Балалармен жұмыс жүргізіледі.
«Түрлі түсті доптар»
Тәрбиеші түрлі түсті доптармен ойнауды
ұсынады.
Педагог мына сөздерді айта отырып,
Допты балаға қарай лақтырадыБалалармен жұмыс жүргізіледі.
Просмотр содержимого документа
««Мен және қоршаған орта»»
Бірінші кіші «Балдаурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу күні: 06.09.2018ж
Тәрбиеші:Бопылова Н.Ж
Білім беру саласы: «Шыгармашылык»
Пән: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Тақырыбы:
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Достыққа бірлесіп жұмыс істеуге тәрбилеу.
Дамытушылық:Ұсақ қол қимыл козғалыстарын ,тілдік қорларын ойлау дағдыларын дамтыу.
Оқыту: Балаларға тобымыздағы ойлауға арналған доптар туралы түсінік беру . Әр түрлі пішінді доптарды ,ермек саз арқылы мүсіндеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету.
Ресурстармен қамтамасыз ету:Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, «Кім епті?» ойынын ұйымдастырады.
2.Негізгі бөлім:
Тәрбиеші ортада тұрып, балаларға допты кезек кезек лақтырады. Балаларға үлестірмелі материалдағы сурет бойынша қысқаша әңгіме айтып береді.
Сөздік жұмыс: домалақ
Доптың пішіні қандай?
Доптың түсі қандай?
Доп қатты ма жұмсақ па?
Доп жеңіл ме ауыр ма?
Доп бізге не үшін керек?
Топта доптың көп болғаның қалайсыңдар ма? Ендеше, өзіміз доп жасап алайық.
Сергіту сәті.
Добым менің, добым менің
Добым неткен көңілді едің
Зымырайсың, қутыңдайсың,
Менен қашып құтылмайсың.
Ш. Смаханұлы.
Жұмбақ
Ұрсаң қатты зырлайды
Жерге қарғып тұрмайды
Тиәп кетсе басыңа
Ешбір зиян болмайды.
(доп)
Саусақ жаттығулары.
Қолымыздың саусақтарының көмегімен үлкен және кішкентай доп жасап көрейік.
Ермексаздан доптың қалай жасалатынын көрсетіп, түсіндіру:
Ермексазды таңдап аламыз
Ермексазды алақан арасына салып, айналмалы қимыл қозғалыстар жасай отырып, домалақтаймыз;
Басқа түсті ермексазбен әшекелейміз.
Балалардың өз бетінше жұмысы.
Тәрбиеші қажет жағдайда қиналып отырған балаға допты әшекейлеуге көмектеседі.
3.Қорытынды:
Балалар сендерге ұнадыма?