kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Түстер әлем"(мектеп алды даярлық тобы

Нажмите, чтобы узнать подробности

3-ҰОҚ. Түстер сиқыры!

(сәндік)

Мектеп/МҰ:

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары

Түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерін және қазақ өрнектерінің түрлерін салу.

 Суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдау.

Жапырақтарды, гүлдерді, т.б. салғанда қылқаламды қағаз бетіне сипай жанастыру әдісін қолдану.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

  • түрлі сызықтар көмегімен сәндік өрнектерді салады;
  • қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдайды;
  • өрнек салу кезінде қылқаламды қағаз бетіне сипай жанастыру тәсілін қолданады.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

  • қазақ өрнектерінің элементтерін дұрыс бейнелейді;
  • суреттегі көңіл күйді түс көмегімен береді.

Кейбір тәрбиеленушілер:

  • композицияны толығымен сәндік сурет талаптарына сәйкес орындайды;
  • кейіпкер үшін ұсынылатын тілектерді білдіреді.

тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту.

Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:

  • сұрақтарға жауап береді, бұрын алынған білімді еске түсіреді;
  • ойды салынатын нысанмен салыстырады;
  • өз таңдауын түсіндіреді;
  • тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу дағдыларын бекітеді;
  • сәндік сурет ерекшелігін ауызша формада сипаттайды;
  • қорытынды сұрақтарға жауап береді және сабақтағы өз жетістіктерін бағалайды.

Көптілділік: тұлпар – скакун –.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

  • тұлпар, ат жамылғысы, сәндік сурет, өрнек, өрнектің орналасуы.

талқылауға арналған сұрақтар:

Тұлпар дегеніміз не?

Аттарға не үшін жамылғы таққан? Сәндік сурет дегеніміз не?

Өрнек дегеніміз не?

Өрнекті қалайша дұрыс орналастырады?

Бастапқы білім

Өрнекті кезектестіру, сәндік өрнек жасау туралы білімді қолданады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

I. Оң көңіл күй қалыптастыру.

0–1 минут

(К) ҰОҚ-де оң көңіл күй қалыптастыру.

Шаттық шеңбері

Дөңгелене тұрайық,

Киіз үйді құрайық,

Кереге болып керіліп,

Уыктар боп иіліп,

Киіз үйді құрайық.

Жарайсыңдар!

Музыкалық сүйемелдеу,

«Ертегіде қонақта».

II. Өмірлік тәжірибені жандандыру. Мақсатты тұжырымдау.

2–5 минут

(Ұ) Педагог Тұлпар туралы мультфильм үзіндісін көрсетеді.

Балаларға Тұлпардың өз жамылғысын жаңартып беруін сұрауы туралы әңгіме айтады. Балалардың өздеріне сиқыршы болып, жарқын, әсем жамылғы жасауға көмектесуді ұсынады. Балалармен бірге өрнек дегеннің не екендігін еске түсіреді: қандай да бір бұйым, киім бөлігі, т.б. әшекейі.

Балаларға қазақтың ұлттық ою-өрнегі бар бұйымдарды көрсетеді.

Қанатты ат туралы бейнеүзінді http://yandex.kz/ video;

қазақ ұлттық өрнегінің матадан жасалған түрлі бұйымдарда бейнеленуі.

III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс

6 – 25 минут

(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Педагог әліппе-альбомдағы тапсырмаларды орындауды ұсынады, Тұлпар өз иесіне көмектесетін ертегі аты екендігі туралы әңгімелейді.

(Ж, Ұ) Педагог ұсынылған өрнек түрлерін досымен талқылауды, олардың неге ұқсайтындықтары туралы әңгімелесуді ұсынады. Қазақ оюларының қарапайым түрлерінің атауларымен таныстырады: тұмарша, қошқар- мүйіз, балта.

Балалардан ұсынылған реңге сәйкес қандай түсті өрнек таңдау керектігін сұрайды.

(Ұ) Сергіту сәті

Қылқаламды қолыма

алсам, (саусақтарымен қылқалам қозғалыстарын бейнелейді)

Мен сиқыршы боламын: (қолдарын жоғары көтереді)

Қағазға, (білезіктерімен айналма қозғалыстар жасайды)

Құстардың, (қолдарын айқастырып, тарбиған саусақтарымен құс қанаттарының қозғалысын бейнелейді). Машиналардың, (тұтқышты айналдырғандай қозғалыстар жасайды) Мұнаралардың, (бастан жоғары созылған қолдарды үй тәрізді біріктіреді) Жалаулардың суретін саламын (қолдар алақанымен сыртқа қарай созылады,

бас саусақтар тудың ұстағышы секілді төмен бағытталады).

(Ұ) Қауіпсіздік ережесі

Балаларға қылқаламды қолда қалай дұрыс ұстау керектігін көрсетеді. Қылқаламды ауызға салмауды ескертеді.

Әліппе-альбом.

Тұмарша, қошқармүйіз, балта оюлары.

Қылқалам.

Әліппе-альбом. Қылқалам №3, акварель, суы бар төгілмейтін стақан,сулық.

(Ұ, Ө) Жұмысты орындау технологиясы (Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).

Әліппе-альбоммен жұмыс.

Педагог шығармашылық тапсырманы нақтылайды – сопақ формалы жамылғыны қазақ өрнегімен әшекейлеу. Балалармен сәндік суретті орындау алгоритмін талқылайды.

Өрнектің әрдайым бұйым формасына қарай жасалатынын еске салады.

Квадратта алдымен ортасы мен бұрыштары боялады, ал шеңбер мен сопақта ортасы мен шеттерін бояуға болады. Бояудың түсі алтын реңде әдемі көрінетіндей етіп өз қалауына қарай таңдалады. Алдымен төрт жақтан қошқармүйізді салып, артынан балта

өрнегін қосып, бір жаққа орналастырамыз және кейіннен тұмарша өрнегімен ортасын безендіреміз. Әдемі таңба қалуы үшін қылқаламды түрлі бағыттарда

жалпағынан қою керек.

Өрнекті бірдей қашықтықта орналастырып, бірдей өлшемді сақтау қажет.

IV. ҰОҚ-нің қорытындысы. рефлексия.

26–30 минут

(Ұ, Ө) Шебер сиқыршылардың көрмесі ұйымдастырылады. Балалар өз жұмыстарын талқылайды. Педагог сұрайды:

Кімге өз жұмысы ұнады?

Салғысы келген затты сала алды ма? Қиындықтар болды ма, жұмыс аса мұқият орындалмады ма?

Не жүзеге аспады? Аса қиын болды ма? Кімнің суреті ең көп ұнады? Неліктен? Тұлпарға не тілер едің?

Өзін-өзі бағалауды ұсынады.

Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар болса, екі қылқаламды; тапсырманы орындай алмадым деп ойласаңдар, бір қылқаламды бояңдар.

Балалардың жұмыстарын орналастыруға арналған стенд, Тұлпардың суреті (ойыншық), әліппе- альбом.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Түстер әлем"(мектеп алды даярлық тобы»

3-ҰОҚ. Түстер сиқыры!

(сәндік)

Мектеп/МҰ:

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары

Түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерін және қазақ өрнектерінің түрлерін салу.

Суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдау.

Жапырақтарды, гүлдерді, т.б. салғанда қылқаламды қағаз бетіне сипай жанастыру әдісін қолдану.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

  • түрлі сызықтар көмегімен сәндік өрнектерді салады;

  • қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдайды;

  • өрнек салу кезінде қылқаламды қағаз бетіне сипай жанастыру тәсілін қолданады.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

  • қазақ өрнектерінің элементтерін дұрыс бейнелейді;

  • суреттегі көңіл күйді түс көмегімен береді.

Кейбір тәрбиеленушілер:

  • композицияны толығымен сәндік сурет талаптарына сәйкес орындайды;

  • кейіпкер үшін ұсынылатын тілектерді білдіреді.

тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту.

Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:

  • сұрақтарға жауап береді, бұрын алынған білімді еске түсіреді;

  • ойды салынатын нысанмен салыстырады;

  • өз таңдауын түсіндіреді;

  • тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу дағдыларын бекітеді;

  • сәндік сурет ерекшелігін ауызша формада сипаттайды;

  • қорытынды сұрақтарға жауап береді және сабақтағы өз жетістіктерін бағалайды.

Көптілділік: тұлпар – скакун – .

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

  • тұлпар, ат жамылғысы, сәндік сурет, өрнек, өрнектің орналасуы.

талқылауға арналған сұрақтар:

Тұлпар дегеніміз не?

Аттарға не үшін жамылғы таққан? Сәндік сурет дегеніміз не?

Өрнек дегеніміз не?

Өрнекті қалайша дұрыс орналастырады?

Бастапқы білім

Өрнекті кезектестіру, сәндік өрнек жасау туралы білімді қолданады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

I. Оң көңіл күй қалыптастыру.


0–1 минут

(К) ҰОҚ-де оң көңіл күй қалыптастыру.

Шаттық шеңбері

Дөңгелене тұрайық,

Киіз үйді құрайық,

Кереге болып керіліп,

Уыктар боп иіліп,

Киіз үйді құрайық.

Жарайсыңдар!


Музыкалық сүйемелдеу,

«Ертегіде қонақта».

II. Өмірлік тәжірибені жандандыру. Мақсатты тұжырымдау.


2–5 минут

(Ұ) Педагог Тұлпар туралы мультфильм үзіндісін көрсетеді.

Балаларға Тұлпардың өз жамылғысын жаңартып беруін сұрауы туралы әңгіме айтады. Балалардың өздеріне сиқыршы болып, жарқын, әсем жамылғы жасауға көмектесуді ұсынады. Балалармен бірге өрнек дегеннің не екендігін еске түсіреді: қандай да бір бұйым, киім бөлігі, т.б. әшекейі.

Балаларға қазақтың ұлттық ою-өрнегі бар бұйымдарды көрсетеді.

Қанатты ат туралы бейнеүзінді http://yandex.kz/ video;

қазақ ұлттық өрнегінің матадан жасалған түрлі бұйымдарда бейнеленуі.

III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс

6 – 25 минут

(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Педагог әліппе-альбомдағы тапсырмаларды орындауды ұсынады, Тұлпар өз иесіне көмектесетін ертегі аты екендігі туралы әңгімелейді.

(Ж, Ұ) Педагог ұсынылған өрнек түрлерін досымен талқылауды, олардың неге ұқсайтындықтары туралы әңгімелесуді ұсынады. Қазақ оюларының қарапайым түрлерінің атауларымен таныстырады: тұмарша, қошқар- мүйіз, балта.

Балалардан ұсынылған реңге сәйкес қандай түсті өрнек таңдау керектігін сұрайды.

(Ұ) Сергіту сәті

Қылқаламды қолыма

алсам, (саусақтарымен қылқалам қозғалыстарын бейнелейді)

Мен сиқыршы боламын: (қолдарын жоғары көтереді)

Қағазға, (білезіктерімен айналма қозғалыстар жасайды)

Құстардың, (қолдарын айқастырып, тарбиған саусақтарымен құс қанаттарының қозғалысын бейнелейді). Машиналардың, (тұтқышты айналдырғандай қозғалыстар жасайды) Мұнаралардың, (бастан жоғары созылған қолдарды үй тәрізді біріктіреді) Жалаулардың суретін саламын (қолдар алақанымен сыртқа қарай созылады,

бас саусақтар тудың ұстағышы секілді төмен бағытталады).


(Ұ) Қауіпсіздік ережесі

Балаларға қылқаламды қолда қалай дұрыс ұстау керектігін көрсетеді. Қылқаламды ауызға салмауды ескертеді.

Әліппе-альбом.





Тұмарша, қошқармүйіз, балта оюлары.






Қылқалам.






Әліппе-альбом. Қылқалам №3, акварель, суы бар төгілмейтін стақан,сулық.


(Ұ, Ө) Жұмысты орындау технологиясы (Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).

Әліппе-альбоммен жұмыс.

Педагог шығармашылық тапсырманы нақтылайды – сопақ формалы жамылғыны қазақ өрнегімен әшекейлеу. Балалармен сәндік суретті орындау алгоритмін талқылайды.

Өрнектің әрдайым бұйым формасына қарай жасалатынын еске салады.

Квадратта алдымен ортасы мен бұрыштары боялады, ал шеңбер мен сопақта ортасы мен шеттерін бояуға болады. Бояудың түсі алтын реңде әдемі көрінетіндей етіп өз қалауына қарай таңдалады. Алдымен төрт жақтан қошқармүйізді салып, артынан балта

өрнегін қосып, бір жаққа орналастырамыз және кейіннен тұмарша өрнегімен ортасын безендіреміз. Әдемі таңба қалуы үшін қылқаламды түрлі бағыттарда

жалпағынан қою керек.

Өрнекті бірдей қашықтықта орналастырып, бірдей өлшемді сақтау қажет.


IV. ҰОҚ-нің қорытындысы. рефлексия.


26–30 минут

(Ұ, Ө) Шебер сиқыршылардың көрмесі ұйымдастырылады. Балалар өз жұмыстарын талқылайды. Педагог сұрайды:

Кімге өз жұмысы ұнады?

Салғысы келген затты сала алды ма? Қиындықтар болды ма, жұмыс аса мұқият орындалмады ма?

Не жүзеге аспады? Аса қиын болды ма? Кімнің суреті ең көп ұнады? Неліктен? Тұлпарға не тілер едің?

Өзін-өзі бағалауды ұсынады.

Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар болса, екі қылқаламды; тапсырманы орындай алмадым деп ойласаңдар, бір қылқаламды бояңдар.

Балалардың жұмыстарын орналастыруға арналған стенд, Тұлпардың суреті (ойыншық), әліппе- альбом.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Түстер әлем"(мектеп алды даярлық тобы

Автор: Құрманова Жансая Нұрланқызы

Дата: 03.02.2018

Номер свидетельства: 454399


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства