kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Нан ?айдан келеді?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тіл дамыту саба? т?рі ретінде ?олданады. Балаларды? нан туралы т?сінігін ?алыптастырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Нан ?айдан келеді?»

Сабақ түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы:Нан дастарханға қалай келеді?

Білім беру саласы: Қатынас
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл - ой белсенділігін арттыру. Өлең, нақыл сөз, мақал - мәтел арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.
Жаңа сөздер: наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, элеватор.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сергіту, ойын, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Көрнекі құралдар: Еңбек адамдарының суреттері, нан түрлерінің суреттері, нан, бауырсақ, ойынға дидактикалық құралдар, ұн, смайлик.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу, сауат ашу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбер: Жаңбыр, жаңбыр жауасың,
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың,
Тазартасың ауасын.
- Балалар көңіл - күйлерің қалай?
- Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер?
- Қол шапалақтаймыз.
- Ренжігенде, қабақ түйеміз.(балалар қабақтарын түйеді)
- Қорыққанда, көзімізді жұмамыз(балалар көздерін жұмады)
- Қуанғанда, күлеміз.
- Ендеше, балалар, қазіргі көңіл - күйлеріңді алдарыңдағы смайлик арқылы көрсетіңдер.
- Жарайсыңдар, барлығымыздың көңіл - күйіміз жақсы екен, олай болса оқу іс - әрекетімізді бастаймыз.
- Балалар, алдарыңдағы суреттерден, тақтадағы көрнекіліктерден байқап отырған боларсыздар, бүгін не туралы айтайын деп тұрғанымызды.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
- Міне, біздің алдымызда дастархан жаюлы тұр. Оның үстінде нандарды көріп тұрсыңдар. Енді біз осы дастарханға нан қалай келетінін мына суреттерден көретін боламыз.
- Көктемде мына суреттегі тракторлар жерді жыртып, жерге мынадай бидай дәнін себеді. (балаларға бидайды көрсетеміз)
- Диханшылар жаз бойы егілген дәндерді суарып, күтіп - баптайды. (дихан сөзіне түсінік беріп кетеміз)
- Күз болғанда жайқалып, бидай өсіп шығады. Өсіп шыққан бидайды комбайншылар орып, машиналарға салып береді. (комбайн сөзіне тоқталып кету)
- Көліктер оны элеваторға тасиды. Элеваторда бидайды жылдап сақтауға болады. (элеватор сөзіне тоқталу)
- Қажет бидайды диірменге апарып, одан ұн жасап шығарады. (диірмен сөзіне тоқталу) Балаларға ұнды көрсетеміз.
- Дайын болған ұннан наубайханаларда түрлі нан өнімдерін шығарады.
- Міне, балалар, біздің дастарханымызға нан осындай көп еңбектің арқасында келеді екен.
Тақтадағы ұннан жасалған өнімдер туралы суреттерге тоқталу.

Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық?»
Ойынның шарты: Берілген суреттердің ішінен нан өнімдеріне жатпайтын тағам түрлерін шығарып тастаулары керек.
Айналамен таныстыру әліппе - дәптерінен берілген тапсырманы орындау.

Дидактикалық ойын: «Дұрыс орналастыр»
Ойынның шарты: Ұн, бидай, нан суреттері беріледі. Сурет астындағы сөзді оқып, ретімен орналастырулары керек.

Сергіту сәті: Көктемде жерді жыртамыз,
Тегістейміз тырмалап.
Дәндерді оған егеміз,
Жайқалып егін шықсын деп.
Күз болғанда орамыз,
Нанға біздер тоямыз.(қимылмен көрсету)
Жұмбақ жасыру: Ұзын мұртты сарылар
Қойнында дәні бар. (бидай)
Балаларға бидайдың суретін салғызу.
Тыйым сөздер: 1. Нанды бір қолмен үзбе.
2. Нанды, дастарханды баспа.
3. Нанды төңкеріп тастама.
4. Нанды аяққа баспа.
Мағыналарын түсіндіру.

Дидактикалық ойын: «Тез ойла»
Ойынның шарты: Мамандық түрлері аталады. Солардың ішінен тақырыпқа сай мамандық иелері аталса балалар қол шапалақтаулары керек. Мыс. Мұғалім, егінші, дәрігер, комбайншы, тракторист, наубайханашы, есепші, диханшы, т. б.
Барлығымыз бірге. Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Қорытынды.
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекеті барлығыңа түсінікті болды ма? Егер барлығыңа ұнаса, қолдарыңдағы смайликті көтереміз.
- Рахмет, балалар, жарайсыңдар!













Сабақ түрі: Тіл дамыту

Білім бөлімі: Қатынас

Сабақтың тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Сабақтың мақсаты: Балалар жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Дамытушылығы: Сөздік қорын молайту, ертегі мазмұны жайлы түсініктерін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, әдіс - тәсілдерін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, жұмбақ.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер жабайы аңдар.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Психологиялық дайындық.
– Қане, балалар ұқыпты балалар қалай отырады екен?
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз
Сұрақ жауап

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Үй жануарлары
- Қандай үй жануарларын білісіңдер?
– Иә дұрыс қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы
- Оларды неге үй жануарлары деп атайды?
- Себебі олар үйде адамның көмегімен өсіріледі.
- Үй жануарлары адамға қандай келтіреді?
- Олар етін жейміз, сүтін ішеміз, жүнінен жылы киімдер жасаймыз.
- Үй жануарларды төлдерін ата
Қойдан төлі - қозы
Ешкі төлі - лақ
Сиыр төлі - бұзау
Түйе төлі - құлын

IV. Жаңа сабақ
Ал балалар жұмбақ айтамын
Ең айлакер аң (түлкі)
Ең қорқақ аң (қоян)
Балды жақсы көретін аң (аю)
Аң патшасы (арыстан)
Мысыққа ұқсайтын аң (жолбарыс)
- Балалар бұл жануарларды жабайы жануарлар деп атайды. Олар елсіз даланы мекен етеді. Өз азығын өзі тауып жейді. Табиғатта түрі өте көп.
Жабайы аңдар

Қасқыр
Қоян
Түлкі
Жолбарыс
Арыстан
V. Ойын «Қайсысы артық?»
VІ. Қорытынды.
1. Жабайы аңдар қайда өмір сүреді?
2. Немен қоректенеді?
3. Жабайы аңдар туралы ертегі білесіңдер ме?
4. Жабайы аңдар туралы тақпақтар











































Сабақ түрі: Тіл дамыту

Білім бөлімі:

Сабақтың тақырыбы: Біздің үй

Сабақтың мақсаты:
1. Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.
2. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркесіне және сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу тілін дамыту.
3. Граматикалық тұлғада жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету.
4. Достарының, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үй жиһаздарының суреті, үйдің сызбасы, бейнетаспа, суретті әліппе.
Жаңа сөздер жиһаз, жатынжай, мансард
Оқу іс – әрекетінің барысы:
І. Шаттық шеңбері
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеткендер.
Өсті ақыл – ойларың,
Иіліп сәлем береміз,
Әдепті боп өсеміз.
ІІ. Кіріспе әңгіме
Педагог бүгінгі сабақта өтілетін тақырыпты хабарлайды. Сұрақ – жауап әдісі арқылы кіріспе әңгіме өткізеді
1. Балалар сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар
2. Сендер өздеріңнің нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұратындарыңды білесің - дер ме
3. Үйде қандай бөлме түрлері болады
ІІІ. Негізгі бөлім
а) дәптермен жұмыс
– Бүгін біз тұрғын үй, үй түрлері және үй жиһаздарымен танысамыз. Адамдар ерте - де өздеріне ыңғайлы баспана тұрғызу керектігін білген. Қазір үйлердің түрі өте көп. Мысалы бірнеше қабатты екі, үш, төрт, т. б. тұрғын үй, ауласы бар жеке бір немесе екі – үш қабатты үй. Көп қабатты үйде пәтерлер өте көп болады. Оның пәтерінде тұрғындар тұрады.
ә) Сөздік жұмыс
Коттедж – жеке ауласы бар сәнді салынған 2 - 3 қабатты үй.
Мансард – шатыр астындағы терезесі бар, кісі тұратын бөлме.
Жиһаз – үй бұйымы, мүлік.
Жатынжай – ұйықтайтын бөлме.
Дәптердегі көп қабатты үй мен коттедждің айырмашылығын әңгімелету. – Көк қабатты тұрғын үйде пәтерлер көп. Әр пәтерде жеке – жеке отбасылар тұрады. Олардың ауласы – бәріне ортақ бір аула. Ал коттеджде бір ғана отбасы мүшелері тұрады.
б) Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерімен сөйлем құрату
– Үйдің бірнеше бөлмелері болады. Олар асүй, зал, балалар бөлмесі және жатын - жай. Әр бөлмеде өзіне тән жиһаздар болады. Қандай жиһаздар болады? – Әдемі жиһаз, ағаштан жасалатын жиһаздар болады?
– Жиһаздың қандай түрлерін білесіңдер?
– Үстел, орындық, диван, төсек, шкаф, т. б.
- Шкафта не тұрады? Орындық не үшін керек?
г) « Менің үйім» тақырыбында әңгіме құрау
Балалар өздері тұратын үй, оның бөлмелері және үйдегі жиһаздар туралы әңгімелейді.
ғ) «Қай бөлмеде қандай зат тұрады?» дидактикалық ойыны
Шарты: бөлмені атап, ондағы тұратын заттарды атау.
Оқу іс – әрекетінің қорытындылау.
1. Біз қандай тақырыпта әңгіме құрадық?
2. Қандай үйлер бар Олар туралы әңгімелеңдер?































































Сабақ түрі: Тіл дамыту 

Білім бөлімі: Қатынас

Сабақтың тақырыбы: “Қысқы киімдер”
Мақсаты:
Білімділік: Балалар киімі, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту, граматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.
Тәрбиелік: Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: ұлттық киім, кебіс.
Көрнекілігі: Жылдың әр мезгілінің суреттері, қысқы киім үлгілері.

Оқу іс - әрекетінің барысы:
Сергіту сәті
Біздің топта балалар,
Тату - тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан,
Тек жақсылықты ойлайды.
Жыл мезгілдері
Қыс айлары
Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Қыс мезгілінде біздер қалай киінеміз?
Ал, балалар бүгін бізге қуыршақ Айжан қонаққа келді. Ол өзімен бірге бір сандық киімдер ала келген. Осы киімдерге қарап қай киім қай мезгілге жататынын кім айтады?
Киімдерге сипаттама беру
Малақай - құлағы бар жылы бас киім, құлақшын.
Тон - қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.
Пима - жүннен басылған қысқы аяқ киім.
Байпақ - етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған киіз шұлық.

Жұмбақтар
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады (Қар)
2. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп.(Аяз)
3. Ағайынды бес туыс,
Жамылатын тоны бар.
Бесеуінде бес қуыс,
Сырттан кірер жолы бар (Қолғап)
4. Қайқы тұмсық, қос табан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең алға зулайды,
Шойын жолдан аумайды.(Шаңғы)
5. Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны

Сергіту сәті
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды,
Мұз болады қатады,
Жыл жылтыр болып жатады.
«Қай мезгілде киеміз?» Тақтада суреттер көрсетіледі, балалар таңдап алады.
Ө. Ақыпбекұлының «Менің киімдерім» атты санамағын жаттаймыз.
Тыйым сөздер
Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды.
Бас киімді әрқашан таза ұқыпты ұстап төрге ілу керек.
Аяқ киімді төңкеріп қоюға болмайды. Әйтпесе, адамның жолы болмайды.
Оқу іс - әрекетін қорытындылау
«Қайсысы артық» дидактикалық ойын.
Киімдерді топтап айтқызу.
Үйге тапсырма Ө. Ақыпбекұлының «Менің киімдерім» атты санамағын жаттап келу.



















































Сабақ түрі: Тіл дамыту

Білім бөлімі: Қатынас
Тақырыбы. Үй жануарлары мен үй құстары
Мақсаты. 1. Үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету.
3. Еңбекқорлыққа баулу.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан әр күнге.

2. Қызығушылықтарын ояту.
- Балалар мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып алдым. Ол жай сандық емес, сиқырлы сандық екен. Бұл сандықтың ішіне жануарлар мен құстарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек. Егер жұмбақтардың жауабын дұрыс тапсаңдар, жануарлар мен құстарды сандықтан босатады.
(әрбір жауаптағы жануарлардың суретін шығарып тақтаға ілу)
1. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. Түйе.
2. Құлды екен әр шаруа,
қазығына құт байлап.
Қанша құйып алсаң да,
сарқылмайды сүт – қаймақ. Сиыр.
3. Көкке шаншып құйрығын,
келеді шауып жүйрігім. Жылқы.
4. Кішкене ғана бойы бар,
айналдырып киген тоны бар. Қой.
5. Желп – желп етіп сақалы,
қолыңнан дәм татады. Ешкі.
Балалар бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз.
Үй жануарлары.
Олар қайда мекендейді?
Үйде, қорада.
Оларға кім қарайды?
Адамдар.
Олар немен қоректенеді?
Жем, шөп, су.
Балалар, жануарлар сендерге көмектескендерің үшін рахмет айтып жатыр. Енді біз «Айнытпай сал» ойынын ойнап жіберейік.
«ОЙЫН ОЙНАТУ».

Олай – былай жүгіріп,
ала мысық ойнайды.
Аша алмаса есікті,
дыбыстайды ол қалай.

Күзетші күшік – саққұлақ,
Үй күзетіп шапқылап.
Дыбыс шықса қаттырақ,
Қалай, қалай үреді.

Өте жақсы, балалар.
Ал, балалар сиқырлы сандықтан тағы бір дауыстар шығатын сияқты. Балалар біздер үй құстарын ұмытып кетіппіз. Үй құстарына да көмектесуіміз керек. Сиқырлы сандықтың бізге берген тапсырмасы тақпақтар айтып үй құстарын құтқаруымыз керек.
Көмектесеміз бе, балалар.
(ТАҚПАҚТАР АЙТУ).

1. Шұбар тауық мүлдем,
жолатпайды барса.
Ұясында жүрген,
балапаны қанша.
Балапанын тауық,
қызғанады жаман.
Қанатымен жауып,
санатпайды маған.

2. Жақын түгіл маңайды,
Оятудан талмайды.
Төбелеске келгенде,
Алдына жан салмайды.

3. Шығып ауыл шетіне,
жайылады бетімен.
Қызықтырар ол бізді,
жұмыртқамен, етімен.

4. Қауіп – қатер жоқ алда,
Малту керек оған да.
Жұмыртқадан шыға сап,
Жүгіреді тоғанға.
Демейді жаз, күз еді,
Балдыр, жалбыз үзеді.
Сол жүзгеннен сол үйрек,
мұз қатқанша жүзеді.
Өте жақсы, балалар біздер бүгін сиқырлы сандықтан үй жануарлары мен үй құстарын құтқардық. Сендерге рахмет айтып жатыр.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы үй жануарлары мен үй құстары.

Сергіту сәті. Шип – шип шөжелерім. (Музыкамен).

Сонымен балалар үй жанарларына нелер жатады?
Сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі.
Өте жақсы балалар.
Енді үй жануарларының бізге тигізер пайдасы қандай екеніне тоқталып кетейік.

1. Сиыр - зеңгі баба тұқымы. Ол адамға үйір, әрі момын жануар. Біздің ішіп – жейтін тамағымыздың барлығы – осы сиыр малының өнімі.
Өте жақсы, Айжан отыра ғой.
Балалар сиыр сүтінен не жасаймыз.
Айран, құрт, ірімшік, май, қаймақ т. б.

2. Түйе - төрт түліктің төресі. Түйенің тигізер пайдасы өте көп. Түйенің сүті – шұбат. Ол әрі сусын, әрі тамақ. Шұбаттың емдік қасиеті күшті, ішсе сүт, жесе ет, майы мол, сапалы жүні бар.
3. Жылқы – жер жүзінің бәріне тараған. Ол қыста сақылдаған сары аязда да далада жайыла береді. Сүтінен қымыз, етінен қазы – қарта, жал – жая пісіреді.
4. Қой - төрт түліктің ішіндегі ең момыны. Балалар ауырып қалған кезде де, осы қойдың құйрық майымен сылайды, ішкізеді.
Өте жақсы, балалар үй жануарларының пайдасы өте көп. Жұмыртқасын азық – түлік ретінде пайдаланамыз. Мамығынан көрпе, жастық жасаймыз. Етін жейміз.

Енді балалар дәптеріміздегі тапсырманы орындайық.
(дәптерде бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарлары мен үй құстарын тапқызу. Оларды бояту).

«ТӨЛДЕРІН ТАП» дидактикалық ойын.
Балалар үй жануарлары мен үй құстарының бізге тигізер пайдасы өте көп екен. Енді балалар осы үй жануарлары мен үй құстарына арналған тыйым сөздер де бар.
1. Малды ұруға болмайды.
2. Ақты төкпе.
3. Малға теріс мінбе.
4. Құстардың ұясын бұзба. Оларды үркітпе.
5. Кендірмен байлама,
Жыңғылмен айдама.
Кендірмен байласаң,
жыңғылмен айдасаң,
мал бітер деп ойлама. - деген сияқты тыйым сөздерді ойымыздан шығармауымыз керек.

Қорытынды.
Жақсы, балалар. Сонымен бүгінгі сабағымызда не туралы айттық. Үй жануарларын атайықшы. Қандай үй құстарын білесіңдер. Үй жануарлары мен үй құстарының пайдасы барма.
Балалар, бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан балаларға сыйлығымыз бар. Мына тауыққа қараңдаршы. Бұл тауық қарапайым емес, сиқырлы жұмыртқалар туады. Сендерге сыйлыққа сиқырлы жұмыртқаларын алып келіпті.
(балаларға тарату).
Сабақты қорыта келе сендерге айтарым, үй жануарлары мен үй құстарына үнемі
қамқор болуымыз керек. Олар үнемі бізден қамқорлық күтеді.
Осымен сабағымыз аяқталды.













































Тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі.
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелігімен таныстыру. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға
деген белсенділіктерін арттыру. Табиғатты аялауға баулу.
Көрнекілігі: суреттер, құстардың суреттері, қысқы ағаш, орманшы атай, үнтаспа.

Жүрісі:
Жылулық шеңбері.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, жер ана,
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!

Әңгімелесу.
- Қандай жыл мезгілін білесіңдер? Кәне, атап шығайық.
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Күзде табиғатта қандай өзгешеліктер болады?
- Күзде күн салқындап, аспанды бұлт торлап, жиі – жиі жаңбыр жауады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсе бастайды. Шөптер де сарғайып, қуара бастайды. Адамдар жылы киімдерін киеді. Құстар да жылы жаққа ұша бастайды.
- Есімізге түсіріп көрейік. Құстардың қандай түрлері болады?
- Үй құстары және дала құстары.
- Үй құстарына қандай құстар жатады?
- Әтеш, үйрек, қаз, тауық, күркетауық.
- Ал дала құстарына қандай құстар жатады?
- Қарлығаш, көгершін, торғай, шымшық, сауысқан, қарға, бүркіт, аққу, үкі, жапалақ.
- Күз түсіп, күн салқындағанда, кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді деп айттыңдар. Оларды жыл құстары деп атаймыз. Жыл құстары суыққа төзімсіз болып келеді. Ал, енді жылы жаққа ұшпай, өлкемізде қыстап қалатын құстарды отырықшы құстар дейміз.
- Қыста күн салқындап, қар жауады. Айналаны аппақ қар басады. Кейде мінезін көрсетіп, қар жапалақтап жауып, ұйытқыған боран да борайды. Қыста өсімдіктер, ағаштар өспейді. Олар көктемге дейін ұйқыға кетеді. Тек шырша ғана жасыл күйінде қалады.

Әліппе – дәптермен жұмыс.
Т. Молдағалиевтың қыс туралы өлеңін оқып беру:
Ағаштардың жапырағын
Ашулы жел тонайды.
Ақ жамылған атырабым
Қар борайды, борайды.

Сұрақтарға жауап алу:
- Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған?
- Қыста күн қандай болады?
- Қар қалай жауады?

Сурет бойынша әңгіме жүргізу:
Қыс, құстардың қысқы тіршілігі туралы бейнеленген суреттер арқылы балаларға құстардың азығы, олардың немен қоректенетінін әңгімелеу. Адамдардың құстарға жасайтын көмектері туралы мағлұмат береді.




































































Сабақтың тақырыбы: Көктем
Сабақтың мақсаты: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету. Құстарға, ағаштарға қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көктем мезгілінің суреті, үлестірмелі суреттер, интерактивті тақта.

Оқу іс - әрекетінің барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Жылулық шеңбері.
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.
– Күнге қол бұлғайық! Әрбір адам күннің көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің жылуымен жылытып, біздің тезірек өсуімізге көмектеседі.

Балаларға төмендегі сұрақтарды қою:
- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
- Жыл мезгілі төртке бөлінеді.
- Ендеше жыл мезгілін атаңдар.
- Күз, қыс, көктем, жаз.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Назарларымызды тақтаға аударайық. (интерактивті тақтадан көктем мезгілі туралы бейнефильм көрсету).
- Суреттен қандай жыл мезгілін көріп отырсыңдар?
- Бұл – көктем мезгілі.
- Көктем екенін қайдан білдіңдер?
- Өйткені, жердегі мұз, қарлар еріп жатыр. Ағаштардың бүршік ата бастаған. Балалар құстарға ұя жасап жатыр.
- Жарайсыңдар, қандай ақылды, аңғарымпаз балаларсыңдар! Біз бүгінгі сабақта «Көктем» тақырыбында әңгіме жүргіземіз.

ІІ. Негізгі бөлім.
- Көктем мезгілін жақсы көресіңдер ме?
- Иә, жақсы көреміз. Бізге көктем мезгілі ұнайды.
- Көктем мезгілін мен де жақсы көремін. Сондықтан да:
- Көктем нұры қуатты,
Қарлар еріп, су ақты.
Күн күлімдеп төбеде
Төгіп тұр ғой шуақты.
Құстар келді ән салып,
Дала толды гүлдерге.
Осы шақты аңсадық,
Ғажап қой бұл білгенге!, - деп жырға қосамын.

- Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылынуынан мұздар, қарлар еріп, су болып, сай – салаға аға бастайды. Жануарлар да қысқы ұйқыларынан оянып, тіршілігін бастайды. Жыл құстары туған өлкеге қайта оралады. Ағаштар бүршік жарып, гүлдене бастайды. Көктемнің алғашқы гүлі – бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ (гүлдердің суреттерін слайдтан көрсету).

- Менің қолымда бірнеше көктем гүлдері бар. Сабаққа жақсы қатысқан балаларға сабақ соңында тарту етемін.

Әліппе – дәптермен жұмыс.
а) Тұманбай Молдағалиевтың «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып беру, жаттату.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Баға біл – малды жайылымға апарып бағу, баптап - күту.
Қой айдасып – қойды екеулеп айдау, көмектесу.
б) Сергіту сәті:
Шомылып нұрға атырап,
Ағаштар жайды жапырақ.
Далаға бірден таралды,
Гүлдерден жұпар шашырап.
в) «Көктемгі гүлдер» дидактикалық ойыны. Шарты: себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол гүлді сипаттау. Мысалы: Сарғалдақ гүлінің түсі – сары. Өте әдемі көктем гүлі. Иісі – керемет. т. с. с.
г) Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салады.

ІІІ. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.
Топтастыру арқылы сабақты қорытындылау.
Сабаққа белсене, жақсы қатысқан балаларға көктем гүлдерін сыйға тарту.



Мамандықтың бәрі жақсы

Жарияланды 26-12-2013, 00:59 Категориясы: Мектепалды дайындық 

Тіл дамыту
Білім беру сапасы: қатынас

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Мақсаты: 1. Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру
Міндеттері:
1. балаларды әр түрлі мамандықтар иесімен таныстыру.
2. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
3. Мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: триз әдісі
Көрнекілігі: Мамандықтар түрлерінің суреті, сандық.

Сабақтың ұйымдастыру бөлімі.
Тәрбиеші: Балалар сәлеметсіңдер ме! Бүгін бізге қонақтар келіпті, қане қарайықшы. Олай болса бүгінгі тіл дамыту сабағымызды бастайық.
(есік қағып қоян кіреді)
- Қоян сізге не болды?
- Мен балаларыма дүкеннен сыйлықтар алып келе жатыр едім, мені машина қағып кетті.
- Балалар, қоянға қалай көмектесеміз?
- Қоянды кім емдеп жазады?(дәрігер)
- Балалар қоянның сіздерге алып келген тапсырмасы бар. Қоянның көңіл күйі жақсы болу үшін, тапсырмасын орындайық.
- Ал, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ал мына жұмбақтардың шешуін табыңдаршы?
1. Алып жатқан жан – жақты,
Үйлерді кім тұрғызды. (Құрылысшы)
2. Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам. Ол кім? (милиционер)
3. Өскен шашты жаратпайтын
Қайшысы бар жалаңдайтын. (шаштараз)
- Жарайсыңдар балалар жұмбақтарды өте жақсы шештіңдер.
- Балалар қандай жұмбақтар шештіңдер (құрылысшы, милиционер, шаштараз). Бұл сөздер нені білдіреді?
- Әрине мамандықтар туралы. Себебі біздер бүгінгі сабағымыз мамандықтар туралы.
Енді орнымыздан тұрып сергіп алайық.

Сергіту сәті:
Терезені ашайық,
Таза ауа жұтайық.
Тез – тез, тез – тез отырып,
Орнымызды табайық.
Балалар енді суретке назар аударайықшы, қазір сұрақтарға толық жауап беріп, сөйлем құрастырайық.
Мысалы – дәрігер маманы кім? – ол кішкентай балалармен үлкендерді емдейді.
Аспазшы маманы кім? – дәмді ас пісірумен айналысады.
Құрылысшы маманы кім? – көп қабатты, зәулім үйлер салады.
Мұғалім маманы кім? – оқу мен жазуды, білім беретін апай.
Май қызметкері кім? – елдің тыныштығын қорғайтын маман.
Сатушы кім? – ол азық – түліктер сататын адам.
Шаштараз маманы кім? – түрлі шаш сәндейтін адам.
Біз ойнаймыз, ойнаймыз
Кім болуды қалаймыз.
Олай болса кім аспазшы болғысы келеді?
Олай болса кім мұғалім болғысы келеді?
Олай болса кім май қызметкері болғысы келеді?
Олай болса кім сатушы болғысы келеді?
Олай болса кім шаштараз болғысы келеді?
Кім дәрігер болғысы келеді?
Олай болса кім құрылысшы болғысы келеді?
- Тәрбиеші балалардан әр мамандықтың іс қимылын әңгімелеп сұрайды.
- Балалар сатушы не істеп жатыр? (ол азық - түлік сатып жатыр)
Балалар біздің ортамызға дәрігер келді. Қоянды дәрігер емдесін.
Дәрігер:
Жақсы оқып сабақты,
Білім алып толамын.
Ауруларды емдейтін
Мен дәрігер боламын.
Шаштараз:
Сән үлгісін қиятын
Шаштараз болам жолыңа
Түрлі – түрлі шаш қиып
Қызмет етем халқыма.
Сатушы:
Жақсы оқып сабақты
Мақсатым бұл ұраным
Үлкен болып өскенде
Сатушы боп тұрамын.
Май:
Елге қызмет етемін
Шаршамаймын мен бірақ
Күні – түні май боп
Ұйықтамаймын мен бірақ.
Құрылысшы:
Қолда темір қалағым
Саздан сарай саламын
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын.
Мұғалім:
Мұғалім, аспазшы
Жақсы оқып сабақты
Білім алып толамын
Бөбектерді оқытар
Мен мұғалім боламын
Аспазшы:
Дәмді тамақ пісіріп
Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен аспазшы боламын.
- Балалар қоянды емдеп жаздық. Енді жол ережесін май қызметкері түсіндіріп жолдан жүргізіп көрсетсін.
- Жарайсың, қоян, енді жол ережесін үйрендің бе.(үйрендім)
- Олай болса сен бізге қонақ бол.
- Жарайсыңдар балалар, енді бәріміз тақтадағы суретке қарайық.

Қазір «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз. Ол үшін бәріміз тақтадағы ойынның шартымен танысып өтейік.
Шарты: тақтадағы суреттерге қараймыз, қай сурет мамандыққа керек. Соны тез тауып айтамыз.
- Балалар қоянда қызығып сендермен ойнағысы келіп тұр.
- Бірге ойнайсыңдар ма?
- Ендеше «Сен өскенде кім болғың келеді?» ойының ойнайық.
- Шарты: Қоян доп лақтыру арқылы әр бала өз ойын айтады.
- Балалар мен көжектеріме барайын. Сендер жол ережесін үйреттіңдер және дәрігерлік көмек көрсеттіңдер. Ал енді мен сыйлықтарыммен бөлісейін. (алма тарату) Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар балалар.

Қорытынды:
- Бүгін балалар қандай тақырыпта әңгімелестік?
- қандай мамандық иелерін білдіңдер балалар?
Жарайсыңдар балалар қазақта мынадай мақал бер, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей», «Еңбектің – наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»
Балалар ерінбей еңбектеніп сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.
Мадақтау: Бүгінгі сабаққа балалар өте жақсы қатыстыңдар.


Қош келдің, Жаңа жыл!

Жарияланды 19-07-2013, 12:20 Категориясы: Мектепалды дайындық 

«Қош келдің, Жаңа жыл»
Тәрбиеші:- Құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобындағы «Қош келдің Жаңа жыл»атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Алдағы мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз.
- Сәлем бердік баршаға Құттықтаймыз жар сала
Бүгін бізде Жаңа жыл
Қош келіпсіз шыршаға
- Жаңа жылда көңілді
Шырқалады әніміз
Ата - аналар сіздерді
Құттықтаймыз бәріміз

Ән: «Жаңа жыл»
1-бала: Жаңа жылды біз тойлап 
Шаттанамыз бәріміз
Өлең де әзір, ән де әзір
Ойын да әзір, би де әзір
Кел «Жаңа жыл»біздерге
Құтты болсын Жаңа жыл
2 - бала: Төрлетіңдер, төрлетіңдер
Шырша сәнін көріңдер
Әсем әнмен би билеп
Күй жырларын төгіңдер 

Тәрбиеші:
Ақ таяғы қолында
Ойын күлкі жанында Күтеді оны шартарап
Сый дорбасын арқалап
Жаңа жыл сайын келетін
Ол кім? 
Балалар:- Аяз ата, Ақшақар Тәрбиеші:
Олай болса қызықты болу үшін ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық
Аяз ата: Ау, амансыңба ұлдарым!
Амансың ба қыздарым!
Қандай жарқын жүздерін
Қандай әсем жырларын
Асулармен алысқан
Асау жолмен жарысқан
Аталарын сендерге Шаршап келді алыстан
Ән: «Аяз ата»
3 - бала:
Тілеймін мен бар әлемде
Дос көп болсын жанашыр
Ата - ана, ата - ана
Құтты болсын жаңа жыл!
4 - бала:
Тілеймін мен бар адамға
Жаңа бақыт, жаңа жыр
Ата - әже, ата - әже Құтты болсын жаңа жыл! 5 - бала:
Борандатып арқалатып
Аяз ата келеді
Ақ көңілмен пәк көңілмен
Бізге сәлем береді
6 - бала: Аяз ата, Аяз ата
Сені күтіп жүрдік біз Томпаң қағып, арқаланып
Келеріңе сендік біз
Би: «Ақшақар»
7 - бала:
Ән шырқалды көңілді
Күй шертілді өмірлі Тақпақ айтты достарым Өнерімен көрінді
8 - бала: Әндерін де ұғайық Кәмпиттері тәп - тәтті
Алдынан біз шығайық
Аяз ата кеп қапты
9 - бала:
Аппақ тонға оранып Базарлықты мол алып
Келеді алыс сапардан Аяз ата оралып
10 - бала: Шырша қандай керемет Ойыншықтар ілінген
Жымың қағып шамдары Бүкіл қызық тірілген

Көрініс: «Түлкі мен қоян»
11 - бала:
Қараймыз мына шыршаға
Неткен әсем көрікті
Жаңа жылдық шыршаға Барлығы да келіпті
12 - бала:
Жарқырайды жан - жағым
Жаңа жылдық киіммен
Аяз ата сыйлығын Жеңіп алдым биіммен
13 - бала: Жылда осылай келеді Көп қуаныш береді
Шашу етіп біздерге
Ақ күмісін төгеді
14 - бала: Айнала ұшып жүр
Ақ мамық қар себелеп Қалт-құлт еткен бейне бір
Ақ қанатты көбелек

Ән: «Зырлайды шанамыз»
15 - бала:
Ақ мамықтай ұлпа қар
Жамылыпты қырқалар
Қалың - қалың тон киіп Маужырайды шыршалар
16 - бала: Ойыншықты мұншама
Кім іледі екен шыршаға Алақай, айнала түрленді
Балақай, би биле, тұрма енді
17 - бала:
Асыға күткен жаңа жыл
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа заман, жаңа айлар Кел жаңа жыл, жаңа жыл!
18 - бала:
Әлде қарлы боранда
Тау басына түсті ме? Аяз ата оралды
Ақ тон киіп үстіне

Тәрбиеші: Аяз атамен Ақшақарды шығарып салайық, себебі оларды басқа балалар күтіп отыр. 
Аяз ата: Балалар, бүгінгі жаңа жылдық мереке, ән - би бізге өте ұнады. Өнерлі екенсіңдер. Өркендерің өссін.
Тәрбиеші: Ата - аналарға сөз берейік. Сыйлық тарату.
Ән: «АЕлорда - Астана

Жарияланды 15-07-2013, 12:02 Категориясы: Мектепалды дайындық 

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Тілді дамыту
Тақырыбы: Елордасы - Астана
Мақсаты: Балаларға Астананың көрікті жерлерін атау, өздерінің Астанадан көргендерін баяндау. Өлең жолдарын дауыс ырғағына сай айтқызу. Сөздік қорын молайту. Өзінің қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, бақылау, салыстыру, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: Астана көрінісі, Бәйтерек, үш бидің ескерткіші
Жаңа сөздер: Елорда, Есіл, парламент

Ұйымдастыру кезеңі.
Біздің туып - өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы.
- Иә, балалар, бүгінгі сабағымыз Елордамыз Астана туралы болмақ.
- Ал қанекей балалар Астана қаласына барғандарын бар ма?
Сендер Астанаға бардыңдар, сол жайлы айтып беріңдерші. Қане балалар кімде қандай сұрақ бар екен. /Астана қаласына барып қайтқан балаларға сұрақ қою/
Олай болса құрметті қонақтар барлығымыз Астана қаласына саяхат жасайық.

- Саяхатқа бару үшін балалар барлығын осы саяхаттың тапсырмаларын орындауларын керек.
- Балалар Астана қаласына бару үшін пойызға отыруымыз керек.
Ақтөбеден пойызға отыру үшін барлығымыз бірге сөзжұмбақ шешейік.
1) Қазақ халқының ұлттық музыка аспабы.
2) Қазақстан Республикасының елбасының есімі.
3) Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.
4) Қазақ халқының ұлы ақыны.
5) Ас атасы
6) Қазақстан Республикасының рәмізі?
Міне балалар, біз Астанаға да келіп жеттік. Енді балалар экранға назар аударып Астана қаласын аралайық. /Астана қаласы туралы видеоролик/ Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында әлемді өзіне қаратқан жаңа қала бой көтерді. Ол біздің Елордамыз – Астана. 
- Есіл өзені қаланы екіге бөліп жатыр. Есілдің оң жағалауында көбіне тұрғын үйлер орналасқан, ал сол жағалауы жалпы Қазақстанның саяси орталығы болып табылады.
- Есіл өзенінің сол жағалауында Президент Ақ Ордасы, Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, Конгресс холл, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, тағы басқа негізгі экономикалық, саяси орталықтар орналасқан.
Балалар енді бәріміз бірге Астана қаласының көрнекі жерлерін аралап, олармен таныс болайық.
«Астана - Бәйтерек» монументі Елорданың басты көрнекті орындарының бірі. Есіл өзенінің сол жақ жағасында жапырақ жайған «Астана - Бәйтерек» бар.
97 метрлік биіктікте, шардың ішінде жаңа елорданың келбетін алақанға салғандай көрсететін панорама залы орналасқан. Күміс тұмар — Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы салынған.
Президент саябағы Бейбітшілік және келісім сарайы мен Ақорданың жанында орналасқан. Паркте "Самұрық құс", "Төменгі алаң", "Үлкен каскад", "Грот", "Көл - қайнар көз" атты бес су бұрқақтары кешені, сегіз жасанды тоған мен каналдар бар.

Сергіту сәті
Отан туралы мақал – мәтелдер айту.
1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Отан, оттан да ыстық.
4. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
5. Туған жерге туың тік.
6. Ел көркі мал, өзен көркі тал.
Сабақты қорыту
Нені білді: Астананың көрікті жерлерімен танысады
Қандай түсініктерді игерді: Өз елін сүйе білуді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жаңа сөздердің мағынасын түсінуді, байланыстырып сөйлеуді, өз ойын айта білуді үйрету.

ппақ, аппақ»



























Тақырыбы:Менің отбасым

Мақсаты: Отбасы құндылығының маңыздылығын ашу.

Міндеттері:
- Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.
- Отбасы деген жағымды қарым - қатынастарын дамыту.
- Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: «Өзін - өзі тану»әлемінің картасы, дәптер, ойыншық
жүрекше, отбасы мүшелерінің суреттері.

Шаттық шеңбері:
- Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.
Қане, бәріміз шеңберге тұрып, бір - бірімізге сүйіспеншілігімізді білдірейік.

1. Жазира, сен әдепті қызсың.
2. Нұржан, сен батыр баласың.
3. Бахыт, сен мейірімді қызсың.
4. Әділет, сен тәртіпті баласың.
5. Алтынай, сен шыншыл қызсың.
6. Ерсұлтан, сен ақкөңіл баласың.
7. Алима, сен қамқоршысың.
8. Алишер, сен ақылды баласың.
9. Мадина, сен сұлу қызсың.
10. Аружан, сен ажарлы қызсың.
11. Елдана, сен әдемі қызсың.
12. Фариза, сен сымбатты қызсың.
13. Дильназ, сен көрікті қызсың.
14. Айдана, сен әдемісің.
15. Сырым, сен мықты баласың.

Әңгімелесу:
- Бүгін «Өзін - өзі тану» әлемінің «Отбасы»аялдамасына тоқталамыз.
- Бүгінгі сабақта отбасының құндылығы, маңыздылығы туралы айтамыз.
- Суретте не көріп отырсыңдар?

Балалардың жауаптары:
- Бұл жерде бізді қызықты ойындар, тапсырмалар күтіп тұр.
- Ал біз бүгін өзіміздің туған үйіміз, отбасымыз туралы әңгімелесеміз.

Өзіммен өзім:
- Балалар, қане, мына кілем үстіне отыруларыңды сұраймын. Әркімнің өз үйі бар. Әркім өз үйін жақсы көреді, себебі ол сендердің туған үйлерің. Ол үй сендер үшін жайлы ды жылы. Онда сендерді жақсы көретін адамдар тұрады. Енді әр қайсысымыз өзіміз тұратын үйімізді, отбасымызды көз алдымызға елестетейік. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.

Баяу әуенді музыка ойнайды.
- Енді көзімізді ашып, ойлаған ойларымызбен бөлісейік.
Балалардың жауаптары:

Сергіту сәті: «Тату - тәтті отбасы»
- Мен қазір сендерге, тату - тәтті отбасында - 3 адам, 4 адам, 5 адам тұрады деймін,
сендер сол санға сәйкес тез топтасып тұра қаласыңдар.

Санамақ айту:
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым - атам,
Балан үйрек - апам,
Ортан терек - әкем,
Шылдыр шүмек - анам,
Кішкентай бөбек - мен.
Біз үйде нешеуміз?
Біз үйде – бесеуміз.

Көрініс: «Ана мен бала»
Бала доппен ойнап жүргенде құлап қалады. Оны көрген анасы жүгіріп келіп, баласын көтеріп алады.
Айналайын, жан балам,
Құладың - ау сен жаман.
Ауырған жоқ па, бір жерің,
Жүргенің жақсы сен аман!

- Сендерде осындай жағдай болды ма?
- Болсаңдар аналарың қандай сөз айтты?
Балалардың жауаптары:

- Қане, осы отбасы туралы кім өлең, тақпақ біледі?
1. Ең жақын адамдар,
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі,
Ақ басты атам бар.
Әкемнің шешесі,
Ақ шашты әжем бар.

2. Ұлдардың үлкені,
Бір туған ағам бар.
Қыздардың үлкені,
Бір туған әпкем бар.

3. Ұлдардың кішісі,
Бір туған інім бар.
Қыздардың кішісі,
Бір туған қарындас,
Әпкеге - сіңлі бар.

Дәйексөз:
- «Адамға ең қымбат - отбасы»дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адамға ең қымбат - отбасы. Отбасы - бұл сенің ең жақын адамдарың; атаң, әжең, әкең, анаң, бауырың, інің, әпкең, сіңлің. Біз туған үйімізді жақсы көреміз.

Дәптермен жұмыс:
- Дәптерде берілген үйдің терезелеріне отбасы мүшелерінің суреттерін салыңдар.
«Анашым» әнін бірге орындау.
Ғажайып сөздер:
- Адамға ең қымбат - отбасы.
- Отбасы - сенің ең жақын адамдарың.

Қорытындылау:
- Бүгін сабақта біз отбасымызды жақсы көруге, отбасындағы адамдарды
сыйлауға, көмектесуге үйрендік. Отбасы - сенің атаң, әжең, әкең, анаң, сіңілің, інің. Отбасы бізді жақсылыққа, әдептілікке үйретеді.

Жүректен жүрекке:
Балалар ойыншық жүрекшені бір - біріне ұсына отырып өз отбасына, оның мүшелеріне сүйіспеншіліктері мен тілектерін білдіреді.
- Менің отбасым ең тату отбасы.
- Менің отбасы ең үлкен.
- мен атам мен әжемді жақсы көремін.
- Менің анам ең ақылды адам.
- Менің отбасым аман болсын.
- Менің отбасымда қуаныш көп болсын.
- Менің отбасым қонақжай.
- Менің отбасым көңілді.
- Менің отбасым мейірімді.
- Менің отбасым ең бақытты.
- Мен өз отбасымды жақсы көремін.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Нан ?айдан келеді?

Автор: Балтабаева Гульсара

Дата: 09.06.2016

Номер свидетельства: 333771

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Балаба?ша саба? жоспары «Нан ?айдан келеді?»"
    ["seo_title"] => string(40) "balabakshasabakzhosparynankaidankieliedi"
    ["file_id"] => string(6) "323460"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461918259"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Ашы? саба?: "Нан -?айдан келеді?""
    ["seo_title"] => string(27) "ashyksabaknankaidankieliedi"
    ["file_id"] => string(6) "330882"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464437811"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Нан ?айдан келеді?"
    ["seo_title"] => string(20) "nan-k-aidan-kieliedi"
    ["file_id"] => string(6) "295481"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455815673"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Тіл дамыту   Та?ырыбы: Нан ?айдан келеді?"
    ["seo_title"] => string(34) "tildamytutakyrybynankaidankieliedi"
    ["file_id"] => string(6) "323630"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461994763"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "«Нан қайдан келеді?» Жүк машинасы"
    ["seo_title"] => string(35) "nan_k_aidan_kieliedi_zhuk_mashinasy"
    ["file_id"] => string(6) "376035"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483721603"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства