Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері Бір үйде біз нешеуміз, Кел санайық екеуміз. Бас бармағым – атам, Балан үйрек-әжем, Ортан терек – әкем. Шылдыр шүмек – анам, Кішкентай бөбек – мен, Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз-бесеуміз | Балалар бірге қайталайды |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Балалар осы отбасы мүшелерінің ішіндегі ең қамқор, сүйікті, мейірімді кім? Ана дегеніміз – түнде төрт ұйқысын бөліп, бізді жақсы көретін, бізге қамқор болатын мейірімді адам. -Сенің анаңның аты кім? -Сені анаң қалай еркелетеді? -Сен анаңа қалай көмектесесің? Суретпен жұмыс. Мына суретте кімдер бейнеленген? Анасы мен қызына ат қояйықшы? Гулжан анасына қалай көмектесіп жатыр? Сөздік жұмыс: сүйікті, мейірімді, қамқор. -Балалар ана туралы кім тақпақ айтады? Айзере. Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық, Аналарды құрметтеп. Ән маржанын шашайық. Бекзат. Мен гүлдерді жұлмаймын, Торғайларды қумаймын, Анашымды сыйлаймын. Айтқан сөзін тыңдаймын. Айсана. Мәпелейді, әлдилейді, бағады. «Құлыным» деп құшағына алады Өзгеге де, өзіңе де жауапты, Барлығына қалай уақыт табады? Ж Аружан Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз, Той күні бір-бірден, Аналарға сыйлаймыз. Балалар 8-наурыз аналар мерекесі жақындап қалды, аналарымызға арнап гүлдің суретін жапсырайық. Парақтың ортасына гүлді орналастырамыз. Желімді аузымызға салмаймыз. Сергіту сәті «Анашым» әнін бірге билеп орындайды. Қорытынды: Дидактикалық ойын: Атауы: Мынау кім? Шарты: отбасы мүшелерін табу. | Мұқият тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Суретке қарап сөйлем құрайды. Бірге қайталайды. Балалар өздері жаттаған тақпақтарын айтады. Балалар гүлдің суретін жапсырады. Ән айтып, би билейді. Ойын ойнайды |