, би билейді. (аудио) 1 тапсырма «Пікірталас әткеншегі" әдісі арқылы мәтіннен жаңа сөздерді анықтау. Дескриптор: 1.Жаңа сөздерді анықтайды. 2. Тапқан жаңа сөздерін дәптерлеріне жазады. | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды жаңа сөздерді атап шығады. (жеке жұмыс) 6-5 –жасыл 4-сары 3-қызыл 1 топ-2 топ 2 топ-3 топ 3 топ-1 топты бағалайды | |
Мұғалім Bilimland Kids платформадан сергіту сәтін көрсетеді. | Қимылдарды қайталайды. | |
2 тапсырма 1 топ-«Сәйкестендіру» әдісі арқылы оқушылар екінші бөлігін тауып алады. Дескриптор: 1.Екінші бөлікті тауып алады 2. Мағынасын ашады 2 топ «Сұраққа жетіп ал» әдісі арқылы оқушылар сұраққа жауап табады. Дескриптор: 1.Сұрақтарға дұрыс жауап береді 2. Мазмұнын толық ашады 3 топ – «Галерея» әдісі арқылы суретті мәтін бойынша орналастыру. Дескриптор: 1.Суретті мәтін мазмұны бойынша дұрыс орналастыру. 2. Мазмұнын толық ашады. | Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындайды. Сәйкестендіріп сызады парақшада. Берілген парақшаға, қиылған сұрақтарға жауаптарын жауып жабыстыру қажет. Қиылған суреттерді мәтінге сәйкестендіріп, параққа жабыстыру керек. | Оқушыларды смайлик арқылы бағалайды (смайликтер арқылы). «Жапон әдісі»
«Шапалақ» әдісі
|
VII. Үйге тапсырма | Жаңа сөздерді жаттау, білу | | |
VIII.Рефлексия | Кері байланыс: Балалар, біз дұрыс тапсырманы орындадық, қандай сурет шықты? Бұл қандай гүл? Қызғалдақ ненің нышаны? Қызғалдақтың түсі қандай? Қанекей үш тілде айтып көрейік: Қызыл, красный, red. (өте жақсы, тамаша) Қызғалдақтар қайда өседі?(балалар жауап береді) -Қазір қызғалдақтарды теріп, орнымызға тұрып, қолдарыңдағы қызғалдақтармен билеп, Наурыз туралы ән айтамыз. «Күншуақ» әдісі бойынша кері байланыс жүргізіледі Балалар қазір алдарында үш құмыра тұр. Жасыл түсті құмыра- маған ұнады, өте қызық ақпарат алдым. Сары түсті құмыра – сабақта алған ақпараттар көп, бірақ кейбір сұрақтарға жауап бере алмадым. Қызыл түсті құмыра- сабақ қызық емес, мен үшін маңызды ақпараттар болмады. ( гүлдерді құмыраға қояды) Сабақ аяқталды! Сау болыңдар | Оқушылар сабақтан алған білімдерін, ақпараттарынын өздеріне қызықты болғанын, қызғалдақты теріп, құмыраға салу арқылы көрсетеді. | |