kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Музыка әлеміндегі шахмат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, шахмат пен музыканың  байланысын түсіндіру, шығармашылық қызығушылықтарын дамыту. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Музыка әлеміндегі шахмат"»

Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, шахмат пен музыканың байланысын түсіндіру, шығармашылық қызығушылықтарын дамыту.
Көрнекіліктер: Тақырып жазылған шарлар, музыкалық аспаптар, аспаптардың суреттері, ноталардың суреттері,

Балалар маршпен кіреді.

Саз жетекшісі:Балалар,бүгін бізде ерекше күн,бүгін бізге көптеген қонақтар келді,қане қонақтарымызбен амандасайық.

Балалар:Са - ла - мат - сыз ба?

Саз жетекшісі:Здравствуйте,дети!

Балалар:Здравствуйте!

Саз жетекшісі:Goodmonind children!

Балалар:Goodmonind!

Саз жетекшісі:Балалар ендеше орнымызға жайғасайық.

Балалар орындарына отырады.

Саз жетекшісі:Балалар бүгін сендер ерекше әдемі болып киініп келіпсіңдер?

-Сендер не болып киініп келдіңдер?

Балалар:Біз нотамыз.

Саз жетекшісі:Ал, нота не үшін керек?

Балалар:Музыка жазу үшін.

Саз жетекшісі:Музыкада неше нота бар?

Балалар:7





Саз жетекшісі:Ал,есімізге түсірейік.

Балалар:до,ре,ми,фа,соль,ля,си.

Саз жетекшісі:Нота бес қара сызықшаға жазылады, жазатын сызықта әр нотаның өз орны бар.Ал,нотаның алдында не тұрады?

Балалар:Скрипка кілті.

Саз жетекшісі:Ал,біздің ,бізге скрипка кілтіміз қайда?

Балалар айналасына қарап іздейді.

Саз жетекшісі:Балалар біздің скрипка кілтіміз жоқ,кілтсіз нота жазылмайды,нотасыз әуен болмайды ,қой отырмайық ,бәріміз бірігіп іздейік.

(Әуенмен іздеуге шығады)

Шахмат еліне келеді.

Саз жетекшісі:Балалар біз шахмат еліне келдік.Бұл жай ел емес,бұл әуенді шахмат елі.Олардада әуен бар,демек оларда да скрипка кілті болу керек,бәлкім бізге берер. (Дыбыс естіледі)

Дауыс естіледі:Салематсыздарма ,балалар!Мен шахмат елінің ханшайымымын.Менің еліме қош келдіңіздер.Сендер не іздеп келгендеріңді білемін ,мен сендерге көмектесе аламын,тек сендер менің фигураларымның тапсырамаларын орындасаңдар ғана.Сендерге сәттілік тілеймін.

Саз жетекшісі:-Ал,балалар,шахмат ханшайымы бізге көмектесем дейді,біздер тапсырмаларын орындай аламызба?Алдымен мына фигуралардың аттарын есімізге түсірейік.

Балалар фигураларды атайды.

Саз жетекшісі:- Ал ,балалар бір фигураны алайық,қане қайсын аламыз?

(Бір фигураны алады,астында нота жатыр,нотада тапсырма жазылған,нотаны алып тапсырманы оқиды)

Саз жетекшісі:- «Сендердің аттарың кім?»-деп жазылған.Балалар біз өзімізідің аттарымызды әнмен айтып жеткізейік.

Ән:‟До,ре,ми„

Саз жетекшісі:Жарайсыңдар,балалар өте тамаша.Ал енді тағы бір фигураны алайық.

(Фигураны алып,тапсырманы оқиды)






Саз жетекшісі:-«Әдемі би билеп беріңдер» депті.Балалар біз билеп беремізбе.

Балалар:Ия.

Би: До,ре,ми

Саз жетекшісі:Балалар, сәл серігіп бір ойын ойнап лайықшы.

Ойын: «Өз орныңды тап?»


Ойын шарты:Нота түстері сәйкес шеңберлер орналасқан.Саз жетекшісі бір нотаны атаған сәтте сол нотаның түсіне сәйкес шеңберге тауып орналасулары қажет.

Саз жеткшісі:Жарайсыңдар,енді біз кілтімізді табатын сияқтымыз.Ал тағы бір фигураны алайық. (Келесі фигураны ашу)

Саз жетекшісі: «Мына жұмбақтарды шешіңдер?»-депті.

1 Тиіп кетсе жылаған,        
Даусы көпке ұнаған..(Домбыра)

2.Қалдырмай емге етін,
Қақтаған күн бетін
Астында төмпештің,
Атқарар міндетін.
/Барабан/.

3.Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды.(сырнай)

,

-Ал,жұмбақтар бір сөзбен атағанда не дейміз?

Балалар:Аспаптар дейміз.

Саз жетекшісі:Жарайсыңдар,міне біздің аспаптарымызда бар,ендеше осы аспаптармен әдемі әуенге қосылып ойнайық.

Шулы оркестр.

Саз жетекшісі:Балалар енді аспаптармен ойын ойнайық.Аспаптар қандай түрлерге бөлінеді?

Балалар:-Үрмелі,соқпалы,ішекті.

Саз жетекшісі:Арине,олай болса аспаптарды түрлерімен бөліп жинайық.

Ойын: «Аспаптарды ажырату»





Ойын шарты:Аспаптарды түрлеріне сәйкес бөліп жинайды.(үрмелі,соқпалы,ішекті)

Саз жетекшісі:Жарайсыңдар,балалар тағы бір серігіп билеп алайықшы.

Би: «Полька»

Саз жетекшісі:Ал,тағы бір фигураны алайықшы.

Тапсырма «Менің фигураларымды орындарына орналастырсаңдар скрипка кілтін табасыңдар»-дейді.Балалар, фигуралардыңда сендер секілді орындары бар,ендеше орнына қояйық.Кілтті кім табар екен?

Балалар фигураларды орындарына қояды.

Скрипка кілтін тауып алады.

Әуенмен Ханшайым келеді.

Шахмат елінің Ханшайымы:Салематсыздарма,балалар,сендерді көріп қуанып тұрмын.Сендер өте ақылды балалар екенсіңдер.Менің тапсырмаларымды жақсы орындадыңдар. Мен сендерге «алтын скрипка кілтін» сыйға тартамын.

(Қорапша сыйлайды,ішінде алтын скрипка кілт)






Шахмат елінің Ханшайымы:Мені ұмытпай қонаққа жиі-жиі келіп тұрыңдар.Сау болыңдар,балалар.Жолдарың болсын.

(Қоштасып кетеді.)

Саз жетекшісі:Балалар, міне біз кілтімізді таптық енді біздің де бөбекжайымызға қайтатын уақытымыз болды.

Балалар орындарына жайғасады.

Саз жетекшісі:- Міне,бөбекжайымызға да келдік,кілтімізді таптық,енді үнемі бөбекжаймызда ән де болады,биде болады,өйткені бізде скрипка кілтіміз бар.

-Балалар,біз бүгін қайда бардық?

Балалар:Шахмат еліне бардық.

Саз жетекшісі::-Шахмат еліне неге бардық?

Балалар:Скрипка кілтін іздеп бардық.

Саз жетекшісі:Ал скрипка кілтін таптықпа ?

Балалар Таптық.

Саз жетекшісі::Қалай таптық?

Балалар: Тапсырмалар орындап.

Саз жетекшісі:Қандай тапсырмалар орындадық?

Балалар: Ән айттық,жұмбақ шештік т.б.

Саз жетекшісі:Ал айтыңдаршы шахмат елі музыка еліне ұқсайдыма?

Балалар :Ия,ұқсайды.

Саз жетекшісі:Ал,ендеше көрейік.Қазір біз «венн диаграммасы» бойынша сол ұқсастығын тауып көрейік.Мына жерде екі шеңбер тұр.Бір шеңбер музыка әлемі,ал бір шеңбер шахмат әлемі,мынау ортасы.Музыка әлеміне не қажет мына астындағы суреттеден алып жапсырамыз,шахмат еліне не қажет тауып жапсырамыз.Ал,мынау ортасына екеуінің ұқсастығын табамыз.Сол ұқсастықты

Сурет арқыла көрсетеміз.Ал,балалар,кірісіңдер.

Ұжымдық жұмыс.

Саз жетекшісі:Жарайсыңдар,балалар,мен сендерге ризамын.Сендер өте ақылдысындар.Енді қонақтармен қоштасып тобымызға барайық.

Балалар қоштасып шығып кетеді.








Орал қаласының білім беру бөлімі мен қалалық әкімшілігі

Орал қаласының музыка жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі











Музыкалық ойын-сауық:

«Музыка әлеміндегі шахмат»












Өткізген: №47 « Бәйтерек»

бөбекжайының саз

жетекшісі:АймагамбетоваЭ.У.









Орал-2017


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Музыка әлеміндегі шахмат"

Автор: Аймагамбетова Эльмира Утемуратовна

Дата: 21.05.2017

Номер свидетельства: 417363

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "К?з мезгіліндегі ?ызы?ты о?и?алар"
    ["seo_title"] => string(34) "kuzmiezghilindieghikyzyktyokigalar"
    ["file_id"] => string(6) "339405"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1471256425"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Сауат ашу. Та?ырыбы : х дыбысы ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(42) "sauat-ashu-tak-yryby-kh-dybysy-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "301923"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457012748"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ерте?гілік: "К?згі ертегі""
    ["seo_title"] => string(28) "iertienghilikkuzghiiertieghi"
    ["file_id"] => string(6) "339408"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1471257927"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Расул Ғамзатов "Менің Дағыстаным""
    ["seo_title"] => string(34) "rasul_g_amzatov_mienin_dag_ystanym"
    ["file_id"] => string(6) "359523"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479313102"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства