Тақырып: «Наурыз- жыл басы» Мақсаты: Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік беру. Халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, қазақ халқының салт — дәстүрін, тілін, дінін, әдет — ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Наурыз- құт береке!"»
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің техналогиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық,Таным,Қатынас.
Бөлім: «Тіл дамыту» Тақырып: «Наурыз- жыл басы»
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік беру. Халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, қазақ халқының салт — дәстүрін, тілін, дінін, әдет — ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: қазақтың салт — дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Өлең, мақал — мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Көрнекілігі: интерактивтік тақта (теледидар), нақыл сөздер, қазақтың салт — дәстүрлері туралы суреттер. Әдіс- тәсілі: сұрақ- жауап, әңгімелесу, көрсету, саяхат сабақ, түсіндіру,өлең, ойын, тақпақтар айту.
Балалар ортаға шығып, шеңбер жасайды. Көктемге ризашылықтарын білдіріп, өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Тәрбиеші - Балалар кәзір қандай мезгіл? -Ия, дұрыс айтасыңдар ал көктем мезгілінде нені атап өтеміз ? -Дұрыс айтасыңдар. -Көктем шуағы мол, адам баласына мол ырыс-құт әкелетін мезгіл. Көктемде мал төлдеп, адамның аузы аққа тиетін, жерге егін егіліп, диқаншылардың жүздеріне шуақ кіретін, үлкен-кіші шаттанып қуанатын мезгіл. Бұл мезгілде аспандағы күннің шуағы молайып, жердегі қарды ерітіп, жер көгере бастайды. Міне, осындай керемет көктемді мұсылман халықтары «жыл басы» деп санаған. Бұл күндері бар адамзат пен бірге табиғатта «наурыз» тойын тойлайды. Наурыз- жаңа күн дегеніміз-адамдардың өткен жылдағы өкпе реніші басылып, жаңа күнді қайта бастауы. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. ұлтар бізбен бірге тойлайды Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күні не сәйкес келеді. Ғажайып сәт. -Балалар қараңдаршы, менің жанымда сандық тұр осы сандықтың ішінде не бар екенін көреміз бе?
-Ендеше ашайық, ой, қандай керемет сандықтың іші толған, не екен?
-Осының бәрін қайдан көруге болады? (Сандықтың ішіндегіден шағын этноаул жасайды).
-Ия, дұрыс балалар міне сандықтың ішінен алып этноаулымызды жасадық, сендерге ұнадыма? -Ендеше балалар ауылдағы ата- әжелеріміз қалай наурыз мейрамын тойлайтындарын білгілерің келеме? - Ал, енді балалар ендеше ауылға саяхатқа шығайық.
Ол жаққа бару үшін сиқырлы сөз айту керек.
– Кәнекей 1,2,3,4,5 деп санайық. (балалар көздерін жұмады,әуен жүреді көздерін ашқанда ну орманның жанында тұрады).
- Алдымызда не тұр?
- Бұл орманнан өту үшін не істесек екен?
- Ой, балалар мына не екенін оқиық, менің сұрағыма жауап берсеғдер мен сендерге ж ашамын және таққпақ айтып берсеңдер.
-Осы орманнан өту үшін Наурызға арналған тақпағымызды айтайық.
- Мінекей балалар ну орманнан өтіп ауылғада таяп қалдық жарайсыңдар балалар.
- Шаршамай тезірек жету үшін не істейміз?
Сергіту сәті: «Жаз апамның аулында» әні.
(Балалар тәрбиешімен бірге әнді айтып қймылдар жасайды).
- Мінекей ауылға да келіп қалдық.
(Алдарынан әже шығады балалар әжемен құшақтасып амандасады)
Әже: -Амансыңдарма балаларым
Тәрбиеші: -Салеметсіз бе, әже ,біз сіздерді қалай Наурыз тойын, тойлайтындарыңызды білейік деп келдік.
Әже: -Ой жақсы болдығой, төрлетіңдер балалар дастарханға жайғасып отырыңдар.
Кәзіргі біздің Қазақстанымыз дамып кележатқан елдің бірі.
-Ия, дұрыс айтасыз әже. Әже: -Мына теледидарға назар аударыңдар балалар, Наурыз — достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген.
( деп слайдтарды көрсету)
-Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурыз-көже – мейрамның, көктем келгендігінің белгісі.
-Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!» деген сенім бар деп наурыз көже туралы түсінік беру.( слайд арқылы)
Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата — үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі.
Ақсақалдар «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!» — деп бата беред, жәнеде ұзақ сапарға шығар кезде үлкен кісілерден бата сұраймыз. Олар бізге «Жол болсын», «Жолың ақ болсын», «Жолың ашық болсын» деген ықыласты, ізгі тілектерін айтып, бізге бата берген.Үлкендерге көмектесіп, көмек көрсетсек, ол кісілер батасын берген. Мұндай бата алу игі іс болып табылады.Міне , «Жаңбыр менен жер көгерер, Бата менен ел көгерер» деген нақыл сөз осыдан қалған деседі. (слайд көрсету)
Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. «Көкпар», «Бәйге», «Қыз қуу», «Жамбы ату» «Алтыбақан тебу» ойындары аса бір қуанышпен өтетін. (слайд көрсету)
Қазақ халқы салт-дәстүрге бай халық. (Слайд көрсету) «Қыз таңдау», «Қыз айттыру», «Қыз ұзату», «Беташар» т.б көптеген салт- дәстүрлеріміз бар деп, «Бесікке салу» Наурыз дастарқанын мол етіп жасаса, келер жыл ырысты, берекелі болады деп болжаған.Қазақ халқының ұлттық тағамдары: бауырсақ, шелпек, қатық, жент, наурыз көже т.б (слайд арқылы суреттерін көрсету) Ендеше балалар, бүгінгі «Наурыз» мерекелеріңіз , еліміздің 25 жылдығы құтты болсын,аспанымыз ашық, деніміз сау,бейбітшілік болсын, көк туымыз желбірей берсін!
Тәрбиеші: Рахмет айтқаныңыз келсін әже. Әже: -Балалар сендер ұлтық ойындарымызы білесіңдер ме? -Ендеше балалар ұлтық ойынымыз «Қанталапайды» ойнайық, ойынның барысын балалар білесіңдерғой? (Әжемен қанталапай ойынын ойнайды). Тәрбиеші: Әже сізге көп рахмет бідің топқа қайтатын уақытымыз келді. Әже: Сендерге де рахмет келгендеріңе, міне біздің бауырсағымыз жолда қарындарың ашып қалмасын. Тәрбиеші: Ой, рахмет балалар біз енді топқа қайтайық. (Әжемен қоштасып, сиқырлы сөздерін айтып топқа қайтады)
-Көктем мезгілі.
-Наурыз мейрамын атап өтеміз.
Балалалар тәриешіні мұқият тыңдайды.
-Ия, көргіміз келеді.
Балалар таңырқап қарайды
- Туымыз, бәйтерек,күйіз үй, ағаштар, төрт түлік мал және телидидарда бар екен.
-Ауылда, ата- әжемізде.
-Ия.
-Ия, көргіміз келеді.
-Балалар қуанады.
-1,2,3,4,5 деп санайды.
-Орман
-Балалар орманның қойған сұрақтарына жауап береді.
Балалардың жауабы.
- Көңілді ән айтайық.
Балалар қолдарынан ұстап, қимыл көрсету арқылы әнді орындайды.
-Сәлеметсіз бе әже.
-Ия, білеміз.
-«Қанталапай», «Орамал тастамақ», «Қыз қуу», «Асық ату» т.б.
-білеміз, білеміз.
-Рахмет әже, сауболыңыз.
Сиқырлы сөз:1,2,3,4,5 деп санап топқа оралады.
Балалар орындыққа отырады.
.
Рефлексивті-
түзетушілік
- Бүгін біз аулға барып біраз жаңалықтар өзімізге алдық.
Енді мына түрлі түсті жіптерді алып, ағашқа байлауымыз керек. Біз бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз достарыңа, елімізге деген қандай жақсы тілектер айтар едіңдер?
Сұрақ жауап арқылы сабақты қорытындылау.
- Балалар, біз қайда саяхатқа бардық?
- Саяхат барысында қандай қиыншылықтарға кезіктік?
Жарайсыңдар, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.
- Бейбітшілік болсын!
- Достығымыз берік болсын!
- Кешірімді болайық!
-Ынтымақ болсын!
- Бірлік болсын!
-Татулық болсын!
- Мықты денсаулық болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Ұнады.
Балалар қонақтармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: Балалар этноауыл не екенін
Меңгереді:Салт дәстүрімізді біледі
Қолданады: Наурыз, туған жеріміз туралы, ән, тақпақ айтуды.
«№ 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ұлы салт – дәстүр және Тәуелсіздіктің 25 жылдығы»
арналған жоба жұмысымның, қортындылап өткізілген ашық сабақтың техналогиялық картасы.