Мотиватциялық қозғаушы | -Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға, Ертеңмен ақ пейілмен, Қайырлы таң!-деймін мен ... Күндізді елді елеймін, Қайырлы күн тілеймін! -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Күз мезгілінде қандай жемістер піседі? | Балалар шаттық шеңберде қызығушылықпен жасады. Күзде қандай жеміс-жидектер пісетінін айтты. Балалар күз мезгілінің айырмашылығын айтты. |
Іздену ұйымдастырушы | -Балалар,бүгін бізде экология оқу іс-әрекетімен біз нан қайдан пайда болды деген тақырып өтеміз. -Балалар,нан қайдан пайда болады? Дәнді егіншілер егеді.Дән өсіп,бидай болады екен.Техникалық құралдармен орады екен.Оны дирменге апарып ұн шығарады.Ұннан Наубайшы нан пісіреді. Оны дүкенге апарып сатады.Бидай үлкен еңбекпен өнеді .Балалар күнделікті жеп жүрген нанның қаншама түрі бар екен? Нанның екі жүзден астам түрі бар. Наннан басқа ұннан жасалатын тағамдардың түрлері бар екен. -Балалар,орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық! Жаңбыр жауды себелеп, Найзағай келіп гүрс етті. Көбелек қалды тығылып, Күннің көзі ашылды. -Жақсы,жарайсыңдар,балалар! -Ал,енді нан туралы тақпақ білеміз бе балалар? -Жақсы,жарайсыңдар,мақал-мәтел білесіңдерме? Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын, кім жауабын тапсы соған жұлдызды бестік беріледі.
| Балалар нан үлкен еңбекпен өнетінін айтты. Дәнді егіншілер егетінін,оны наубайшы пісіретінін айтты. Күнделікті жеп жүрген нанның 200 ден астам түрі бар екенін айтты. Балалар сергіту сәтін жасады. Нан ардақты адал ас, Кәрі жас оны аттамас. Ақ дастархан басында, Қол жумай оны аттамас! -Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар! Нан тіршілік көзі. Бар байлықтың басы нан. Ас атасы нан. Нанды бір қолмен үзбе. |
Рефлексті коррекциялаушы | -Балалар,сендер мамаларыңа көмектесесіндерме? Балалар бәріміз нанды қадірлей білуміз керек. Нан болса ойнап –күлеміз, Нан барда еркін жүреміз! Тіршілік көзі нан ғана, Нан қадірің білеміз! -Бүгінгі экологиялық оқу-іс әрекетіне бәрің жақсы қатыстыңдар! -Сендерге сабақ ұнады ма, балалар? | Балалар қойылған сұрақтарға толығымен жауап берді. Балалардың бәрін мақтап мадақтау. |