Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Кәне барлығымыз шеңбер болып тұрып өлең жолдарын айтайық.
Тосын сәт: Балалар Айсұлу қуыршақ қонаққа келді.
-Қуыршақ Айсұлудың көйлегі қандай әдемі. Айсұлу өздігіне әдемі моншақ сатып алыпты, ал енді анасына да осындай әдемі моншақтар сыйлағысы келеді.Моншақ түрлері, түстері, пішіні қандай болатынын түсіндіреді.
Балалар амандасады.
Балалар шеңбер болып өлең жолдарын айтады.
Жақсылық көрсең біреуден ,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Балалар қуыршақ Айсұлудың киімдерінің әдемі екендігін айтады.
Моншақтардың түстеріне, пішіндеріне қарап өз ойларын айтады.
Негізгі бөлім:
Балалар үлгіге қарап отырып жұмыс жүргізеді.
Моншақтардың реті мен отырып тізілгенін көрсетеді.
Балаларға үлестірмелі материалдағы салынған дөңгелек сызықты «моншақтын жібі» деп түсіндіріп, оған әдемі моншақтарды тізуді ұсынады. Оң қолдарына қылқаламды ұстатып, ауада шеңбер салу тәсілін орындатып жаттықтырады.
Содан соң дәптерлеріне қарындашпен біркелкі дөгелектерді салып сыртына шығармай бояйды.
Сергіту сәті:
Сыңғыр-сыңғыр моншақтар,
Құлағында сырғалар,
Оң қолында білезік.
Сол қолында білезік
Саусақтарда сақина,
Санап көрші, кәнеки
1,2,3.....1,2,3,
Сызыққа қарындашпен бірікелкі көлемде дөңгелектер салып алады.
Содан соң қолдарына қылқаамды алып, мооншақтарды алып, моншақтарды бояйды, ішін дөңгелете отырып, сыртын шығармай бояйды.