Просмотр содержимого документа
«Музықалық ырғақ қимылдар»
Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Пән: Денешынықтыру
Өтпелі тақырып: «Қазақстанның қыстайтын құстар »
Тақырыбы:: Музықалық ырғақ қимылдар (әнмен марш)Жерден жатқан баспалдықтың тақтайынан адымдау.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: : Ән мен маршқа жаттықтыру ,ырғақ қимылымен қозғалу калонада ,баспалдақтың тақтайынан адымдауға дағдыландыру.
Оқыту:Калонада бір-бірден жүруге үйрету .
Педагогикалық технологиялар:Денсаулық технологиясы .Ойын технологиясы .Дамыту технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету:Доп,тақтайша,әнмен марш.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
1. Музықалық ырғақ қимылдар
2. Жерден жатқан баспалдықтың тақтайынан адымдау.
Ойын: «Допты ұста»
Еденде жатқан бөренелердің арасымен ауыспалы адымдап өту. Қырынан қойылған баспалдақтың арасымен өрмелеу.Бөрененің бойымен жүру және үстіне тырмысып шығу, бөренеден секіріп шығу.
Топқа кіру,жүру, амандасу,бұрылу, жүгіру,дем алу, дамыту жаттығуларын бір тізбек жасап жүру. Балаларды шақыру, бір-бірінің артынан жүргізу, бір қатарға тұрғызу, амандасу, сабақтың тақырыбын айту, жаттығу жасағанда балаларға көмек жасау.
Бір тізбек жасап кіреді, бір қатарға тұрады, амандасады, мұғалім айтқан тақырыпты тыңдайды,мұғалімнің есебін айтқызбай орындау, жаттығуларды жасау.
3.Қорытынды:
Тәрбиешінің белгісі бойынша,тоқтауға бір бағытты сақтай білу.
Шеңберге тұру дағдыларын бекіту, қатарға жүруге үйрету, сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап,мадақтау.