kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?орша?ан орта. "Нан дастар?ан?а ?алай келеді?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  Нан  дастар?ан?а ?алай келді ?

Саба?ты? ма?саты:   1) Нанды ?астерлеуге,ас атасы –нан екендігін, нанны?  адам ?міріндегі е? ма?ызды ас екендігін,оны? о?ай жолмен келмейтіндігін айтып ??ындыру. Нанны? ?алай дастар?ан?а келетінін айтып о?ан к?птеген адамдар е?бек еткендігін т?сіндіру.

2) ?мірден ал?ан білімдерін, т?сініктерін жетілдіру

3) Е?бек адамдарын сыйлай, нанды ?астерлей білуге т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі:  интерактивті та?та,   дастар?ан,  пісірілген нан т?рлері, ?лестірмелі суреттер.

Саба?ты? т?рі:  Саяхат саба?

Саба?ты? ?дісі:  С?ра?-жауап, т?сіндіру, топты? ж?мыс, ойын.

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру б?лімі.

А)?н?ран: «Хор»

?)?орша?ан ортамен с?лемдесу

     С?леметсіз бе, ашы? аспан!

С?леметсіз бе, алтын к?н!

С?леметсіздер ме, жануарлар мен ?сімдіктер!

С?леметсіздер ме, ?адірлі ?она?тар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?орша?ан орта. "Нан дастар?ан?а ?алай келеді?" »

Сабақтың тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келді ?

Сабақтың мақсаты: 1) Нанды қастерлеуге,ас атасы –нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін,оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарқанға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.

2) Өмірден алған білімдерін, түсініктерін жетілдіру

3) Еңбек адамдарын сыйлай, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дастарқан, пісірілген нан түрлері, үлестірмелі суреттер.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, ойын.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

А)Әнұран: «Хор»

Ә)Қоршаған ортамен сәлемдесу

Сәлеметсіз бе, ашық аспан!

Сәлеметсіз бе, алтын күн!

Сәлеметсіздер ме, жануарлар мен өсімдіктер!

Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!


ІІ. Негізгі бөлім

А) Мағынаны ажырату

Көрініс: Бір топ бала аулада ойнап жүр еді. Үйден қолында наны бар Азамат шықты. Ол нанын жеп тауыспай лақтыра сап балалармен ойнауға жүгірді. Оны көріп қалған Ержігіт:

-Азамат , нанды лақтыруға болмайды.

-Біздің үйде нан көп, қаласаң басқасын жеймін.

-Сен олай деме, сен өзің нанның дастарқанға қалай келетінін білесің бе?

-Азамат: жоқ.

-Мұғалім: Расында көп балалар дастарқанға нанның қайдан келетінін біле бермейді. Оның қайдан келетінін білу үшін саяхатқа шығып көрейік. Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?

-Ия.

  • Олай болса, бүгінгі сабағымыз « Нан –дастарқанға қалай келді?» деп аталады.

ІІІ. Жаңа сабақ

Егіс алқабына саяхат: Слайд.

  • Балалар «Нан – береке бастауы», «Дастарқан көркі – нан» демекші бүгінгі сабағымызды нан туралы тақпақтан бастасақ.

Нан туралы тақпақтар

1-оқушы: Желкілдеген желменен,

Желді егін тербеген. - ; ,

Өсіреді дихандар

Тамшылаған терменен.

2-оқушы: Кең жазира теп-тегіс,

Тербеледі нұрланып.

Толқындаған көктеңіз

Егін жатып ырғалып.

3-оқушы: Көзді тартып киырдан

Көңіліңді ашады.

Күн нұрына тойынған

Кере қарыс масағы.

4-оқушы: Комбайыншы ағайым

Орады егіс жайқалған.

Атанып жүр әрдайым

Еңбек ері майталман.

5-оқушы: Дала біткен жайдары,

Құлпырыпты,түлепті.

Ақ бидайды айдарлы

Жапан түзге кім екті?

6-оқушы: Дихан бабаң екті де,

Еңбектен еш қашпады.

Алдыңа кеп төкті де,

Ақ нанды үйіп тастады.

7-оқушы:- Кешір, Ержігіт. ,,,

Елді ырысқа бөлеген

Нан - өмірің, нан — өлең. Е

ржеткен соң жер жыртып

Егін салып, дән егем.

ІV. Топтастыру.

Сынып оқушыларын сурет қиындылары арқылы топтастыру.

І топ

ІІІ топ

ІІІ топ

Мақал-мәтел

Жұмбақтар

Тақпақтар

  1. Жердің сәні - егін.

  1. Егін ексеңтыңға, Шықтым дей бер шыңға.

  2. Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас.

  3. Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен.

  4. Диқаншы жерін мақтайды, Балықшы көлін мақтайды.

6. Сабағы жаман жемістің дәні де жаман.

7. Мәуелі ағаш майысқақ.

  1. Не ексең соны орасың.

  2. Қыс азығын жаз жина.


  1. Егіннің жайын еккен білер, Арбаның жайын жеккен білер.


Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар.

(Бидай)

Асты тас, үсті тас

Ортасында піскен ас

(Таба нан)



1-оқушы

Нан –ардақты адал ас,

Кәрі-жас одан аттамас.

Нандай жоқ қой асыл дән,

Жеп үйреген жасыңнан.

Дастарқаннан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

2-оқушы

Ей, балалар, балалар,

Болмаңдар,сірә, нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар.

3-оқушы:

Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.


VІ. Сергіту сәті.


  • Балалар, нан неден алынады?

  • Бидайдан

  • Бидай астық тұқымдасына жататынын білесіңдер ме? Ендеше сендерді астық тұқымдасына жататын дақылдармен таныстырайын.









Бидай:

Нан анасы бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын.

Арпа:

Күміс мұртты арпамын,

Ырыс құтты арпамын.

Еңбек етіп баптаған

Еліме сый тартамын.

Тары:

Ақ, қарамын, сарымын,

Мен өнімді тарымын.

Халқым еңбек сіңірсе,

Қайтарамын қарымын.

Сұлы:

Мен сұлымын, ұланның

Тұлпарына ұнадым.

Баптаған әр диқанға

Басымды иіп тұрамын.

Күріш:

Күнді сүйген күрішпін.

Күллі жұртқа ырыспын.

Алсын деп ел мол өнім

Ала жаздай су іштім.

VІІ. Дәптермен жұмыс.

Көрініс: «Қайдан келдің, бауырсақ?»

  • Балалар, бауырсақтың қайдан, қалай келгеніне тоқталайық. Қырманнан, диірменнен, наубайханадан, дүкеннен дастарқанға келген. Нан - дастарқанның көркі.

  • Дастарқан көркі нанменен,

Тойдың сәні әнменен- демекші ендігі кезекте нан туралы мақал-мәтел айтайық.

1.Қоныс көркі – там,

Дастарқан көркі – ... .

2.Дастарқанында наны жоқтың

Тамағының .... жоқ.

3.Нан болса, .. болады.

4.Тістем нанның қадірін,

Тарыққанда ........ .

5.Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса ......... .

Тыйым сөздер

1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.

2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

3.Нанды аяқ астына тастама.

4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.

5.Нанды сатып алғанда таза дорбаға салыңыз.

Ұлағатты сөздер

1.Дүниеде байлықтың түрі көп.

Солардың ішіндегі ең негізгісі–осы нан

байлығы.

Ғабиден Мұстафин

2. “Егер менен әлемдегі ең асыл не?”дей

қалса,бөгелместен “Нан” деп жауап берер

едім. Себебі, нан әлемнің жарығы күннен нұр

алады, адамға күннің нұрын құяды.Оның өмірін

күндей жарқыратады.

Ыбырай Жақаев



Қорытынды.

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар! –дей келе балар өздері қолдан жасаған жем шашарларына дән, тамақ қалдықтарын, нан қиқымдарын салып, ағаш бұтақтарына байлайды. Бүгінгі «Нан дастарқанға қалай келді?» атты ашық сабағымызды аяқтаймыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?орша?ан орта. "Нан дастар?ан?а ?алай келеді?"

Автор: Мусаева Нуржамал Калдыбековна

Дата: 22.04.2015

Номер свидетельства: 204642


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства