Тәрбиешілік:Балалардың ұлттық қол – өнерді ұғына отырып, үлкенді құрметтей білуге тәрбиелеу
Дамытушылық:Балалардың сөздік қорларын, тілін, танымдық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқыту: Қазақ халқының салт - дәстүрін дәріптей отырып, дастархан басында сақталатын рәсімдер мен ырым - тыйымдармен таныстыру арқылы, ұлттық тағамдардың түрлерімен таныстыру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мерекелі дастархан»
Ересектер тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметтінің конспектісі
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пәні:Аппликация
Өтпелі тақырыбы: «Бір шаңырақ астында»
Тақырыбы: Мерекелі дастархан
Мақсаттары:
Тәрбиешілік:Балалардың ұлттық қол – өнерді ұғына отырып, үлкенді құрметтей білуге тәрбиелеу
Дамытушылық:Балалардың сөздік қорларын, тілін, танымдық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқыту: Қазақ халқының салт - дәстүрін дәріптей отырып, дастархан басында сақталатын рәсімдер мен ырым - тыйымдармен таныстыру арқылы, ұлттық тағамдардың түрлерімен таныстыру
Педагогикалық технология: қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері туралы әңгімелесу
Ресурстармен қамтамасыз ету:Суреттер,сергіту сәтті
Көптілділік:
Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Есік қағады.
- Балалар бізге кім келді?
- Қуыршақ Әсем келді.
- Сәлеметсіздерме, балалар?
- Маған қонақтар келетін еді, дастархан жайуым керек, соған сендерден көмек сұрай келдім. Дастархан жаю үшін ыдыстар керек дейді, бірақ танымаймын. Маған көмектесесіңдер ме?
- Балалар көмектесеміз бе?
- Әрине көмектесеміз, ендеше бізбен бірге отырып таныссын.
2.Негізгі бөлім:
- Балалар мен сендерге тапсырма беремін, алдарыңдағы суреттегі ыдыстарды түстеріне байланысты қойып шығамыз.(Сұрақ жауап арқылы әңгімелету)
- Балалар Әсем ыдыс түрлерімен танысты. Балалар біз келген қуыршақ
Әсемге шай құйып ішетін кесе сыйлайық?
Сергіту жаттығуы.
Қолға кесе аламыз Кесеге шай құямыз. Шәй ыстық фу-фу деп үрлейміз. Шәйден барлығымыз ішейік. (2-3 рет)
Балалар алдымыздағы дайын тұрған кесені безендіреміз.
Ол үшін бірінші балан үйрек саусағымызды бояуға батырып дөңгелек пішіндермен безендіреміз.
Балалардың жұмысын бақылау. Қиналған балаларға көмектесу.
Болғандары суреттерін кір жаятын жіпке ілу.
Қуыршақ Әсемге дастархан жаюға көмектесеміз.
- Дастарқанды жаямыз
- Ыдыстарды қоямыз
- Тағамдарды әкеліп
- Дастарқанға қоямыз.
Қорытынды.
- Балалар бүгінгі оқу қызметінде бізге қонаққа кім келді?