Жұмбақ жасыру: Ұзын мұртты сарылар Қойынында дәні бар. (Бидай) Үсті тас, асты тас. Ортасында піскен ас. (Нан) Балалармен әңгімелесу: - Балалар дастарханға нан қайдан келді? (Балалардың жауабы) - Ал сендер ертегі тыңдағанды ұнатасындар ма? (Балалардың жауабы) - Нан дастарханымызға қайдан келгенін білу үшін «Нан қайдан келеді?» ертегісіне назар аударайық. Ертегі барысы: Ертеде бір тышқан нан дүкеніне кіреді. Сөреде жаңа піскен сап-сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Тышқан: - Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Шыққан жерін біліп алсам, ә!» деп қызығып сатушының қасына келді. Тышқан: - Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады? – деді сыбырлап. Сатушы: - Тышқан мен саған нанның дастарханға қандай еңбекпен келетінін көрсетейін. (видеодан көрсету) Тышқан: аламын, - деп қутың-қутың етті Тышқан. Сатушы: Әне мысық келе жатыр, дегенде Тышқан зып беріп қашып кетті. Ойын: «Көлеңкесін тап» Шарты: балалар берілген қағаздағы суреттен көлеңкесін дұрыс тауып орналастырулары керек. Сергіту сәті: Қолға күректі ал, күректі ал, Күрекпен жерді қаз, жерді қаз. Тырмамен жерді тырма, жерді тырма. Енді дәнді сеп, дәнді сеп. Дәнге суды құй, суды құй. Жайқалып бидай өс, бидай өс. Қос тілді компонент: дән – зерно бидай – пшеница ұн – мука нан – хлеб Тіл ұстарту жаттығуы: Па – па, Нан қоқымын шашпа. Па – па, Нанды аяқпен баспа. Ойын: «Ойлан, тап» Шарты: балалар қағаздағы суреттен ұннан жасалған тағамдарды тауып, қоршап сызулары керек. |