kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"АВТОК?ЛІК Ж?НЕ ?ОРША?АН ОРТА."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: авток?лік ж?не ?орша?ан орта.

Ма?саты:  

Білімділігі: О?ушылар?а авток?лікті? ?орша?ан ортаны ластауы туралы  жалпы т?сінік беру.

Дамытушылы?ы: Ауаны? ??рамында?ы газдар,зиянды заттар,олармен  к?ресу шаралары,фактілергр с?йене отырып,дамыта о?ыту.

Т?рбиелігі: О?ушыларды? таби?ат?а деген к?з?арастарын ?алыптастыру ж?не экологиялы? т?рбие беру.

Саба?ты? т?рі: аралас саба?.

Саба?ты? типі: зерттеушілік ?ылыми жоба ?ор?ау саба?ы.

Саба?ты? ?дісі: баяндау,жобамен ж?мыс, с?ра?-жауап,ізденушілік,интерактивтік.

П?наралы? байланыс: экология,география,биология,химия.

Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та,слаидтар.

Саба?ты? жоспары:   ?йымдастыру кезе?і:

О?ушылармен с?лемдесіп,сынып о?ушыларын т?гендеу ж?не о?ушы назарын саба??а аудару.

2.П?н м??аліміні? кіріспе с?зі:

Ту?ан жер ?андай к?ркем м?лдіреген,

Желегі желмен ойнап желбіреген.

Аралап к?ндіз-т?ніж?рсем-да?ы,

Тыншымай ет ж?регім елжіреген.

?орша?ан орта-адамдар,?сімдікпен жануарлар д?ниесіні? бірлесіп ?мір с?ру ортасы Адам таби?атты? бір б?лшегі бол?анды?тан,таби?аттан тыс ?мір с?ре алмайды. Ерте заманнан бері д?ниеж?зіндегі барлы? адамдар ?зіні? ?мір с?руіне ?ажетті заттарды? б?рін таби?ат ?азынасынан алып келеді.Адамдар ?ажетті заттарды керегінше алып ?ана ?оймай,оларды? таби?и ортасыны? ?згеруіне ?сер етіп отыр.Соны? бірі ?орша?ан таби?и ортаны? ластануы.Адамзат ?мір с?ріп жат?ан ?орша?ан ортаны? ластануы дегеніміз-ауаны?,жер мен суды? таби?и таза ?асиеттеріні? ?олайсыз ?згерістерге ?шырауы.Олар адамдарды? десаулы?ына,?сімдіктерді? ?суіне,жануарларды? тіршілік етуіне кесірін тигізуі м?мкін. Жер ?ойнауынан жылына 100 млрд.тонна тау жыныстары ?азып алынады.Оны? тек ?ана 10%-ы ?ана дайын ?нім ретінде шы?са,?ал?аны ?ндірістік ?алды?  таби?атты на?ыз ластаушы болып есептелінеді. Ауаны негізгі ластаушы к?здер-авток?ліктер.Же?іл авток?ліктер 1 км. ?ашы?ты?ты? ?зіне т?рт  адамнан т?ратын жан?яны? бір жылды? оттегін пайдаланады.б?гінгі та?да авток?лік саныны? к?ннен к?нге артуы атмосфералы? ауаны? ластануын жо?арлатып отыр. Б?гінгі  бізді?  саба?ымызда  осы та?ырып?а байланысты  о?ушылар ?здері дайында?ан жобаларын ?ор?айды.

3.Жа?а саба?-зерттеу б?лімі.

Жоба ?ор?ау.

«Бізді ?орша?ан ауа»  атты жобаны 8 сынып о?ушысы ?зіхан С. ?ор?айды.

Жобаны? та?ырыбы: «Бізді ?орша?ан ауа».

Мазм?ны;

 Кіріспе:

1. Ауаны? ??рамы

2. Ауаны? ?асиеттері

3. Жел

4. Ауаны? ластануы

5. ?олданылатын шаралар

Ауа к?кшіл, же?іл ?оз?алатын с?йы? зат. Ол жер атмосфераcын ??райтын, негізінен

азот пен оттегінен т?ратын газдар ?оспасы.

Жер шарын жан-жа?ынан бірт?тас, ?алы? ауа ?абаты ?оршап т?рады. Оны?

??рамында 78 пайыз азот, 21 пайыз оттегі, ал ?ал?ан 1 пайызында ?рт?рлі газдар бар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"АВТОК?ЛІК Ж?НЕ ?ОРША?АН ОРТА." »

Сабақтың тақырыбы: автокөлік және қоршаған орта.

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға автокөліктің қоршаған ортаны ластауы туралы жалпы түсінік беру.

Дамытушылығы: Ауаның құрамындағы газдар,зиянды заттар,олармен күресу шаралары,фактілергр сүйене отырып,дамыта оқыту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғатқа деген көзқарастарын қалыптастыру және экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: зерттеушілік ғылыми жоба қорғау сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау,жобамен жұмыс, сұрақ-жауап,ізденушілік,интерактивтік.

Пәнаралық байланыс: экология,география,биология,химия.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слаидтар.

Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесіп,сынып оқушыларын түгендеу және оқушы назарын сабаққа аудару.

2.Пән мұғалімінің кіріспе сөзі:

Туған жер қандай көркем мөлдіреген,

Желегі желмен ойнап желбіреген.

Аралап күндіз-түніжүрсем-дағы,

Тыншымай ет жүрегім елжіреген.

Қоршаған орта-адамдар,өсімдікпен жануарлар дүниесінің бірлесіп өмір сүру ортасы Адам табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан,табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Ерте заманнан бері дүниежүзіндегі барлық адамдар өзінің өмір сүруіне қажетті заттардың бәрін табиғат қазынасынан алып келеді.Адамдар қажетті заттарды керегінше алып қана қоймай,олардың табиғи ортасының өзгеруіне әсер етіп отыр.Соның бірі қоршаған табиғи ортаның ластануы.Адамзат өмір сүріп жатқан қоршаған ортаның ластануы дегеніміз-ауаның,жер мен судың табиғи таза қасиеттерінің қолайсыз өзгерістерге ұшырауы.Олар адамдардың десаулығына,өсімдіктердің өсуіне,жануарлардың тіршілік етуіне кесірін тигізуі мүмкін. Жер қойнауынан жылына 100 млрд.тонна тау жыныстары қазып алынады.Оның тек қана 10%-ы ғана дайын өнім ретінде шықса,қалғаны өндірістік қалдық табиғатты нағыз ластаушы болып есептелінеді. Ауаны негізгі ластаушы көздер-автокөліктер.Жеңіл автокөліктер 1 км. Қашықтықтың өзіне төрт адамнан тұратын жанұяның бір жылдық оттегін пайдаланады.бүгінгі таңда автокөлік санының күннен күнге артуы атмосфералық ауаның ластануын жоғарлатып отыр. Бүгінгі біздің сабағымызда осы тақырыпқа байланысты оқушылар өздері дайындаған жобаларын қорғайды.

3.Жаңа сабақ-зерттеу бөлімі.

Жоба қорғау.

«Бізді қоршаған ауа» атты жобаны 8 сынып оқушысы Әзіхан С. қорғайды.

Жобаның тақырыбы: «Бізді қоршаған ауа».

Мазмұны;

 Кіріспе:

1. Ауаның құрамы

2. Ауаның қасиеттері

3. Жел

4. Ауаның ластануы

5. Қолданылатын шаралар

Ауа көкшіл, жеңіл қозғалатын сұйық зат. Ол жер атмосфераcын құрайтын, негізінен

азот пен оттегінен тұратын газдар қоспасы.

Жер шарын жан-жағынан біртұтас, қалың ауа қабаты қоршап тұрады. Оның

құрамында 78 пайыз азот, 21 пайыз оттегі, ал қалған 1 пайызында әртүрлі газдар бар.

Адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетінде таза ауаның алатын маңызы

ерекше. Адам бір тәулікте шамамен 1 кг. тамақ ішеді, 2 литрдей су

ішеді, ал одан әлдеқайда көп мөлшерде, шамамен бірнеше мың литр,

немесе  25 кг-дай ауа жұтады.

Адам тамақ ішпей бірнеше апта, су ішпей-бернеше күн шыдай алады.

Ал ауасыз тек бірнеше минут қана өмір сүруі мүмкін. Сол себепті де халықта:

"Ауадай қажет" деген нақыл сөз бар.

 

Түсі бар көрінбейтін,

Біртұтас бөлінбейтін.

Тынысы ол тірліктің,

Ешқашан жерінбейтін.

Қайда барсақ та, теңізде, құрлықта, тауда, жер астындағы үңгірлерде

барлық жерде ауа болады.

Егер ауа болмаса, әуе қатынасы, үйді жылыту, басқа да көптеген адам өмірі

үшін қажетті жағдайлар болмас еді.

Мысалы, жанып тұрған шырақтың үстін стақанмен жаба қойсаң, шырақ стақанның

ішіндегі ауа біткенше жанады да, сөніп қалады. Яғни, ауа тек қана дем алу үшін

емес, ағаш, көмір, мұнай өнімдері, газ т.б. денелердің жануы үшін де қажет.

Жер қабатының ең негізгісі ауа қабаты-атмосфера. Атмосфера қабаты

рет-ретімен орналасқан тропосферадан, стратосферадан, мезосферадан және

термосферадан тұрады.

Жер бетіндегі барлық тіршілік тек қана тропосфера қабатында өтеді. Онда

бұлттар, жауын-шашындар, желдер болып тұрады. Жоғары көтерілген сайын

су булары және оттегі азая бастайды.

Альпинисттер биік таулардың басына шыққанда оттегінің жетіспеуінен арнайы

оттегімен қамтамасыз етілген масканы пайдаланады.

Адам өміріне таза оттегінің шамадан тыс болуы зиян келтіруі мүмкін,

сондықтан арнайы баллондардағы таза оттегімен көп тыныс алуға

болмайды. Оттегінің тым артық болуы өрт қаупін туғызуы мүмкін.

Ауа-өмір тіршілігі дедік, сол ауаның қандай қасиеттері бар? Мына бір

өлең шумағына назар аударайық:

 

Ол мөп-мөлдір,

Көзге көрінбейтін газ.

Бізді әуеде қалқып

Қоршап тұратыны рас.

Орманда да бар

Емен мен самырсын аңқыған.

Тыныстаған сайын

Иісіне жаның балқыған.

Жазда жылы леп болып,

Қыста дірдек қақтырған.

Көзімізге көрінбейді,

Ұстағанға білінбейді.

Онсыз бізге өмір жоқ,

Таза ауаға жаның тоқ.

 

Сонымен ауаның- мөлдір, түссіз, салмақсыз, иіссіз, жылы, салқын және т.б.

қасиеттері бар.

 

Ал жел ше? - Ол ауаның ағысы. Қысымы жоғары жағынан қысымы төмен

жағына қарай ауысуы. Жел ірі қалалардағы зиянды ауаны айдап әкетеді.

Егер жел болмаса , бұлттар әрқашан теңіз не өзендер үстінде тұрар еді де,

жауын-шашын тек қана сулардың үстіне жауар еді.

Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде атмосфераның құрамы өзгеріп,

төменгі қабаты шаң-тозаңданады. Атмосфераның табиғи қалпының адамдар

әрекеті арқылы өзгеріске ұшырауын ауаның ластануы дейді.

 

Бұл адамдардың өміріне қауіп тудырып, ормандар мен жасыл желектердің

құруына, жануарлардың ауруға шалдығуына алып келеді. Адамның жұмысқа

қабілеті төмендейді, тез шаршап қалатын болады. Басы ауырады, асқазан

ішектері ауырады, қаны азаяды.

Қоршаған табиғи ортаның ауа кеңістігі әр түрлі газдар қоспасынан құралған

қара-көкшіл түсті шаң  (түтін) басып тұрады. Мұндай жағдай, әсіресе үлкен

қалаларда орналасқан зауыт, фабрикалардың мұржаларынан бөлініп шыққан

қап-қара түтіндердің жиынтығы.

 

 

Ірі қалаларда ауаның ластануына, кейінгі кезде өте көбейіп кеткен, автокөліктер

де үлкен әсерін тигізеді. Қалалардың ауа бассейнін ластауда автокөліктің үлес

аймағы   70%-ға  дейін жетеді және олардың улы газдарының көлемі де арта түсуде.

Осындай экологиялық қиын жағдайларды ескере отырып, республикада айналадағы

табиғи ортаны сауықтыру шаралары да іске асырылып жатыр.

Семей мен Арал жерлерінде сауықтыру жұмыстары жүргізілуде, халықты әлеуметтік

қорғау мәселесі күн тәртібінен түспейді. Қолданып жаткан экологиялық шаралардың

нәтижесінде оны республика қалаларында атмосфералық ауаның шамадан тыс

ластануы байқалып, соның нәтижесінде көптеген автомобильдер газ отынға

көшірілген, содан ұлттық экономикалық бағдарлама жасалып, оның көлік

атаулының барлығын тазартқышпен жабдықтау, мұнай және газ орындарын

экологиялық талаптарға сай игеру қарастырылған.

Эколог ғалымдардың пікірінше республикамызда жыл сайын атмосфераға

бес млн. тоннадай лас заттар шығарылады екен.  Осы жағдайлар ауаны ластай

отырып, жауын-шашынмен, қармен араласып су қоймаларына, топыраққа,

топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарлар мен адамдарға тарайды.

Өнеркәсіп өндірісінен шыққан улы қалдықтарының көбейе түсуі айналадағы

ортаға, халықтың денсаулығына да үлкен қауіп төндіріп келеді.

 

Сондықтан бізді қоршаған табиғи ортаны сақтау, оны ластанудан қорғау

әрбір адамның міндеті. Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының,

демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы жағдайын қамтамасыз ету,

материалдық өндірісті  одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін атмосфералық

ауаның қолайлы жайының сақталуына, оны қалпына келтіріп,

жақсартуға зор мән береді және осы орайда бірқатар құқықтық

шараларды жүзеге асырады. Құқықтық шаралардың ішінде «Атмосфералық

ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ерекше орын алады.

Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны

таза сақтау және оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне,

халық шаруашылығы мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада

залалды зардап туғызатын химиялық, физикалық, биологиялық және өзге

де зиянды ықпалды болғызбау және оны азайту мақсатындағы қоғамдық

қатынастарды реттеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы

заңдылықты нығайту жатады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар

қатарына Қазақстан Республикасында «Айналадағы табиғи ортаны қорғау

туралы» заңы жатады. Онда атмосфералық ауаны қорғау туралы мемлекеттік

жүйелердің қызметі мен атмосфералық ауаны қорғау туралы бірнеше ережелер

бар.

Ормандар ішінде, өзен, көлдер жағасында ауа таза болады. Сондықтан көптен

бері қалыптасып келе жатқан әдіс-көптеп ағаштар отырғызу. Олар қаладағы желдің

жылдамдығын, айқай-шуды, ең негізгісі жоғарыда айтылған газ, түтіндерді бойына

сіңіріп алады. Өз кезегінде ағаштардың өзі де қатты зардап шегеді. Мысалы,

жөке ағашы орманды жерде 400 жыл өмір сүрсе, қала ішінде

50-80 жыл ғана өмір сүруге шамасы жетеді екен.

Көшелерді көгалдандырудың, Ұлттық парктер салудың да маңызы зор. Бұл жерлерде

ауа әлдеқайда таза, адамдарға дем алуға, денсаулықты қалыпқа келтіруге, туризм және

спортпен шұғылдануға жағдай жасалынады. Өйткені өсімдік ауаның құрамындағы

көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде

оттегін бөліп шығарады. Яғни, оттегін шығарушы өсімдік болса-оны пайдаланушы

адамдар мен жануарлар. Ал көміртегін шығарушы адам мен жануарлар болса, оны

пайдаланушы өсімдік. Аулаларды, көшелерді көгалдандыруда мектеп оқушылары да өз

үлестерін қоса алады.

Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы топырақты қалпына келтіру үшін зауыттар мен

фабрикаларда түтіндер ұстап қалатын сүзгі тазалығыш қондырғаларды орнату қажет,

экологиялық таза отын түрлерін пайдалану керек және әрбір адам қоршаған ортаға

сүйіспешілікпен қараса өте дұрыс болар еді, яғни:

"Ластама, былғама

Айналанды қоршаған.

Таза тыныс, таза ауа

Сыйлайтұғын сол саған."

деп аяқтағым келеді.

Автокөлік және қоршаған орта атты жобаны 8 сынып оқушысы Зарян А. қорғайды.

Автокөлік және қоршаған орта.

Кіріспе.

Жер бетіндегі тіршілік үшін-ауа,дәлірек айтсақ, оның құрамындағы оттегі қажет. Бұл элемент тірі ағзаларды былай қойғанда,осы заманғы техниканың жұмыс істеуі үшін керек. Өйткені кез келген өндірістік қондырғылар,ұшақ,автокөлік, тағы басқаларын жүргізетін отынды жағу оттегісіз мүмкін емес. Ауаның табиғатта атқаратын қызметі алуан түрлі,атап айтқанда,күн сәулесінен келетін жарықты шашыратып,реттеп отыратын ауа сол сияқты ,ауа болмаса дыбыс таралмайды,демек біз дыбысты естімеген болар едік. Атмосфералық ауаның ең маңыздысы –озон. Ол атмосфераның жоғарғы қабатында,шамамен 20-дан 50 шақырымға дейін биіктікте күн радиациясы әсерінен түзілетін оттегінің үш атомдық түрі. Бірақ оның мөлшері өте аз. Осы аз мөлшердегі қабаттың өзі жер бетіндегі барлық тіршілікті ғарыштық сәулелердің ішіндегі тіршілік үшін қауіптісі –ультра күлгін сәулелерден қорғайды. Ультракүлгін сәулелерді озон бойына сіңіріп,жер бетіне тек шамалы бөлігін жібереді демек ,жер бетінде тіршіліктің болуы тек соған байланысты екен.

Атмосфера жер бетіндегі ауа райын белгілі бір қалыпта реттеп отырады. Атмосфера болмаса,тәулік ішінде жер бетінің температурасы шамамен 200 градусқа құбылып тұрған болар еді,яғни күндіз 100 градус шамасында ыстық болса ,түнде 100 градусқа дейін суық болар еді.

Атмосфераның тағы бір атқаратын қызметі –ылғалды жер шарына тарату. Күн сәулесі қуатының арқасында мұхит пен теңіздерден ,өзен менкөлдерден ,тағы басқа су жинақтарынан судың ауаға бу болып көтерілетіні белгілі. Міне сол суды атмосфера жер шарының түрлі аудандарына жеткізіп ,жаңбыр немесе қар күйінде жерге түсуін қамтамасыз ететін көліктің қызметін атқарады. Атмосфера ауасы өмір тіршілік үшін аса маңызды ,тіршілікке нәр береді.сондықтан атмосфераны ,ауаны ластанудан қорғау әр адамның мақсаты,міндеті болуы тиіс.атмосфераны ластаушы көздердің түрі де,ластаушылардың түрі де көп соның бірі-автокөлік екені белгілі. Күннен күнге қалаларда автокөлік санының артуы атмосфера ауасының ластануын жоғарылатып отыр. Жоба тақырыбы осы күрделі қиын проблемаға байланысты таңдап алынды.

Жобаның мақсаты автокөліктен бөлінетін зиянды заттарды анықтау.

Жобаның міндеттері:

Атмосфераның тіршілік үшін маңыздылығына әдеби шолу жасау.

Атмосфераны ластайтын көздерді қарастыру.

Автокөліктің адам өміріндегі маңызы.

Атмосфераны ластаушы негізгі көз –автокөлік екеніне талдау жасау.

Автокөліктен бөлінетін зиянды заттардың қасиеттерін оқып зерттеу.

Автокөліктен атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың түрлерін эксперттік талдау әдісімен анықтау.

Қортынды.

Ауа бассейнін ластайтын көздер және автокөліктің әсері.

1.атмосфера ауасын ластайтын көздер.

Атмосфера –бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан ,оның сапасы,тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қаббаттан тропосфера,озон,стратосфера,мезосфера,термосфера және экзосферадан тұрады. Тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшінмаңызы ерекше. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Шекарасы болмайтын атмосфера ауасының ластануы оп-оңай,әрі ластану барлық жер бетіне тез арада таралады.

Ауаның ластануы-табиғаттан және адамның іс-әрекетінен болады.табиғи ластану жанартаулар атқылауынан ,тастардың үгілуінен ,дауылдан ,орман,дала өрттерінің әсерінен болады.ірі жанартаулар атқылағанда шыққан түтін мен күл жер шарын қоршап ,атмосфераның едәуір кеңістігіне жайылып кеткендігі болып тұрған.атмосфераның табиғи әсерлермен ластануының бір белгісі,онда бактериялар,саңырауқұлақтардыңспоралары,өсімдіктерді тозаңдарды,тағы басқа адам ағзасына зиянды заттар кездеседі.атмосфера табиғи әрекетімен қандай дәрежеде ластанса да,ондағы газдардың тепе-теңдігі бұзылмайды.жер бетіндегі ауа үнемі қозғалыста болады.сол арқылы бір ауданда пайда болған улы заттарды шалғай жатқан екінші ауданға таратады.ауаның төменгі қабатының ластануы тау жыныстары мен топырақтың беткі қабатының бұзылуынан да пайда болады.кенйде ұйтқып соққан қатты жел жердің беткі қабатынан мыңдаған тонна топырақтың ұсақ бөлшектерін ауаға көтеріп әкетеді.сол себепті бір текше сантиметр ауаның құрамында ондаған мың түйір шаң-тозаң болады. Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі адам қызметінің нәтижесімен ластану. Ластайтын заттар өндірістен, автокөліктен және тұрмыстық қалдықтардан таралады. Осы лас заттар атмосфералық ауаның төменгі қабатына күнде қосылып отырады. Қазақстанда ірі-ірі өнеркәсіп орталықтары, зауыттар мен фабрикалар көп шоғарланған қалалар, мұнай-газ және т.с.с. өндірістерді айтуға болады. Оған ғарыш айлағынан ұшатын зымырандар мен автокөлік санының арта түсуін қоссақ, сонда ауаны негізгі ластаушылар белгілі болады. Ауаға шығатын заттардың химиялық құрамы пайдаланылған отынның түріне, өндірілетін өнімнің құрамына, өндірістегі технологиялық процестерге, тағы басқа жағдайларға байланысты. Мәселен, жылу электр стансалары ауаға шаң-тозаңдарды, түтіндер мен күйелерді көп мөлшерде қосады. Қуаты орташа жылу электр орталығы тәулігіне 2 мың тонна сапасы төмен көмір жағып, ауаға шамамен 400 тонна күл және 120 тонна күкірт тотығын (SO2) шығарады.

Мамандардың есебі бойынша, жыл сайын ауаға орасан көп мөлшерде зиянды газдар мен шаң-тозаңдар таралып жатады. Әсіресе, өндірістер шоғырланған жерлерде ауадағы ерекше қара түтін көзге көрініп тұрады. Оның ауаны ластаумен қатар басқа қосымша зияндары да бар. Атап айтқанда, атмосферадағы қара түтін күн сәулесінің жер бетіне дейін жетуіне кедергі жасайды, жер бетін қорғайтын озон қабатының жұқаруына үлес қосады, әр түрлі қышқылды жауындарға себепші болады.

Қазіргі заманда табиғат компоненттерінің толық дерлік өзгеруіне ықпал жасап, негізгі экологиялық проблемаларды туғызып отырған мұнай мен газ өнеркәсіптік кешендері және елді мекендер. Қоршаған ортаға бүкіл әлемде жыл сайын 3,0 млрд тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы және бір миллиард тоннадай шаң-тозаң (аэрозоль) шығып тұрады. Сонымен бірге адам денсаулығына зиян 800 түрлі зат қоршаған ортаға тарайды. Кей жерлерде олардың шектік рауалы концентрациясы (ШРК) тіпті бірнеше есе асып түседі. Адам өміріне, жалпы тірі әлемге қауіпті осынша зиянды заттарды қоршаған ортаға орасан көп мөлшерде бөліп шығаруда

2. Автокөлік әсерінің түрлері

Атмосфера ауасын ластайтын негізгі факторлардың бірі автокөлік болып табылады. Автокөлік бөліп шығаратын газдың құрамында шамамен 200 зат бар. Оның бірі түгелдей жанған немесе шала жанған көмірсутектер. Шала жанған көмірсутектер машинадан шығатын түтіннің құрамында, әсіресе көлік моторы баяу істеп тұрғанда көп бөлінеді. Сапалы бензин құйылып, тоқтаусыз жүрген көліктен бөлінетін газдың құрамында 2,7 % жанбайтын көмірсутегінің тотығы болады. Машина жылдамдығын баяулатқан кезде оның мөлшері 6,9 %-ке дейін артады. Бұдан машинаны баяулатып жүру жиі болғандықтан, қала ауасына көміртегінің тотығы көп бөлінетіні шығады. Бұл зат адам ағзасына енетін болса, қан гемоглабинімен байланысып, оттегінің ұлпаларға жеткізілуіне кедергі жасайды.Бүгінгі таңда автокөлік көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы көзге жатады. Көптеген мәлеметтерге қарағанда бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектердің толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышыныкінен анағұрлым жоғары екені анықталған.Машина газының құрамында альдегидтер бар. Бұл заттардың өткір иісі болады. Бұдан басқа да газ құрамында азот тотығы, ажырамаған көмірсутектері – гексан, пентан болады. Бір литр бензинде бір грамм тетроэтил-қорғасын болады. Бұл затты АҚШ 1923 жылдан бері бензинге қосады. Содан бері қоршаған ортада қорғасын қалдығы көбейіп келеді.Автокөлік адамның еңбегін оңайлатып, қимылын тездететін жақсы жағымен бірге, уланатын зиянды жағы тағы бар. Бір жеңіл машина жылына төрт тонна оттегін сіңіріп, бөліп шығаратын газымен бірге шамамен 800 кг көміртегінің тотығын, 40 кг азот тотығын және 200 кг әр түрлі көмірсутектерін бөліп шығарады.Қазақстан Республикасының көп қалаларының ауа бассейні автокөліктерден шығарылған зиянды заттармен ластанып отыр. Мәселен, автокөліктерден бөлінетін қоқыс заттар қалалар бойынша мынандай көрсеткішке жеткен: Қостанай – 119,4 мың т, Оңтүстік Қазақстан – 87,3 мың т, Алматы – 53,6 мың т.Соңғы жылдардың мәліметтері бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт қостотығы және фенол, формальдегид, азот қос тотығы қалыпты деңгейден 1-4 ШРК-ға жеткен. Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларында байқалады. Ауадағы аммиак пен фенолдың мөлшері Теміртауда – 2,3 ШРК, Петропавлда – 3 ШРК, Астанада фторлы сутегі 4 ШРК мөлшерін көрсетуде. 1 сурет. Көліктердің түрлері. Автомобильдің қоршаған ортаға әсерлерін жағымды және жағымсыз деп екіге бөліп көрсетуге болады. Әрбір жағымды әсердің түріне бір жағымсыз әсерді сәйкес келтіруге болады. Мәліметтер 1 кестеде көрсетілген.

1 кесте. Автомобильдің қоршаған ортаға әсері

Жағымды әсерлер

Жағымсыз әсерлер

Сауданың, саяси, мәдени байланыстардың дамуы

Атмосферадағы газ және энергетикалық тепе-теңдіктің бұзылуы

Ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру, жұмыс орындарын беру

Атмосфераның, пайдалы қазбалардың, тұщы су қорларының сарқылуы

Өндірістік процестерге көліктің енгізілуі, тауарлар өндірісінде жаңа айналыстардың қысқаруы (тауарлардың жылдам жеткізілуі)

Жол-көлік оқиғаларында тірі ағзалардың зардап шегуі

Жеке тұлғаның еркіндігі мен тәуелсіздігін сезінуі

Биологиялық қорлардың, соның ішінде өсімдік, жануар және адамның улануы

Қолайлы жағдайда өмір сүру мүмкіндігінің жоғарылауы

Қозғалысқа қатысушылардың күйзелісте болуы

Жеке тұлғаның тіршілік кеңістігінің кеңеюі

Аумақтарды бөлу есебінен өмір сүретін кеңістіктің азаюы

Тұтынушы үшін әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуге қол жетімділік

Ландшафттың биологиялық өнімділігінің қысқаруы

Тауарлардың кең түрлеріне,  өнімдерге дәл дайын болған кезінде қол жеткізуді қанағаттандыру

Қала құрылыстары мен ауылдық ландшафттар үйлесімінің бұзылуы

Тез жүруден қуанышқа бөлену, қолайсыз ауа-райы жағдайындағы комфорт және қолайлы болу

Автокөліктер байланысты салықтар мен шығынның өсуі

1 кестеде автокөліктің жағымсыз әсерлері бөлімінде жол-көлік оқиғаларында тірі ағзалардың зардап шегуі; аумақтарды бөлу есебінен өмір сүретін кеңістіктің азаюы; ландшафттың биологиялық өнімділігінің қысқаруы; қала құрылыстары мен ауылдық ландшафттар үйлесімінің бұзылуы сияқты мәліметтер келтірілген. Бұл мәліметтер автокөліктер жүру үшін арнайы жолдар салу мәселесін меңзейді. Демек, автокөлік зияны тек бөлінетін зиянды заттардан ғана емес. Арнайы жолдар салу ландшафтты бүлдіреді, оның өнімділігін төмендетеді, кейбір биологиялық ағзалардың өсіп-өнуіне зиян келтіреді екен. Автокөлікті пайдаланудың қаншалықты зияны бар болса, пайдасы да бар. Автокөлік адам өміріне әбден араласып, сіңіп кетті. Адам баласы енді оны өз өмірінен алып тастауға қадам жасай алмайды. Қайта көліктің небір жетілдірілген түрлерін шығаруға талпынуда. Жетілдірілген көліктер экологиялық таза отынды пайдаланатын, яғни қозғалтқыштардың басқа экологиялық таза түрлерімен жабдықталған болып шығуы маңызды. Сонда көліктің атмосфераға, өзіміз демалатын ауаға зияндары азаяды.



ТӘЖІРИБЕ БӨЛІМІ

Атмосфераны ластаушы негізгі көз – автокөлік. Автокөліктен бөлінетін зиянды заттардың қалдықтары белгілі бір уақыт аралығында атмосфераға қалдық газдардан бөлінетін ауаның негізгі ластаушы заттарының мөлшерімен сипатталады. Бөлінетін ластаушы зиянды заттарға жататындар: көмірқышқыл газы, жанбай қалған отын – көмірсутегі және азот тотығы, күйе. Атмосфераға көліктен түсетін зиянды зат қалдықтарының мөлшерін есептеу әдісімен бағалауға болады. Қалдықтар мөлшерін есептеуге қажетті мәліметтер – бөлініп алынған көлік жолынан уақыт бірлігінде өтетін әр түрлі көліктердің саны. Қалалық жерде көліктің жұмсайтын отынының орташа мөлшері (нормасы) 1 кестеде берілген.

Көліктің түрі

Отын шығынының орташа нормасы(әр 100-ге 1 л)

Отынның меншікті шығыны  (1 км-ге 1 л)

Жеңіл көлік

11-13

0,11-0,13

Жүк машинасы

29-33

0,29-0,33

Автобус

41-44

0,41-0,44

Дизельді жүк машинасы

31-34

0,31-0,34

Отынның түріне қарай көліктен бөлінетін зиянды қалдықтарды анықтайтын эмпирикалық коэффиценттің мәні 2 кестеде келтірілген.

2 кесте.

Отынның түрі

Коэффициенттің мәні, К

Көмірқышқыл газы

Көмір сутегі

Азот қостотығы

Бензин

0,6

0,1

0,04

Дизельді отын

0,1

0,03

0,04

.меркі ауылының



бақылау жүргізуге қолайлы көше исмаилова бойынан ұзындығы 0,5 – 1 км болатын

автобазадан ,аужан жанармай бекетіне дейінгі аралық таңдап алынды..

• • . Осы учаске арқылы 20 минут бойы жүріп өткен автокөліктердің саны мынандай болды

3 кесте.

Автокөліктің түрі

Саны

20 мин

1 сағ саны,   Ni

1 сағ жалпы жол, L, км

Жеңіл автомобиль

 

 507

 1521

 0,5 км

Жүк автомобилі

 

 5

 15

 0,5 км

Автобустар

 

15 

 15

 0,5 км

Дизельді жүк автомобилі

 

12 

 36

 0,5 км



Автокөліктің 1 сағаттағы санын 20 минуттағы санын 3-ке көбейту арқылы табуға болады.

 Тәжірибе жасау мақсатында меркі аулының ішінен бақылауға ыңғайлы көше таңдап алынды..бақылау барысында әр түрлі көліктің өтуі және олардың жиі өтуі есепке алынды. Ауыл ішіндегі және орталықтағы көшелермен ереже бойынша әдетте жүк машиналары жүрмейді. Олар көбінесе сыртындағы көшелер мен пайдаланады  • Жүріп өткен көлік саны көп болған сайын бөлінетін улы заттардың мөлшері де көбейетіні дәлелденді.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1.   Атмосфераның тіршілік үшін маңыздылығына әдеби шолу жасалды.

2.  Атмосфераны ластайтын көздер қарастырылды.

3.  Автокөліктің адам өміріндегі маңызы және келтіретін зияндары қарастырылды.

4.  Атмосфераны ластаушы негізгі көз – автокөлік екеніне талдау жасалды. 

5. Автокөліктен бөлінетін зиянды заттардың қасиеттері оқып-зерттелді. 

6. Автокөліктен атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың түрлерін экспрестік талдау әдісімен анықталды.

ҰСЫНЫС:

  • 1. Экологиялық таза отын пайдаланатын автомобиль қозғалтқыштарын жасаса….

  • 2. Экологиялық таза жанар майлар ойлап табылса…

  • 3. Қазіргі автокөліктерден бөлінетін зиянды заттарды ұстап қалатын сүзгіштер орналастырылса…

  • 4. Арнайы сүзгіштерсіз көліктердің жүруіне тиым салынса…

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  • 1. Экология, 9 кл. Оқулық.

  • 2. С.В.Алексеев, Н.В.Груздева и др.Практикум по экологии: Учебное пособие/ под ред. С.В.Алексеева.-М.: АО МДС, 1996.-192 с.

  • 3. А.Ж.Ақбасова, Г.Ә.Саинова. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.-Алматы: «Бастау» баспасы, 2003.-292 б.

Тақырыбы: Көлік қозғалысының атмосфераға, адам денсаулығына кері әсері

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік тынысы.Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан, оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге тең келмейтін биосфераның құрамдас бөлігі.. Атмосфера бірнеше қабаттан тропосфера, озон, стратосфера мезосфера термосфера және экзосферадан тұрады. Тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Шекарасы болмайтын атмосфера ауасының ластануы оп оңай әрі ластану барлық жер бетіне тез арада - ақ таралады.

Ауаның ластануы табиғаттан және адамның іс әрекетінен болады. Табиғи ластану жанартаулар атқылауынан, тастардың үгілуінен, дауылдан орман, дала өрттерінің әсерінен болады. Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі адам қызметінің нәтижесімен ластану.Ластайтын заттар өндірістен автокөліктен және тұрмыстық қалдықтардан таралады.Осы лас заттар атмосфералық ауаның төменгі қабатына күнде қосылып отырады.Қазақстанда ірі ірі өнеркәсіп орталықтары, зауыттар мен фабрикалар көп шоғырланған қалалар, мұнай газ т.с.с өндірістерді айтуға болады.

Оған ғарыш айлағынан ұшатын зымырандар автокөлік санының арта түсуін қоссақ, сонда ауаны негізгі ластаушылар белгілі болады. Ауаға шығатын заттардың химиялық құрамы пайдаланылған отынның түріне, өндірілетін өнімнің құрамына, өндірістегі технологиялық процестерге, т.б . жағдайларға байланысты. Қазіргі заманда табиғат компоненттерінің толық дерлік өзгеруіне ықпал жасап, негізгі экологиялық проблемаларды туғызып отырған мұнай мен газ өнеркәсіптік кешендері мен елді мекендер. Қоршаған ортаға бүкіл әлемде жыл сайын 3, 0 млрд тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы 1 млрд тоннадай шығып тұрады. Шикі мұнай өзінің табиғатқа әсері жағынан бензинге жақын.

Мұнайдың буы онша зиян болмағанымен, сұйық мұнай адам денесіне әртүрлі тері ауруларын қоздырады (экземе) ; Бензин мен керосин адам ағзасына тыныс жолдарымен кіріп, одан ішек қарын арқылы қанға өтеді. Сөйтіп орталық жүйке тамырына әсер етеді, уландырады, кейде соңы өлімге апарады (ШРК дан асып кетсе); Көмірдің тотығы (СО) исі мен дәмі жоқ иіссіз газ. Жұмыс істейтін аймақта оның ШРК мөлшері – 20 мг/ м3. Егер концентрациясы 300 ден 600 мг/м3 болса адам жеңілдеу уланады, 1800 мг/м3 болса қатты уланады, ал 3600 мг/м3 де 2-3 рет тыныс алғанда - ақ адам өліп қалады. Азот тотығы қанды улайтын түссіз газ. Орталық жүйке тамырына тікелей әсер етеді. Азоттың қос тотығы тұншықтыратын исі бар, қоңыр түсті газ.

Ауадағы концентрациясы 10 мг/м3 болғанда иісі сезіледі, 80 м3 кубқа жетсе, тамақты жыбырлатып, ауыздан су ағады 200-300 мг/м3 концентрациясы адам өміріне қауіпті. ШРК – 5 мг/м3 Атмосфера ауасы өмір тіршілік үшін аса маңызды, тіршілікке нәр береді. Сондықтан атмосфераны ауаны ластанудан қорғау әр адамның мақсаты, міндеті болуы тиіс. Атмосфераны ластаушылардың түріде көп -ақ. Соның бірі автокөлік екені белгілі.

Атмосфера ауасын ластайтын негізгі факторлардың бірі автокөлік болып табылды. Автокөлік бөліп шығаратын газдың құрамында шамамен 200 зат бар. Оның бірі түгелдей жанған немесе шала жанған көмірсутектер. Шала жанған көмірсутектер машинадан шығатын түтіннің құрамында, әсіресе көлік моторы баяу істеп тұрғанда көп бөлінеді.



Сапалы бензин құйылып, тоқтаусыз жүрген көліктен бөлінетін газдың құрамында 2, 7% жанбайтын көмірсутегінің тотығы болады.Машина жылдамдығын баяулатқан кезде оның мөлшері 6, 9% -ға дейін артады.Бұдан машинаны баяулатып жүру жиі болғандықтан қала ауасы көміртегінің тотығы көп бөлініп шығады. Бұл зат адам ағзасынан енетін болса, қан гемоглобині мен байланысып, оттегінің ұлпаларға жеткізілуіне кедергі жасайды.

Ластауыштардың адам денсаулығына әсері:

1 Қоқыстар Респираторлық аурулар , өкпенің ісігі

2 Көмірсутектер және ұшып жүретін органикалық қосылыстар Ісіктер пайда болады

3 СО – тұншықтырғыш газ Ойлау қабілетінің төмендеуі , ұйқышылдықтың пайда болуы , бас ауруы , жүрек соғуы, тез дем алу , ұрықсыз қалу , миакард инфаркті

4 NO2 – азот оксиді Респираторлық аурулар , жаңа ісіктердің пайда болуы , ишеми ауруы

5 SO2 – күкірт оксиді Респираторлық аурулардың күшеюі

6 Қорғасын және басқа ауыр металдар Қан азаюы, есінің жоғалуы, соқыр ауруы , гипертония , жүйке ауруы.

7 О3 – озон Шырышты қабықты тітіркендіру

8 Қышқылдар , негізінен күкіртті және азотты Демікпе ауруы жиіленеді

9 Кешенді әсер : фотохимиялық түтін (смог) Бас ауруы , жүрек айну , көздің кілегей қабығын тітіркендіру , тамақты тітіркендіруі , өкпе аурулары күшеюі , қолқа демікпесі т.б

Сондықтан да менің мынадай ұсыныстарым бар;

1) Экологиялық таза жанармайлар ойлап табылса......

2) Қазіргі автокөліктерден бөлінетін зиянды заттарды ұстап қалатын сүзгіштер орналастырылса.....

3) Арнайы сүзгіштерсіз көліктердің жүруіне тиым салынса......

4) Салауатты өмір салтын қалыптастыруда автокөлік орнына велосипед қолданылса.....

5) Велосипед жүргізуге арналған жолдар және оған арналған тұрақтар салынуы қарастырылса.....

6) Экологиялық таза отын пайдаланатын автомобиль қозғалтқыштарын жасаса.....

Құрметті оқушылар біз бүгін қоршаған ортаның көліктерден ластануы жэне олардың зияндығы туралы талдау жасауға жиналып отырмыз.осы мәселені біздің республикамыздың әр аймақтарындағы жағдайы туралы біздің тілшілеріміз айтып береді.талдауымыз обьективті болу үшін біз ғалымдарды,экологтарды дәрігерлерді шақырдық. Конференцияға қатысушылардың сөйлегендерін эксперттер бағалайды.эксперттерге сұрақтар қоюға және өзінің пікірін айтуға болады. Сонымен сөз тілшілерге беріледі.

Қоршаған орта министрі:

Атмосфераның ластану мәселесі дүние жүзі бойынша ең бір актуалды мәселе болып отыр. Антропогенді әсер ету экологиялық мәселенің басты себебі. Дегенмен атмосфера табиғи ортаның ең бір негізгі жүйесі болса , оның тазалығы адам денсаулығына аса қажетті жағдай ретінде есептеледі.барлы0 зиянды заттар атмосфера арқылы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ ,сұйық, немесе қоспа түрінде топырақ,су,бетінде келіп,одан адам организіміне түседі.қоршаған ортаны ластайтын елдер тізімінде қазақстан көшбасында.статистика адам шошытарлық. Мәселен еліміз ауаға зиянды қалдықтар жайылуы жағынан ресейден 37,ақштан 60, германиядан 75, асып түскен.ең сұмдығы елімізде жыл сайынғы газ шығаырындылары орта есеппен -280 тоннаны құрайды.ал таза ауаға күніге мініп жүрген автокөліктердің тигізетін кесірі көп.гәп көліктің қозғалтқышында. Зиянды газ шығаратын құрал дәл осы .әсіресе дизельді қозғалтқыштардың зардабы орасан. Жанармайды аз жағатын ,экономикалық тұрғыдан тиімді қондырғыда улы газдың мөлшері 100есе көп болады.тіпті өкпені ірітіп,жібереді екен. Ондағы 0,1 миллиграммның өзі адам ағзасына түссе сеспей қатырады.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы:

Біз өкілетті органдармен бірлесіп рейдтік тексеру жүргіздік автокөліктердің зиянды шығарындар нормативтеріне сәйкестігі аспаптармен өлшенді. Сондай –ақ ауа неғұрлым ластанған жерлерден сынама алынып ,атмосфералық ауаның жай күйіне талдау жасалды.бұл мәселені талдауда қазақстан қалаларының ішіндегі ауа ластануының жоғары деңгейін бірінші орынды Алматы қаласы,екінші орынды Шымкент қаласы иеленді. Оған қаладағы көліктер санының көптігі себеп болып отыр. Жыл өткен сайын автокөлік саны артуда.

Ауаның ластану деңгейі индексі бойынша 5-тен аз немесе оған тең болса-төмен,5-7-артқан, 7-14 жоғары,14 болса өте жоғары болып есептеледі

Өткен жылы Жамбыл облысында ауаға тараған лас қалдықтар көлемі 5 пайызға, яғни 82, 7 мың тоннаға артқан. Тараз, Шу, Жаңатас, Қаратау қалалары мен Қордай ауылында шаң концентрациясы мен азот диоксиді, фтор, формальдегидтің артуы байқалады. Сол себепті де облыста тыныс жолдарының ауруына шалдыққандар саны артып барады. Облыстың әрбір төртінші тұрғыны осы кеселдің құрығына тұсалған. Оған мемлекеттік органдар тарапынан бақылау жасалмай отыр. Оның үстіне меморгандардың өздері экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық заң талаптарын өрескел бұзады. Автокөліктерден шығатын лас ауаның тарауы 79 пайызға бір-ақ артқан.

Автокөліктерден шы­ғатын улы түтін қалыпты мөлшерден асып кеткен.

«Жол қауіпсіздігі туралы» Заң бойынша, техникалық ақауы бар автобустардың жолға шығуына тыйым салынады делінген. Бірақ жолаушы тасымалдаушылар заңды белінен басқан. Облыс бойынша жыл сайынғы міндетті техникалық тексеруден 143 мың автокөлік өтеді. Осындай ау­қымды жұмысты атқаратын жол поли­циясында бір ғана газанализатор бар болып шықты. Оның өзінде де оның пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Ал аудандарда мұндай аппарат мүлдем жоқ. Жол полициясы арнайы құрылғылармен жарақтанбаған.

2-тілші..

Қалалық елді мекендердегі ауа бассейндерінің ластану деңгейі жоғары . автокөліктерден шығарылатын зиянды заттардың жылдық мөлшері : Қостанайда 119,4 мың т , Шымкентте 87,3 мың т , Алматыда 85,0 мың т , Павлодарда 74,7 мың т , Көкшетауда 53,6 мың тонна . Қалдық заттардың құрамындағы көмірсутек диоксидінің мөлшері 70-80 пайызды құрайды .

Инспектор : Ауаның ластануы дегеніміз не ? Бұл сауалға жауап алу үшін ғалымдарға сөз кезегі беріледі.,. Ластауыштардың көбі қатты , сұйық және газды түрдегі химиялық заттар болып келеді. Олар ресурстарды пайдалану және қайта өңдеу кезіндегіқалдықтарынан пайда болады. Ластану сондай-ақ энергияның қажетсіз таралуынан да , мысалы артық жылу , шу және радиациядан болады.

1-ғалым. Қала ауасының ластануының негізгі көздері болып : автокөліктер Атмосфералық ауаның ластануы табиғат ортасының жағдайына әсер етеді. Себебі ол жерде өлі және тірі ағзалардың өзара қатынастары өзгереді. Мұндай күрделі құбылыстарды экологтар зеттейді

1-эколог. Ауа мұхиты өзін-өзі ластауыштардың бір бөлігі стротосфераға кіреді. Ірі және майда розольдік бөліктер , газдардың көбі бұлтты суда еріп , жаңбырмен бірге жерге түседі.

Инспектор. Біз атмосфераның ластануы не екенін білдік . Ал ол расында өмірге қауыпті ме ? Бұл сұраққа дәрігерлер жауап береді.

Дәрігер. Мен дәрігер ретінде шынымен ауаның ластануы адам денсаулығына әсер етеді деп айта аламын. Мысалы осы жамбыл облысын алып қарайтын болсақ облыста өкпенің ісігі, бас ауруы, жүрек соғуы,жаңа ісіктердің пайда болуы,қан азаюы, гипертония ,жүйке аурулары әсіресе демікпе ауруы жиіленіп,, өкпе аурулары күшеюі , қолқа демікпесі т.б



Инспектор; автоөліктерден шығатын зиянды заттарды азайту үшін қандай шаралар қолданылады?

2-эколог қоршаған ортаны қорғау мәселесін толық шеше алмайды. Қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін таяу болашақта барлық қалаларға кіре беріс жерлерде экологиялық бекеттер құрылады,экологиялық талапқа сай келмеген автокөліктер қалаға кіргізілмейді. Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету –тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты. Сондықтан қазіргі таңда жанармай аз жұмсалатын үлгілері жасалып ,бензинді сұйытылған газдар мне алмастыру,бензиннің орнына биожанармай мал азықтық қызылша,жүгері,өсімдік майларын пайдалану қолға алынуда.

Сонымен ,қандай ұсыныстарың бар:

1.экологиялық таза отын пайдаланатын автомобиль қозғалтқыштарын жасаса.

2.экологиялық таза жанармайлар ойлап табылса.

3.қазіргі автокөліктерден бөлінетін зиянды заттарды ұстап қалатын сүзгіштер орналастырса.

4.арнайы сүзгіштерсіз көліктердің жүруіне тыйым салынса.

Қорытынды;

Ғылым мен техниканың дамыған кезеңі адам баласы үшін экологиялық мәселелердің туындап , шиеленісуіне әкеліп соқтырды. Сондықтан қазіргі заманда қоршаған ортаны қорғау өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Адамзат тіршілігіне төніп тұрған экологиялық апатқа қарсы тұру үшін жаппай экологиялық білім қажет.Ауаның , судың және топырақтың тазалығын сақтау қазіргі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады. Мұның өзі адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты . Экологиялық бақылауды күшейту қоршаған атмосфералық ауаның ластануын азайтып,қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік береді.

Тазалық-денсаулық кепілі демекші әрбір адамзаттың айналадағы ортаны таза,ұқыпты ұстауы оның міндеті болып саналады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"АВТОК?ЛІК Ж?НЕ ?ОРША?АН ОРТА."

Автор: Мухамедярова Г?лшат Жакановна

Дата: 06.12.2014

Номер свидетельства: 140008


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства