| Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру; Психологиялық сәт. Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. «Болжау» әдісі. «Сөзжұмбақ» арқылы жаңа сабақтың тақырыбын балалармен бірге ашу. Топқа бөлу. Түрлі пішінді күлшелер арқылы бөлу. Балалар, күлшелер неден жасалады? Дастарқанға ең бірінші не қойылады деп ойлайсыңдар? Біз осы нанның дастарқанға қалай келетінін білеміз бе? Оқушыларға сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер таныстырылады. Ұннан жасалатын тағамдарды атау, суреттен көрсету. | |
Ортасы | Топтық жұмыс. Оқушыларға түрлі түсті суреттер таратылып беріледі. Тапсырма: нанның дастарқанға келу жолын ретімен қойып шығу. Суреттерін ретімен қойып шыққан соң, себебін топта түсіндіреді. Рөлдік ойын Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажыратады. Нан қайданшығады? (Ертегі) Бір күні Тышқан нан дүкеніне кіреді. Сөреде жаңа піскен сап – сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан исіне қызыққан Тышқан тұмсығынжыбыр – жыбыртартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқан атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. Дүкен орталығы.«Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып, шыққан жеріне кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тышқан тесіктен сақтана сығалады. - Нан, нан сен қайдан шықтың? – деп сыбырлады. - Сатушыдансұра, - деді Нан - Сатушы, сатушы, нанқайданшығады? Наубайхана орталығы. Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Наубайшы, наубайшы, нан қайдан шығады? Бізге дайын ұн алып келеді. Біз ұнға сүт, тұз ашытқы, жұмыртқа қосып, қамыр илейміз. Дайын болған қамырды пешке салып пісіреміз. Ал ұн қайдан шығады? – деп сұрады. Оны диірменшіден сұра, - деп жауап береді. Диірмен орталығы Тышқан тымпыңдап диірменге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналды.Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып жұмғанша қап – ұн дайын болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана қарап тұрдыда: -Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? – депсұрады. Бізге астық алып келеді. Біз астықты сұрыптап, тазалап, одан дайын ұн шығарамыз, - дейді. Бидайды қайдан алады? – деп сұрады. - Комбайыншыдансұра, - дедіқырманшықарт. Егістік орталығы Тышқан далада егін орып жатқан комбайыншығакеледі. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастады. Торсық таяқ бидайды астауына құйып алыпбарады. Тышқан шіңкілдеп: -Комбайыншы, комбайыншы, нан қайдан шығады? – деп сұрады. - Көктемде тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер шыққан өнімді күтіп баптайды. Көпеңбек сіңіреді. Астық піскен кезде жинап алады.Міне, мынау қалың астық – сол көпеңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - дейді комбайыншы. - Ой, мұның – азапқой. Мен шалқайып жатып – ақнан таба беремін, - деп қутың – қутың етті Тышқан. -Әне мысық келе жатыр, - деді комбайыншы. Сол – ақ екен Тышқан бірескі інге зып берді. - Ертегі не туралы айтылған? - Тышқан нанның шыққан жерін неге іздемекшіболды? - Олқайда барды? - Тышқанкімненқорықты? - Неге қорықты? Тапсырма.Берілген суреттерді ретімен орналастырып, дәлелдеу; Міне, балалар, біздің дастарқанымызға нан оңай келмейді екен, жоғарыда айтқандай үлкен еңбекпен келеді екен. | |
Соңы | Нан туралы өлеңдер Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар, Нанда адамның еңбегі мен ары бар. Нан өмірдің аннасүті, арқауы, Нансызжердеқайөмірдіңсәні бар. Мақал – мәтелдер. 1."Ас атасы — нан". 2."Нан бар жердеән бар". 3."Нан — тіршіліккөзі". 4."Нан — астың асылы, Ана — адамныңасалы. " 5."Дәндішашпа, нандыбаспа. " 6."Нан— тамақтыңатасы, Ынтымақ — көптің батасы. " Нан туралы тыйым сөздер. 1.Нандыбірқолменүзбе. 2.Нандыжергетастама. 3.Нан үстінезатқойма. 4.Нандылақтырма. Бағалау. Жетістік критерийі: Нанның дастарқанға келу жолын түсінеді. Кері байланыс. Өте қызық өтті. Сабақ ұнады. Мен үшін қызықсыз. Бүгінгі сабақтан алған көңіл-күйлерін смайликтерге стикер ілу арқылы білдіреді.Осыдан кейін мұғалім мен оқушылар бір-біріне рахмет айтып, қол шапалақтайды. Үйге тапсырма: 8-бет Жұмбақтың шешуінің суретін салу | |