Балалар шеңберге тұрып Көжекке достық жылы сөздер айтайық. Шаттық шеңбер: «Күніміз ашық болсын, Түніміз тыныш болсын, Ауамыз таза болсын, Суымыз мөлдір болсын!» Балалар бағдаршам деген не? -Бағдаршамның неше көзі бар екен? - Қызыл көзін ашқанда не істеу керек? -Сары көзін ашқанда не істеу керек? - Жасыл көзін ашқанда не істеу керек? Тәрбиеші жол белгілері бейнеленген суреттерді көрсетіп, сұраққа жауап беруді сұрайды. Толық жауап беруді қадағалайды. - Суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар? - Көше тәртібін не реттейді? - Көшеден өткен кезде не істейміз? Әрине балалар біз арнайы жолақ жолдан өтеміз, бірақ жолдан өткенде солға, оңға көз саламыз. -Көшеде кімдермен жүресіңдер? - Жолдар, көліктер мен жаяу жүретін адамдар нені сақтау керек? Сергіту сәті: Шаршасаңдар балалар, Қолдарыңды созыңдар. Бір, екі, үш, төрт, бес. Саусақтармен ойнаңдар, Денелерің шынықсын. Саналарың тынықсын.. «Көшеден балалар қалай өтті» денег Н. Калининаның әңгімесін тыңдайық. Бүлдіршіндер далаға серуенге шықты. Олар көшенің қиылысындағы бағдаршамның қызыл көзі жанғанын көрді. Яғни, көшеден өтпеу керек екенін түсінді. Балалар бағдаршамның жасыл көзі жанғанын тосып тұрды. Ал көліктер бірінің артынан бірі зуылдап өтіп жатты. Көшенің ортасында тұрған миллиционер балаларды байқап, қолындағы ала таяғын көтеріп еді, көліктер тоқтады. Бағдаршамның қызыл көзі сөніп, сары көзі, содан кейін жасыл көзі жанды. Енді көшеден өте беруге болады. Бүлдіршіндер көшенің арғы бетіне өтіп, алаңқайда ойнады. Серік қолына таяқ алып: Балалар жүргізуші болып көшеде көліктерді жүргізді. Ал, Серік көше қиылысында тұрған миллиционер болды. Барлық жүргізушілер оның айтқанын орындады. Ол қолындағы таяғын көтерсе – көліктер тоқтайды, ал түсірсе – жүреді. Ешқайсысы бірін – бірі итермей, баспай жүрді. Өйткені, көше қозғалысын реттеп тұрған миллиционер бар. Әңгіме мазмұны бойынша «Дұрыс-бұрыс» ойынын ойнауды ұсынамын: Балалардың жауаптары дұрыс болса қолдарын шапалақтайды, ал қате болса аяқтары мен тоқылдатады. - Көшеден өткенде солға, оңға қараймын. - Көшенің ортасында доппен ойнаймын. - Көшенің ортасында ойнамаймын. - Келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп шығуға болмайды. -Жол ережесін сақтаймын. - Бағдаршамның сары көзі жаңғанда дайындаламын. - Жасыл көзі жаңғанда жүремін. - Ойынды 1-2 рет қайталанады. Көжек, сен енді бағдаршам туралы білесің, жол ережелерін сақтайсың ба? Көжек: әрине сақтаймын, сендер маған көп көмек көрсеттіңдер. Рақмет! Сау болыңдар балалар! |