Тақырыбы:  Наурызым - мерекем, наурызым - құт берекем!
 Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
 Көрнекілігі нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
 
 Барысы: Кіріспе.
 Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
 Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
 1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
 Наурыз – жыл басы.
 Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
 2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
 Бақыт пен шаттық мерекесі.
 1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
 Наурыз – еңбек мерекесі.
 2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
 Бармысыңдар, халайық.
 Наурыз тойын жұп жазбай
 Жылда қарсы алайық.
 
 1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
 Әндетейік жырлайық!
 Ортамызды ашайық,
 Ырыс тілеп бұл жылға,
 Жырдан шашу шашайық!
 
 Хор: «Наурыз той»
 
 Ая: Қыс өтіп қар кетті,
 Жырлайық жаз жетті.
 Мейрамы ежелден
 Құтты болсын Наурыз!
 
 Жазира: Әнім де саған, биім де,
 Құт қонақ өзің үйімде.
 Қуаныш сыйлар еліме,
 Күлімде, Наурыз, күлімде.
 
 Айжан: Күн менен түн теңелді,
 Жер шуаққа кенелді,
 Қуанышта ел енді.
 Наурыз келді салтымыз:
 Көгерсін деп халқымыз
 Көшеге тал егеді.
 Наурыз тойы - береке,
 Наурыз тойы – жыр – аңыз.
 
 Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен наурыз жыл басы болып саналады.
 
 1 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
 Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
 Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
 Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.
 
 2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.
 1 – жұп: Дильназ бен Арсен
 2 – жұп: Бержан мен Гүлжан
 3 – жұп: Меруерт пен Айдын
 
 1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.
 1 – бөлім: «Кел, танысайық»,2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық», 3 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер», 4 - бөлім: «Мені жалғастыр», 5 – бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».
 2 - жүргізуші: Әділ – қазы береді,
 Өздеріңе сыйлықты.
 Бізге айтып береді,
 Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.
 
 Нұрдос: Ақпан кетті араз боп наурызбен,
 Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
 Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
 Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
 Назгүл: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
 Мейірім танысын деп тасып өткен.
 Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
 Бақытты наурызы бар халқым неткен!
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
        
	
    
                                    
                                    
                                    
                                    