kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?деби кеш "?ыран ?анатты а?ын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ыран ?анатты а?ын

(Сыныптан тыс іс-шара)

Онгарбай Жулдыз

Солт?стік ?аза?стан облысы

А?жар ауданы

№2Ленинград орта мектебіні?

?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні м??алімі

Ма?саты: ?асым Аманжоловты? ?мірі мен шы?армашылы?ы жайлы білімдерін ?алыптастыру, а?ынны? ?зіндік м?ратын таныту,Отанды с?юге,?астерлеуге,  ?айсарлы??а, табандылы??а т?рбиелеу.

1-ж?ргізуші. Ей, т?каппар д?ние!

Ма?ан да бір ?арашы.

Танисы? ба сен мені?

Мен ?аза?ты? баласы!-деп  дауылпаз жырларымен к?ллі  ?аза??а танымал бол?ан?асым Аманжолов 1911 жылы 10 ?азанда ?азіргі ?ара?анды облысыны? ?ар?аралы ауданында?ы ?ызыларай ?ыстауында д?ниеге келген. ?ке-шешеден жастай жетім ?ал?ан, ол біраз жыл а?асыны? ?олында ?седі.

2- ж?ргізуші. Ал?ашында жа?адан ашыл?ан ауыл мектебінде о?ып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, а?асы ?асымды Семей ?аласында?ы интернат?а орналастырады. ?асым онда 1927 жыл?а дейін т?рбиеленеді. Ал?аш?ы ?ле?дерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматы?а келіп, біраз уа?ыт "Лениншіл жас" газетінде істейді.

1- ж?ргізуші.1931 жылы Ленинградта?ы орман шаруашылы?ы институтына т?сіп о?иды. Біра?, денсаулы?ына байланысты ж?не т?скен о?уын да онша ?ната ?ойма?анды?тан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал ?аласында "Екпінді ??рылыс" газетіне ?ызметке орналасады. 1933 жылы міндетті ?скер ?атарына алынып, оны сол Орал ?аласында ?тейді.

1-о?ушы. Ал?аш?ы ?ле?дерін ?. Аманжолов Семейде жаз?ан. Олар?абыр?агазетіне?анабасылыпж?рген. Кейінолд?птеріжо?алыпкеткен. Сонды?тан 1930 жылдар?адейінжаз?ан?ле?деріса?талма?ан.

2-о?ушы.  1930 жылы жаз?ан ?ле?дері ?зі ?ызмет істеп ж?рген "Лениншіл жас", "?ызыл ?скер" ж?не "Пионер" газеттерінде жариялан?ан.

3-о?ушы. ?. Аманжоловты? а?ын, азамат болып ?алыптасуына Орал ?аласы ?лкен ?сер етті. Осы ?алада ол е? ал?аш?ы махаббат, жасты? жырларын жазды.

4-о?ушы.

 

Оралым, шы?ты? алдымнан,
Оралым мені?, Оралым!
?ол созып ?ызыл вагоннан,
?сті?нен ?тіп барамын.
Оралым, сені? ?ойнында
Ойна?тап ?ткен жылдарым.
Жар?ылдап Жайы? бойында
Достармен сайран ??р?амын.
Ша?анны? бойы к?к шал?ын,
Шал?амнан жат?ам ша??ай т?с.
Г?л болып мені? ??ша?ым,
Кеудеме ?он?ан б?лб?л ??с.

 

5-о?ушы.  1935 жылы ?скер ?ызметінен босасымен ?асым Оралды? театр труппасын ?йымдастырып, ?зі к?ркем бас?арушысы болады. Б?л труппа тез ?сіп, аз уа?ыт ішінде театр болып ??рылды. М?нда?ы а?ынны? е?бегі ?те зор еді. Осы кездері ?.Аманжоловты? а?ынды?, ?ншілік, артистік таланты ж?ртшылы??а танылды.

6-о?ушы. 1936-1941 жылдары ?. Аманжолов Алматы?а барып, "Социалистік ?аза?стан", "Лениншіл жас" газеттерінде, Жазушылар Ода?ында ?ызмет істейді. Б?л кездері ол ?ле?мен ?атар ?р т?рлі та?ырып?а ма?ала, очерк, фельетон жазады.

7-о?ушы. 1938 жылы т???ыш ?ле?дер жина?ы "?мір сыры" деген атпен жары? к?реді.

8-о?ушы. 1939-1941 жылдар арасында ?. Аманжоловты? шы?армашылы? елеулі ?рлеу д?уірі басталады. Осы кездерде жаз?ан "Нар т?уекел", "Дауыл", "К?кшетау", "Орамал", "Заула, заула Турксиб", "С?лтанмахм?т туралы баллада" сия?ты ?ле?дерінде ?рісті ойлар, тере? сезім ?уаты, ?ткір тіл байлы?ы бай?алады.

 

9-о?ушы.Жаннаты жер мен к?кті? с?лу К?кше,

Ризамын бар ??мырым К?кшеде ?тсе.

Таби?ат, та??аламын тамаша?а,

?андай к?ш жаратты екен сені ерекше.

 

К?п шы?ар к?рмеген жер, д?ние ке?.

Сонда да тау бар маекенК?кшемете??!

Берсе де Гейне – Рейнін, Гомер – Парнас,

К?кшемді мен айырбасетембеекен?!

 

??мары? К?кшетауды к?рсе? тар?ар,

Адам т?гіл а?ны? да к?зін тартар.

К?ктемдек?рерміздепК?кшетауды,

Жосылыпб??ы, марал, ??лан, ар?ар.

 

Екіуа?ерсіл-?арсыл?айт?ан ??стар,

К?кшегебір?ону?аболар??штар.

Сы?ылды тіршілікті? ж?рме?кесі,

?ажайыпнендей сыр бар, нендейк?ш бар?!

 

 

10-о?ушы. Ж?не де Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийді? шы?армаларын ?аза? тіліне аударуы ?асымны? шы?армашылы? ?неріні? ?су жолын аны?тай т?седі.

11-о?ушы.  ?асым ?алы? ж?ртшылы??а ?зіні? а?ынды?ы, аудармасымен ?ана емес, сонымен ?оса ?німен, домбра, сырнай, скрипка, пианино тартатын ?демі ?нерімен де таныл?ан. Ол ?з ?ле?іне ?н шы?аруды ?те ?ызы? к?рген. "Дари?а", "Ту?ан ел" атты ?ле?дері б?гінгі жа?сы ?ндер тізіміне ?осылады.

12-о?ушы.Шы?шы тау?а, ?арашы ке? дала?а:

М?з боласы?, ??сайсы? жас бала?а.

Ол шеті мен б?л шетіне ж?гірсе?,

Шаршайсы? ба, ??мары? бір ?ана ма?

Уа, дари?а – алтын бесікту?анжер,

?адыры?дыкелсембілмей, кешег?р!

Жатсаалмас ем топыра?ы?датебіренбей,

А?ынболмай, тасы?болсам мен егер.

Неткенбайта?, неткен?лыжереді?!

Нендейк?йгеж?регімдіб?леді??

Сендетудым, сенде?стім мен, сенде?лсем, -

Арманымжо?б?лд?ниеде, - дер едім

1-о?ушы.  ?.Аманжоловты? бірінші ?ле?дер жина?ы 1938 жылы "?мір сыры" деген атпен шы?ты. 1940 жылы ?асым Маяковскийді? он ша?ты ?ле?ін аударып 1941 жылы "Бар дауыспен" деген атпен жеке жина? етіп жариялады.

2-о?ушы.?. Аманжолов тек ?ана лирик емес, сонымен?осаэпик а?ын. "Д?ние?андайжап-жары?", "Са?ыпжамал", "К?йімтасыпбарады, к?йімтасып", "Жанымс?улем, еркешім, ?ызылг?лім" атты?ле?дері?асымны?лириктігінтанытса, "А?ын?лімітуралыа?ыз", "Боран", "Бізді?дастан", "Жамбыл тойында" аттыпоэмаларыоны? эпиктігіні? д?лелі.

3-о?ушы.

 

Са?ыпжамал! Бір ?зінде
Екі ?йелдін аты бар.
К?н боп к?зі? к?лгені?де,
?аба?ы?нан ай туар.

Солкезса?ан?арай берем
К?рмегендей мен б?рын.
Жанны?сырынжат?антере?
О?и берем жасырын.

Са?ыпжамал! Аты? ?а?дай!
«С?пен» дейміз?ыс?артып.
Жар бола г?райтыл?андай,
Сенен?айсы?ызарты??!

 

4-о?ушы. А?ын 1941 жылы армия ?атарына ша?ырылады. Сол ?арса?да "Мазасыз музыка", "?оштасу", "Бейсекешті? бес ?лы" секілді ?серлі, сыршыл сезімге толы, лепті ?ле?дерін жазады.

5-о?ушы. 1941-1943 жылдары ?иыр Шы?ыста бол?ан ?асым 1943 жылы батыста?ы майдан?а ауыстырылады, содан со?ыс ая?тал?ан?а дейін "?анды ?ыр?ын, ?ып-?ызыл ?ртті? ішінде" болады. Намыскер, ?р, ?айсар ?асым жауынгерлік міндетін жан аямай ат?арады, абыройлы болады. ?иыр Шы?ыс пен батыста?ы майдан аралы?ында?ы ?за? сапар, атамекен – ?аза?станын ?а? жарып ?тетін жол ?сершіл, ?ш?ыр ?иялды а?ын жанын ?атты тебірентеді. Соны? н?тижесінде "Орал", "Сарыар?а", "Байкал", "?тіп бара жатырмын" т?різді тек ?асымны? ?ана емес, сол кездегі б?кіл ?аза? поэзиясыны? жетістігі болып саналатын ?ле?дері д?ниеге келеді.

6-о?ушы. Со?ыс майданында ж?ріп ?асым к?птеген лирикалы ?ле? жаз?ан. "?стімде с?р шинелім", "Мартбек", "Же?іс дауысы", "Орал", "Ертіс", "Сибирь", "Сарыар?а" сия?ты ?ле?дері ту?ан жерді? сыр-сипатын, с?лулы? бейнесін, со?ыс ?мірін суреттейді.

7-о?ушы.

 

?стімде с?р шинелім,
А?са?дай басып келемін.
?анды ?ыр?ын, ?ызыл от,
?аптап ж?р ажал дегені?.

?стімде с?р шинелім,
А?са?дай басып келемін.
?а?ып-со?ып жы?ар ма
О?айлы?пен мені ?лім!

?стімде с?р шинелім,
А?са?дай басып келемін.
Бая?ы ?асым, бір ?асым,
Бая?ы к?йім, ?ле?ім.

?стімде с?р шинелім,
А?са?дай басып келемін.
?мытса да достарым,
?мытармаменіелім!

 

8-о?ушы.  Ал "Елге хат", "Достар ?айда ж?рсі?дер?", "А?ай?а" деген ?ле?дері ту?ан елді, дос жорандарын, а?айын-туыстарын са?ын?ан солдатты? сезім д?ниесін жырлайды.

9-о?ушы. 1943 жыл?ы с?рапыл кезе?де д?ниеге келген ?асымны? бір ерекше, ?лмес туындысы – "А?ын ?лімі туралы а?ыз" атты поэма. Б?л поэма ?асымны? атын аспандатып, а?ынды? да??ын шыр?ау шы??а шы?ар?ан т?л?алы туынды. Б?л поэма ?лы Отан со?ысыны? майданында жауды? ?оршауында ?алып ?ойып, ерлікпен ?аза тап?ан ?асымны? жа?ын досы, жас а?ын А.Ж?ма?алиев туралы.

10-о?ушы. ?лы Отан со?ысы ая?тал?ан со? ?асым майдан ?ле?дерін газет-журналдар?а к?птеп бастырумен ?атар жа?а ?ле?дер жазды. Осы кездері оны? "Бізді? дастан" поэмасы жазылып, та?дамалары ?ле?дер жина?ы "Дауыл" деген атпен жары? к?рді. 1949-1952 жылдары ?. Аманжоловты? "Балб?бек", "Н?рлы д?ние" жина?тары "Та?дамалы шы?армалар" жина?ы басылып шы?ты.

11-о?ушы. 1947 жылдан бастап ?асым сыр?аттанып, ара-т?ра жатып ?алып ж?рді. Біра? ?андай ауыр ?алде жатса да, ?ле? жазуын то?тат?ан жо?. Сыр?аты дендеген кездерде ?асым ?ле?дерінде ?зіні? а?ынды? ?мірі туралы жазатын. Б??ан д?лел оны? "?зім туралы" атты ?ле?і.

10-сынып о?ушысы ?абкен Алтынбекті? орындауында "?зім туралы" атты ?ле?і.

12-о?ушы. 1954 жылы ?ырк?йек-?азан айларында ?. Аманжолов ?аза?стан Жазушыларыны? ІІІ сьезіні? ашылуына ?атынасты. Осы жылды? желто?сан айынан бастап сыр?аты мендей т?сті. 1955 жылы 18 ?а?тарда ?асым м??гілікке к?з ж?мды.

1-ж?ргізуші. М. Лермонтовты? "Маскарад" драмасын, А. Твардовскийді? ?йгілі "Василий Теркин" атты ?за? та к?рделі поэмасын ?те шебер аударады. 1948 жылы да ?асым к?п жазады, "Дауыл" атты жина?ы жары? к?реді.

2-ж?ргізуші. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовты? бірсыпыра ?ле?деріне ?оса, Пушкинні? "Полтава" поэмасын аударады. "Балб?бек", "Н?рлы д?ние" жина?тарын шы?арады. 1952 жылы "Та?дамалы шы?армалары" жары? к?реді.

1-ж?ргізуші. ?мірден ерте кеткенімен, ?асымны? м??гі жасайтын асыл жырлары ?алды. Сол жырлары а?ын атын ?лтірмейді. Б?л к?нде халы?ты? с?йікті а?ыны ?. Аманжоловты? жар?ын бейнесі ел ж?регінде.

2-ж?ргізуші.Оны? шы?армалары орыс ж?не бас?а да халы?тарды? тілдеріне аударыл?ан. А?ынны? ?ле?дерін ?аза?шадан орыс тіліне Дмитрий Снегин, Борис Слуцкий, Илья Сельвинский ж?не бас?алары аудар?ан. Аманжоловты? ?лкен жа?алы?ы – ?алыптас?ан ?а?идаларды же?у, ?ле? саласында?ы батыл т?жірибе, ол ?аза? поэзиясына он буынды? ?ле? жолын енгізді. А?ынны? ?ле?дері мен поэмалары ?аза? ?дебиеті бойынша мектеп о?улы?тарына енгізілген.

1-ж?ргізуші.  ?ара?андыда ?. Аманжолов ??рметіне к?ше атал?ан. ?ар?аралы ауданында?ы б?рын?ы Фрунзе совхозына ?асым Аманжолов есімі берілді. 2011 жылы а?ынны? 100 жылды? мерейтойы аталып ?тті.

М??алімні? ?орытынды с?зі:?.Т?жібаев  атамыз «Жыл болды а?ын ж?рек то?та?алы,Біз оны к?п айтамыз жо?тап ?лі»,–деген екен. К?реген а?ынны? айт?аны д?л келіп д?ниеден ?ткеніне 100 жылдан  ?тсе де біз ?асым а?ынны? ерекшелігін, даралы?ын айтып тауыса алмасымыз аны?. «Сенем, са?ан деген махаббатым ескіріп жер астында  ?алмас шіріп»дегендей артында жалынды жырлары ?ал?ан ?асым а?ынны?  аты ?лмек емес.

Д?ниеге келер ?лі талай ?асым,
Олар да б?л ?асымды бір бай?асын.
?ртке тиген дауылдай ?ле?імді
?асымны? ?зі емес деп кім айтасы??-деп жасын жырларымен ?зіне м??гілік ескерткіш орнат?ан а?ын миссиясы ?асырлардан ?асырлар?а жал?асатыны  с?зсіз.?мірден ерте кеткенімен ?асымны? м??гі жасайтын жырлары ?алды. Сол жырлары а?ын атын ?лтірмейді.

 

 

Пайдан?ан ?дебиеттер.

Аманжолов ?асым Ра?ымжан?лы // ?аза?стан. ?лтты? энциклопедия. 1 т. - Алматы : ?аза? энциклопедиясы, 1998. - 335-336 б. 
Аманжолов ?асым Ра?ымжан?лы // ?ара?анды. ?ара?анды облысы. –

Алматы : ?аз.сов.энцикл., 1990. - 101 б. 
Аманжолов ?асым Ра?ымжан?лы // ?ара?анды. ?ара?анды облысы. –

 Алматы : Атам?ра, 2006. - 120 б. 
Аманжолов ?асым Ра?ымжан?лы //?аза? ?дебиеті : энциклопедиялы? аны?тамалы? / ред. И. Н. Тасма?амбетов. - Алматы : "Аруна Ltd" ЖШС, 2005. – 42-43 б. 
Аманжолов ?асым // ?аза?стан жазушылары: аны?тамалы? : 75 жыл / ??раст. С. ?амшыгер. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – 27 б. 
Аманжолов ?асым // ?аза?стан жазушылары XX ?асыр : аны?тамалы?. - Алматы : Ана тілі, 2004. – 25-26 б. 
?асым Аманжолов // 40-50 ж?не 60 жылдарда?ы ?аза? ?дебиеті : 2-кітап. - Алматы : ?ылым, 1998. – 236-246 б.
Аманжолов ?асым // Советтік ?аза?стан жазушылары: био-библиографиялы? аны?тама.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?деби кеш "?ыран ?анатты а?ын" »

Қыран қанатты ақын

(Сыныптан тыс іс-шара)

Онгарбай Жулдыз

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

2Ленинград орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, ақынның өзіндік мұратын таныту,Отанды сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.

1-жүргізуші. Ей, тәкаппар дүние!

Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені?

Мен қазақтың баласы!-деп дауылпаз жырларымен күллі қазаққа танымал болған Қасым Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі.

2- жүргізуші. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді.

1- жүргізуші.1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады. 1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.

1-оқушы. Алғашқы өлеңдерін Қ. Аманжолов Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Кейін ол дәптері жоғалып кеткен. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазған өлеңдері сақталмаған.

2-оқушы. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген "Лениншіл жас", "Қызыл әскер" және "Пионер" газеттерінде жарияланған.

3-оқушы. Қ. Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды.

4-оқушы.

Оралым, шықтың алдымнан,
Оралым менің, Оралым!
Қол созып қызыл вагоннан,
Үстіңнен өтіп барамын.
Оралым, сенің қойнында
Ойнақтап өткен жылдарым.
Жарқылдап Жайық бойында
Достармен сайран құрғамын.
Шағанның бойы көк шалғын,
Шалқамнан жатқам шаңқай түс.
Гүл болып менің құшағым,
Кеудеме қонған бұлбұл құс.

5-оқушы. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы ақынның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қ.Аманжоловтың ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды.

6-оқушы. 1936-1941 жылдары Қ. Аманжолов Алматыға барып, "Социалистік Қазақстан", "Лениншіл жас" газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады.

7-оқушы. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді.

8-оқушы. 1939-1941 жылдар арасында Қ. Аманжоловтың шығармашылық елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған "Нар тәуекел", "Дауыл", "Көкшетау", "Орамал", "Заула, заула Турксиб", "Сұлтанмахмұт туралы баллада" сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады.

9-оқушы. Жаннаты жер мен көктің сұлу Көкше,

Ризамын бар ғұмырым Көкшеде өтсе.

Табиғат, таңғаламын тамашаңа,

Қандай күш жаратты екен сені ерекше.


Көп шығар көрмеген жер, дүние кең.

Сонда да тау бар ма екен Көкшеме тең?!

Берсе де Гейне – Рейнін, Гомер – Парнас,

Көкшемді мен айырбас етем бе екен?!


Құмарың Көкшетауды көрсең тарқар,

Адам түгіл аңның да көзін тартар.

Көктемде көрерміз деп Көкшетауды,

Жосылып бұғы, марал, құлан, арқар.


Екі уақ ерсіл-қарсыл қайтқан құстар,

Көкшеге бір қонуға болар құштар.

Сықылды тіршіліктің жәрмеңкесі,

Ғажайып нендей сыр бар, нендей күш бар?!


10-оқушы. Және де Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі.

11-оқушы. Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбра, сырнай, скрипка, пианино тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. "Дариға", "Туған ел" атты өлеңдері бүгінгі жақсы әндер тізіміне қосылады.

12-оқушы. Шықшы тауға, қарашы кең далаңа:

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға – алтын бесік туған жер,

Қадырыңды келсем білмей, кеше гөр!

Жатса алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!

Нендей күйге жүрегімді бөледің?

Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, -

Арманым жоқ бұл дүниеде, - дер едім

1-оқушы. Қ.Аманжоловтың бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы "Өмір сыры" деген атпен шықты. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы "Бар дауыспен" деген атпен жеке жинақ етіп жариялады.

2-оқушы. Қ. Аманжолов тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын. "Дүние қандай жап-жарық", "Сақыпжамал", "Күйім тасып барады, күйім тасып", "Жаным сәулем, еркешім, қызыл гүлім" атты өлеңдері Қасымның лириктігін танытса, "Ақын өлімі туралы аңыз", "Боран", "Біздің дастан", "Жамбыл тойында" атты поэмалары оның эпиктігінің дәлелі.

3-оқушы.

Сақыпжамал! Бір өзінде
Екі әйелдін аты бар.
Күн боп көзің күлгеніңде,
Қабағыңнан ай туар.

Сол кез саған қарай берем
Көрмегендей мен бұрын.
Жанның сырын жатқан терең
Оқи берем жасырын.

Сақыпжамал! Атың қаңдай!
«Сәпен» дейміз қысқартып.
Жар бола гөр айтылғандай,
Сенен қайсы қыз артық?!

4-оқушы. Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады.

5-оқушы. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясынық жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді.

6-оқушы. Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған. "Үстімде сұр шинелім", "Мартбек", "Жеңіс дауысы", "Орал", "Ертіс", "Сибирь", "Сарыарқа" сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді.

7-оқушы.

Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Қанды қырғын, қызыл от,
Қаптап жүр ажал дегенің.

Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Қағып-соғып жығар ма
Оңайлықпен мені өлім!

Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Баяғы Қасым, бір Қасым,
Баяғы күйім, өлеңім.

Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Ұмытса да достарым,
Ұмытар ма мені елім!

8-оқушы. Ал "Елге хат", "Достар қайда жүрсіңдер?", "Ағайға" деген өлеңдері туған елді, дос жорандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды.

9-оқушы. 1943 жылғы сұрапыл кезеңде дүниеге келген Қасымның бір ерекше, өлмес туындысы – "Ақын өлімі туралы аңыз" атты поэма. Бұл поэма Қасымның атын аспандатып, ақындық даңқын шырқау шыңға шығарған тұлғалы туынды. Бұл поэма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын А.Жұмағалиев туралы.

10-оқушы. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның "Біздің дастан" поэмасы жазылып, таңдамалары өлеңдер жинағы "Дауыл" деген атпен жарық көрді. 1949-1952 жылдары Қ. Аманжоловтың "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтары "Таңдамалы шығармалар" жинағы басылып шықты.

11-оқушы. 1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның "Өзім туралы" атты өлеңі.

10-сынып оқушысы Қабкен Алтынбектің орындауында "Өзім туралы" атты өлеңі.

12-оқушы. 1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ. Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18 қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.

1-жүргізуші. М. Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А. Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы да Қасым көп жазады, "Дауыл" атты жинағы жарық көреді.

2-жүргізуші. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовтың бірсыпыра өлеңдеріне қоса, Пушкиннің "Полтава" поэмасын аударады. "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтарын шығарады. 1952 жылы "Таңдамалы шығармалары" жарық көреді.

1-жүргізуші. Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ. Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде.

2-жүргізуші. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған. Ақынның өлеңдерін қазақшадан орыс тіліне Дмитрий Снегин, Борис Слуцкий, Илья Сельвинский және басқалары аударған. Аманжоловтың үлкен жаңалығы – қалыптасқан қағидаларды жеңу, өлең саласындағы батыл тәжірибе, ол қазақ поэзиясына он буындық өлең жолын енгізді. Ақынның өлеңдері мен поэмалары қазақ әдебиеті бойынша мектеп оқулықтарына енгізілген.

1-жүргізуші. Қарағандыда Қ. Аманжолов құрметіне көше аталған. Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхозына Қасым Аманжолов есімі берілді. 2011 жылы ақынның 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ә.Тәжібаев атамыз «Жыл болды ақын жүрек тоқтағалы, Біз оны көп айтамыз жоқтап әлі» ,–деген екен. Көреген ақынның айтқаны дәл келіп дүниеден өткеніне 100 жылдан өтсе де біз Қасым ақынның ерекшелігін, даралығын айтып тауыса алмасымыз анық. «Сенем, саған деген махаббатым ескіріп жер астында қалмас шіріп» дегендей артында жалынды жырлары қалған Қасым ақынның аты өлмек емес.

Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтасың?-деп жасын жырларымен өзіне мәңгілік ескерткіш орнатқан ақын миссиясы ғасырлардан ғасырларға жалғасатыны сөзсіз.Өмірден ерте кеткенімен Қасымның мәңгі жасайтын жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді.



Пайданған әдебиеттер.

Аманжолов Қасым Рақымжанұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1 т. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 1998. - 335-336 б. 
Аманжолов Қасым Рақымжанұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы. –

Алматы : Қаз.сов.энцикл., 1990. - 101 б. 
Аманжолов Қасым Рақымжанұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы. –

Алматы : Атамұра, 2006. - 120 б. 
Аманжолов Қасым Рақымжанұлы //Қазақ әдебиеті : энциклопедиялық анықтамалық / ред. И. Н. Тасмағамбетов. - Алматы : "Аруна Ltd" ЖШС, 2005. – 42-43 б. 
Аманжолов Қасым // Қазақстан жазушылары: анықтамалық : 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – 27 б. 
Аманжолов Қасым // Қазақстан жазушылары XX ғасыр : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. – 25-26 б. 
Қасым Аманжолов // 40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті : 2-кітап. - Алматы : Ғылым, 1998. – 236-246 б.
Аманжолов Қасым // Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтама.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?деби кеш "?ыран ?анатты а?ын"

Автор: Онгарбай Жулдыз

Дата: 31.01.2015

Номер свидетельства: 164985


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства